
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.
Сөздік
қолхат – расписка
берілген – выданный
куәландыру – удостоверяю
Тараптардың қолы – подписи сторон
міндеттенемін – обязуюсь
үш дана етіп жасалған – составлено в трех экземплярах
басқа талабым жоқ – других претензий не имею
несие – ссуда
қарыз – долг
жекеменшік – собственность
♦ Мына тіркестерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Қолхат беру, нотариусқа бару, нотариустың қолы, қолхат берілген орын, Ішкі істер министрлігі, жасалған келісімшартқа сәйкес, алынған ақшаның пайызы, төлеп тұруға міндеттенемін, еклісімшартта көрсетілген, басқа талабым жоқ.
♦ Қолхат үлгілерімен танысыңыздар.
Алматы қаласы, 2006 жылғы он бесінші наурыз
Мен, азамат Кереев Мұса, мекенжайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10-пәтер, жеке куәлігі № 707584, Қазақстан Республикасының
ІІМ берген, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 11-үй, 85-пәтерде тұратын азамат Тұрсынов Болаттан жеке куәлігі № 203156, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, 150000 теңге (бір жүз елу мың) қарызға алдым.
2006 жылғы 10 наурызда жасалған келісімшартқа сәйкес ай сайын алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісімшартта көрсетілген.
2006 жылғы 15 наурыз қолы
Қолхат
Мен, Жоланова Зарина, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.
2005 жылғы 15 қазан қолы
♦ Берілген тақырыптарға қолхат жазыңыз.
- қарызға ақша алу;
- мекеменің машинасын уақытша пайдалануға алу;
- жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану;
- мекеменің бухгалтериясынан несие алу.
♦ Сенімхат
Сөздік
сенім білдірілген тұлға – доверенное лицо
сенім білдіруші – доверитель
жеке тұлға – физическое лицо
заңды тұлға – юридическое лицо
лауазымды тұлға – должностное лицо
жеке сенімхат – личная доверенность
күшін жою – терять силу
жеке басы – личность
іс-әрекетке қабілеттілік – дееспособность
мемлекеттік салық – государственная пошлина
мәміле жасау – совершать сделки
төлем – платеж
құндылық – ценность
салым – вклад (банковский)
Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат. Сенімхаттың екі түрі бар:
- кәсіпорындарға берілетін ресми;
- азаматтарға (жеке тұлғаларға) берілетін жеке.
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, тауар-материалдық құндылықтарды алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:
- ұйымның атауы;
- ұйым туралы анықтамалық деректер;
- құжат түрінің атауы;
- құжаттың тіркеу нөмірі;
- құжаттың мәтіні,
- лауазымды тұлғалардың қолы;
- кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде:
- сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
- сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
- іс-әрекет түрі;
Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.
Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтардың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктердегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақшалай және сәлемдемені алуға беріледі. Атап көрсетілген сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді, кдрлар бөлімінің инспекторы қолын растаса жеткілікті. Жеке сенімхаттың мынадай деректемелері болады:
- құжат түрінің атауы;
- құжаттың күні,
- мәтіні ( сеніп тапсырушы, сенімді тұлға және сенімхат бойынша іс-әрекеттің түрі көрсетіледі);
- сеніп тапсырушының қолы және оның талдамасы;
- сенімхатты растаған лауазымды тұлғаның қолы;
- сеніп тапсырушы жұмыс істейтін ұйымның немесе тұратын жері бойынша тұрғын үй – пайдалану ұйымының мөрі.
Сенімхат, әдетте, онда көрсетілген іс-әрекетті өткізу мерзіміне беріледі.
Егер сенімхаттың мерзімі көрсетілмесе, онда ол өз күшін берілген сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды. Сенімхатты берген күн көрсетілмесе, онда ол жарамсыз болып табылады.
Сенімхат 3 жыл сақталады.
♦ Екі қатарды сәйкестендіріңіз
сенімхат төрт айға дейін құқығын бердім
нотариалдық кеңсенің қабілеттілігі
менің қатысуым тіркелді
қол қою алынды
өтініш жазуға дауыстап оқылды
құқықтық іс-әрекеттерге өкілетті еттім
тізбеге кезінде
салық нотариусы
сенімхаттың мәтіні өз күшінде
♦ Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыз.
Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сенімхаттың мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сенімхаттан бас тарту.
♦ Есте сақтаңыз:
Қ.Досановты менің атымнан өтініш жазуға өкілетті етемін.
Қ.Досановқа менің атымнан өтініш жазуға құқық беремін
♦ Сенімхат үлгілерімен танысыңыздар.
Пәтерді жекешелендіру жөніндегі
СЕНІМХАТ
2005 жылғы 15 тамыз, Алматы қаласы
Мен, азамат Өскенбаев Жәнібек, жеке куәлігі / паспорт № 203654, мекенжайым – Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 16-үй, Алматы қаласы, Н. Тілендиев көшесі, 21-үй, 14-пәтерде тұратын азамат Төлендиев Тұрарға Алматы қаласы, Торайғыров көшесі, 16 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.
Бұл үшін Төлендиев Тұрарға менің атымнан өтініш жазу, қажетті құжаттар мен анықтамаларды, жекешелендіру құжаттарын алу, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу, мүлік иесі ретінде мен үшін салық инспекциясында өкілетті болу, осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-әрекеттерге мен үшін қол қою құқығын беремін.
Өскенбаев Жәнібек
Осы сенімхатты 2005 жылғы 15 тамызда мен, «Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Досжанова Бақыт, тіркедім.
Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өскенбаев Жәнібек қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.
№ 52/45 тізбесіне тіркелген.
Мемлекеттік салық алынды.
Нотариус
(Мөрдің орны)
СЕНІМХАТ
Мен, Әлжанов Кеңес, АЭжБИ-дің электрэнергетика факультетінің 3 курс студенті, Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 10-үй, 55-пәтерде тұратын Ерлан Жанботаевқа мамыр айының маған тиесілі стипендиясын алуына сенім білдіремін.
Әлжанов Кеңес (қолы)
Әлжанов Кеңестің қолын растаймын??
(мекеменің мөрі) айы, күні, жылы.
♦ Мына тақырыптарға сенімхат жазыңыз.
- айлықты басқа адамның алуы туралы;
- машинаны уақытша пайдалану құқығын ініңізге беру туралы;
- кеден бөліміндегі заттарыңызды алу туралы;
- хат-хабарларды алу туралы;
- банкідегі есептерді пайдалану туралы;
- тұрғын үйді сату құқығын беру туралы.
♦Анықтама
Анықтама – белгілі бір мәселе бойынша мәтін немесе кесте түрінде хабар беретін құжат. Анықтаманың екі тобы болады: бірі қызметтік сипаттағы жағдайларды анықтап, мүдделі тұлғалар мен кәсіпорындарға беріледі, екіншісі атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері т.б. мәліметтерді растайды.
♦ Төмендегі анықтама үлгілерімен танысыңыздар:
АНЫҚТАМА
Осы анықтама азамат Әлібек Нұржанұлына берілді. Әлібек Нұржанұлы Алматы қалалық көлік департаментінде экономист болып жұмыс істейді.
Анықтама Бостандық аудандық салық инспекциясы үшін берілді.
Алматы қалалық көлік
департаментінің бастығы А.Салықов
2005ж. 15 ақпан.
АНЫҚТАМА
Осы анықтама Ахатова Назымның Алматы энергетика және байланыс институты электрэнергетика факультетінің 2-курсында оқитынын растайды.
Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.
Электрэнегетика факультетінің деканы В.И.Денисенко
2008 ж. 25 қазан.
♦ Жоғарыдағы үлгі бойынша бірнеше анықтама жазыңыз.
1. Болат Алтайбайұлы, Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 18-үй, 55-пәтерде тұрады. Анықтама әскери комиссариатқа керек.
2. Қайрат Өскенбайұлы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, тіркеу бөлімінің бастығы. Жалақысы – 30000 теңге. Анықтама «Заңғар» сауда үйінің бухгалтерия есеп бөліміне керек.
3. Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытқызы Айдананың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде оқитынын растау үшін керек.