
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
3. Функционалдық стильдер
♦ Мына қанатты сөздерді (афоризмдер) ұғынып, жаттап алыңыз.
Әдеп басы – тіл.
(М.Қашқари).
Сәлем – сөздің анасы.
Сөздік
бейімделеді – адаптируется
түзіледі – составляется
жүзеге асады – осуществляется
әдетте – обычно
бейресми – неофициально
тұрмыстық сөйлеу тілі – бытовая разговорная речь
жұмсалатындығын білдіреді – означает применение, использование
құралы ретінде – в качестве средства
♦ Мына анықтауыштық тіркестерді аударыңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
Арнаулы сөз құрылымдары; негізгі принциптері; белгілі сала; әдеби тіл; стильдік тармақтар; оқу-ағарту саласы; тұрмыстық қатынас; қоғамдық қатынас саласы; тілдік қатынас; ресми (бейресми) түр; кітаби тіл.
♦ Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Тіл қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет етеді де, белгілі бір салаға бейімделеді. Сол салада жиі қолданылатын сөздердің сөздігі, арнаулы сөз құрылымдары, мәтін құрудың негізгі принциптері түзіледі.
Әдетте қоғамдағы мұндай саланың бес түрі бар. Осы салалардағы қарым-қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильдік тармақтары арқылы жүзеге асады:
- ғылым, білім, оқу-ағарту саласы – ғылыми стиль;
- құқықтық сала, заңнама т.б. – ресми іс қағаздар стилі;
- көркем өнер саласы – көркем әдебиет стилі;
- қоғамдық саяси сала – публицистикалық стиль;
- тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі.
Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанмен, негізінен олар екі үлкен салаға бөлінеді:
а) қарым-қатынастың бейресми түрі;
б) қарым-қатынастың ресми түрі.
Қарым-қатынастың бейресми түрі сөйлеу тілі арқылы, ал ресми түрі кітаби тіл арқылы жүзеге асады. Өз кезегінде сөйлеу тілі тұрмыстық сөйлеу тілі және қарапайым сөйлеу тілі болып бөлінеді.
Ал кітаби тілге а) ресми іс қағаздар стилі; б) ғылыми стиль; в) көркем әдебиет стилі; г) публицистикалық стиль жатады.
Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стиль деген жалпы атпен аталады. Функционалдық сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізгі белгілерінің бірі олардың әрқайсысына тән, жылдар бойы қалыптасу, даму нәтижесінде пайда болған дайын тілдік бірліктердің, стандарттардың болуы.
Функционалдық стильдер нормасы – оның негізгі сипат белгілерінің бірі. Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма – тілдің өзі ұсынған тәртіп. Яғни тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолданылу нормалары болады. Бүгінгі тіл мәдениеті – айтуда да, жазуда да дұрыстықтың, сауаттылықтың, жүйеліліктің, қолайлылықтың болуы. «Тіл мәдениетінің өзегі – норма туралы ұғым» дейді академик Р.Сыздықова. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өмірі, яғни экстралингвистикалық факторлар үлкен рөл атқарады.
Әр функционалдық стиль - өз тақырыбы, өз жанры, өз лексикасы мен фразеологиясы бар әдеби тілдің ықпалды бір саласы.
Іс қағаз жанрларының төмендегідей негізгі ерекшеліктері бар:
а) ресми сипаты;
б) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі;
в) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы;
г) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі,
д) шешілетін мәселе ауқымының шектеулі болуы;
е) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы;
ж) құрылым тұрақтылығы т.б.
Қай мамандық иесі болмасын сөйлеу мәдениетін жақсы меңгерсе, яғни тілдің дыбыстық жүйесін, сөздің мағыналық қырларын, тұлғалық құрылымдарын, сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын әдеби тілдің нормаларына сай қолдана алса, оның сөзі өтімді болады.
♦ Мына сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз:
Тілдік норма – .................... .
Тілдік қарым-қатынас екі үлкен салаға бөлінеді: ........ .
Әдеби тілдің стильдік тармақтары: ....... .
Кітаби тілге ........................................ .
Сөйлеу тілі ........................ .
Стандарт тілдік бірліктер.
Сөздік
ұтымды жағы – оптимальность
үнемді – экономично
анық – четко
мәтін мазмұнын ашу – раскрыть содержание текста
жиі қолданылуы нәтижесінде – в результате частого использования
қажетті шарт – необходимое условие
аңдатпа – аннотация
тапсырыс – заявка
лауазым – должность
♦ Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Стандарт тілдік бірліктерді ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде тануға болады. Оның ұтымды жағы:
а) қолданысқа дайын;
б) үнемді;
в) үйреншікті.
Іс қағаздарында жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді формасына қарай стандарт сөздер, стандарт сөз тіркестері, стандарт құрылымдар, стандарт сөйлемдер және стандарт мәтіндер деп топтастыруға болады.
Іс қағаздар тіліндегі стандарт сөздерге ең алдымен іс қағаздарының атаулары жатады: анықтама, аңдатпа, куәлік, бұйрық, жарғы, жарлық, жолдама, заң, ұсыныс, үзінді, хаттама, өкім, өмірбаян, түйіндеме, тізімдеме, қаулы, қарар, ереже, нұсқау, жоспар, пікір, тапсырыс, бағдарлама, өтініш, арыз, төлқұжат, хат, сенімхат, қолхат, түсініктеме, мәлімдеме, мінездеме, сауалнама, хабарлама, хабарландыру, баяндама, акт, шарт, келісім, шешім, келісім т.б.
Іс қағаздарының бірқатары мәтінінің белгілі бөлігі алдын-ала дайындалып, тек қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады. Мұндай құжаттарда негізінен атау тұлғада келетін стандарт сөздер қолданылады. Мысалы: аты-жөні, ұлты, азаматтығы, лауазымы, мекенжайы, қолы т.б.
Бекітілсін, орындалсын, шешілсін, рұқсат етілсін, босатылсын, тағайындалсын, тексерілсін т.б. бұйрық рай тұлғалы стандарт сөздер жеке тұрып та, тіркес түрінде де іс қағаз мәтіндерінде жиі қолданылады.
. Етістікті сөз тіркестерінде шешуші рөлді етістік атқарады.
Мысалы, анықтама алу, анықтаманы көрсету, айып төлеу, өтініш жазу, баяндама жасау, кезектен тыс демалыс беру, маман даярлау, жарғы қабылдау, жоспар жасау, жобаны талқылау, заң талаптарын орындау, заң талаптарын жүзеге асыру т.б.
Мына құрылымдарды еске сақтаңыздар. Іс қағаздар тіліне тән негізгі ерекшелік - құжат мәтінінде қолданылатын сөйлемдердің белгілі бір бөлігінің немесе толық құрылымының стандартқа айналуы. Мысалы:
Айтылған мәселеге байланысты шара қолданып, нәтижесін хабарлауыңызды сұраймын.
Қажетті мәліметтерді жіберуіңізді сұраймын.
Мен үшін қол қоюға өкілетті етемін.
Сенімхатқа менің көзімше қол қойылды.
Мекеме заңды тұлға болып табылады.
Үкімет қаулыларын басшылыққа алады.
♦ Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.
Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістігі іс қағазының барлық түрлерін дерлік машинамен өңдеуге жағдай туғызып отыр. Қазіргі замандағы іс қағаздарының барынша стандартталуы, бірізденуі (унификация) іс қағаздар мәтінінің ерекше түрін – трафареттік мәтіндерді тудырды. Кез келген мекемеде іс қағаздарын жүргізу барысында трафаретті мәтіндерді қолдану өте тиімді екендігін неше жылғы тәжірибе көрсетіп отыр. Стандарт мәтіндерге бланк, формуляр, кесте, сауалнама сияқты белгілі бір формаға түсірілген құжаттар мен мәтіні трафаретті болып келетін немесе мазмұны қайталанып келетін мәтіннен тұратын іс қағаздарының анықтама, түйіндеме, өмірбаян, сенімхат, қолхат, бұйрық т.б. түрлері жатады.
♦ Адам сөзін қолданылу орнына қарай жұптастырыңыз:
Телефон станциясында жолаушы
Үйде оқырман
Ресми құжатта тұтынушы
Ауруханада студент
Шаштаразда абонент
Қызмет орнында ата-ана
Кітапханада клиент
Қоғамдық көлікте азамат
Ательеде науқас, емделуші
Коммуналдық қызмет үшін маман, қызметкер
Жоғары оқу орнында тапсырыс беруші