
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
5. Техникалық сипаттама Жарнама
♦ «Техникалық сипаттама» тақырыбына арналған сұрақ-жауаптармен танысыңыздар, рөлге бөліп оқыңыздар.
- Техникалық сипаттама деген не?
- Техникалық сипаттама дегеніміз агрегат, машина, станоктардың қысқаша немесе кеңінен берілген сипаттамасы.
- Инженер техникада қолданылатын агрегаттарға, машиналарға, станоктарға техникалық сипаттама беруге үйренуі керек пе?
- Иә. Инженер техникалық сипаттама беруге үйренуі керек.
- Инженер не үшін техникалық сипаттамаларды білуі керек?
- Қолданылатын техниканың күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін инженер техникалық сипаттаманы білуі керек.
♦ Төменде берілген техникалық сипаттамалармен танысыңыздар. Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша бір құрылғыға техникалық сипаттама жазыңыз.
1) Алматы – Бішкек әуе желісінің техникалық сипаттамасы
Кернеу 500 кВ
Желінің аты Алматы – Бішкек
Ұзындығы, км 300
Аралықтың орташа ұзындығы, м 300
Фазаның құрылмасы 3хАС330/43 шеткі
3хАС400/51 ортаңғы
Арқансым 2хТК11,0
Оқшаулағыш 1х28 ПС120Б
1х25 ПС160В
1х24 ПС 120 Б
Аралық тіректер түрі ПБ 500-5Н
ПБ-4
ПБ-4У
Анкерлік бұрыштың тіректері У-2
УХ-2у
Климат жағдайлары С=10,15,20 мм
Y= 30,35,39 м/с
2) АКП-8 (АКБ-8) агрегаттарының техникалық сипаттамасы
Өнімділігі, дана/ауысымына 30
Теспенің (отверстие) диаметрі, мм 42
Теспенің тереңдігі, мм 2200
Арбаның жүк көтергіші, кг 400
Ең жоғары жүру жылдамдығы, км/сағ 15
Манипулятордың бұрылу бұрышы, град. – 45...0...+45
Салмағы 17000
Басқарушылар саны, адам 1
3) Мына үлгіге қарап, өз компьютеріңізге сипаттама жазыңыз.
Характеристика компьютера:
Процессор: Intel Core 2 Duo 2,66 GHz 6mb C2L
Материнская плата: ASUS P35
Оперативная память: RAM 2 GB DDR3
Жесткий диск: Seagate 2x250 GB Raid 1
Видеокарта: Video Card GeForce 9800 GT 512 Mb 256 bit
Оптический привод: DVD-RW ASUS
FDD/ Multimedia KMP
Монитор: LCD 19’ Samsung 2ms
ИБП: UPS 1000 VA
Принтер: HP Laser Jet 1005
Антивирус: Kaspersky AVP 7.0
♦ Жарнама
Сөздік
жарнама мәтіндері тілі – язык рекламных текстов
көркемдік әсер – художественное воздействие
ұйымдастыру мәселесі – организационный вопрос
ресми қолдау табады – официально поддерживается
тұтынушы – потребитель
басты ерекшелігі – главная особенность
нақты мәселелерді шешу құралы ретінде – в качестве средства решения
конкретных вопросов
қызығушылығын арттыру – повышение интересов
дамуы нәтижесінде – в результате развития
♦ Мәтінді оқып, аударыңыз.
1) «Жарнама – спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге
арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі. (ҚСЭ. 4т.)
2) жарнама дегеніміз – белгілі бір фирма, тауар, оның сапасы немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың жариялануы.
Жарнамалар БАҚ арқылы беріледі, сондай-ақ сыртта ілінетін жарнама, көліктердегі жарнама, сауда орындарындағы жарнама, мәдени және спорт шараларын өткізу кезінде берілетін жарнамалар болады.
Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты – жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс.
Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуда. Қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы қазір мемлекет тарапынан ресми қолдау табады.
Жарнама мәтінінде сөз ерекше қызмет атқарады, демек, « сөз – күллі фактінің киімі». Жарнаманың әсерлілігі тұтынушының жарнамаланған зат туралы анық түсініктеме алуына байланысты.
Жарнамалық стиль «көпқабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы мәтін сөйлеу стилінде құрастырылады. Жарнама тілінің басты ерекшелігі - әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану.
Жарнамалар арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді талғап, орынды жұмсау керек.
♦ Мәтінді оқып, түсінуге тырысыңыз.
Национальные особенности делового общения
Одна из западноевропейских фармацевтических компаний решила поставить партию нового болеутоляющего препарата в арабские страны. Препарат хорошо раскупался на европейском континенте. Для рекламы в Европе использовались три картинки: на первой была изображена женщина, кричащая от боли, на второй – она же принимала лекарство, на третьей – после приема препарата боль прошла, и она изображалась в расслабленном, спокойном состоянии. Рекламу, которая не требовала пояснений, решили оставить. Через некоторое время обнаружили, что препарат вообще не покупается в арабских странах. О том, что там читают справа налево разумеется знали, но о том, что это относится и к картинкам, просто не подумали. Без учета культурной специфики смысл рекламы оказался прямо противоположным: женщина принимает предлагаемое лекарство, после чего кричит от боли.
Мына хабарландыру жарнамалармен танысыңыздар, олардың қай уақытта жазылғанын айтыңыз.
1. «Жақында Торғай облысында орысша оқудың қазақ арасында көбейгенінен сөйлейтін һәм Торғай облысының картасы бар жаңа кітап басылып шықты. Шығарған – Васильев, аламын деушілер оны шығарған Торғай облысының военный губернаторының кеңсесіндегі советник Васильевке барсын», - деп
жазылған жарнама «Торғай» газетінде жарияланған.
2. «Айқап» журналында «Жаңа шыққан кітаптар» деген тақырыпта «Жастық жемістері» қазақша өлеңмен басылған. Шығарушысы - «Айқап» оқушыларына белгілі - Әкірам Ғалымов. Ішінде әдемі-әдемі өлеңдер бар. Өлең оқуды сүюшілердің алып оқулары тиіс;
3. Ұмытылған «Қалқаман-Мамыр» қазақ тілінде тарихи хикая. Шәкәрім
Құдайбердіұғлы. Бұл кітапта қазақта мұнан 190 жыл бұрын болып өткен бір уақиға қисса қылып өлеңменен жазылған. Оқушыларына әсерлі, көркем кітап. Алдырушылар Семипалатта «Ярдам» кітапханасынан алдыруға болады». деген хабарландыру жарнамалар берілген.
«Қазақ сусындары» сусыны арнайы өңделген айраннан дайындалады. Біздің «Бидай көже» сусынымыз 2005 жылғы 7-ші Халықаралық Көрме Бірлестігі Қазақстан республикасының өндірушілерінің арасында ең жақсы деп аталатын бас жүлде «Гран-При» алды. Табиғи өскен бидайдан адамның ағзасына қажетті дәрумендерді алуға болады. Олар В, С және Е дәрумендер тобына және ферменттер мен микроэлементтерге бай. Зат алмасуға, иммунитетті көтеруге, жүйке жүйесін және тістерді қатайтуға жәрдемдеседі. Қысымды қалыптастыруға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар арықтауға да көмектеседі. |
|
|
1 - тапсырма. Жоғарыдағы үлгіге қарап, мына фирмалардың өнімдерін жарнамалаңыздар.
1. «Рахат» кондитерлік фабрикасы.
2. «Фуд мастер» сүт тағам өнімдері.
3. «Беккер» ет, шұжық тағамдары.
2 – тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.
1. бұқаралық 2. жанама 3. жарнама 4. тығырыққа 5. мерзімді 6. фирманың 7. спорттық 8. мәдени |
□ баспасөз □ шара □ жарыстар □ ақпарат құралдары □ беделі □ жарнама □ тіреген □ тарихы |
♦ Өзіңіз оқып жүрген / жұмыс істеп жүрген ЖОО-ны жарнама жасап көріңіз.
а) конкурс. Презентация
Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
Қаржы – финансы
Лауазымдық – должностное
Талап – требование
Үміткер – кандидат
Жұмыс өтілі – рабочий стаж
Болжамдар – прогнозы
Бос орын – вакансия, вакантная позиция
Сауалнама – анкетирование
♦ Конкурс мәтінімен танысып, өзіңіздің құжаттарыңызды реттеп көріңіз.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаментінің директоры, лауазымдық жалақысы – 25000 теңге. Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғары экономикалық немесе қаржылық білім бойынша жұмыс
өтілі 5 жылдан кем емес;
- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;
- ғылыми дәрежесі болғаны дұрыс;
- компьютермен жұмыс істей білу (Word, Excell).
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
- өтініш;
- сауалнама;
- жеке іс парағы;
- диплом көшірмесі;
- денсаулығы туралы анықтама;
- еңбек кітапшасының көшірмесі;
- 3 х 4 өлшемді фотосурет;
- мекенжайы туралы мәлімет;
- түйіндеме.
Мына мәтіндерді аударыңыздар.
Холдинг «Фудмастер» объявляет конкурс на вакантную позицию в г. Есик:
Электрик КИПиА
Требования: Высшее техническое образование, опыт работы не менее 3-х лет, навыки обеспечения бесперебойной работы электрооборудования и КИПиА для производства стандартной и качественной продукции, активность, умение работать в команде. Желательно знание английского языеа. Проживание в г. Есик и наличие автомобиля - предпочтительно.
Kcell
Инженер по контролю качесва сети
Требования: в/о техническое, знание телекоммуникационного оборудования, знание радиосети GSM стандарта, знание ОКС №7, продвинутый пользователь компьютера, знание офисных приложений : Excel (построение таблиц и графиков, «макросы») и Power Point (создание эффективных презентаций), приветствуется знание основ программирования, особенно знание Delphi, Visual Basic, навыки решения проблем, готовность к командировкам.
Обязанности: Контроль за производительностью и качеством сети с помощью специальных приборов и программ. Выполнение выборочных проверок качества связи на местах. Участие в проектах компании.