Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky_kniga.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
180.7 Кб
Скачать

Роботтар құқықпен қамтылмақ

 

Роботтарға қатысты қатыгездікті болдырмайтын американдық қоғам (ASPCR) «Роботтар да адам! Болмаса олар да бір кезде адам болады» деген ұранды алға тартады. ASPCR-лықтардың пікірінше, кез-келген саналы жаратылыс, соның ішінде, жасанды дүниелер де өмір сүруге, тәуелсіздікке және білімін жетілдіруге құқылы. Бұл орайда жасанды роботтардың гуманоид тәрізді болуы ешқандай шартты емес. Қоғамның әзірге көздеп отырған мақсаты - жұртшылықты алдағы уақытта кәдімгідей ойланып, толғана алатын роботтар жасалған кезде  кездесетін мәселелерден хабардар ету.

Әрине, қазіргі заманғы ASPCR-дің жұмысы маңызды мәселеден гөрі күлкілі әрекетті елестетуі әбден мүмкін. Сөйте тұра, оның ар жағында күрделі нәрсе бой көрсететіндей. Өйткені, 1890 жылдары басқа бір американдық компания «Жануарларға қатысты қатыгездікті болдырмау қоғамын» құрған кезде күлкіге қалған болатын. Ал бүгінде аталған компания – халықаралық деңгейде мойындалған, көптеген елдерде бөлімшелерін ашқан, жылына бірнеше ондаған миллион долларлық айналымы бар ұйым.

                                                                                         («Зерде» журналынан)

Үзіндіні аударыңыз

Трансформатором называется электромагнитный аппарат, который преобразует переменный ток одного напряжения в переменный ток другого напряжения.

Трансформаторы широко применяют в системах передачи электрической энергии от электростанций к производственным предприятиям, городам и сёлам. Они позволяют значительно повысить напряжение (до500-800кВ) источников переменного тока, установленных на электрических станциях. Благодаря этому уменьшаются потери энергии в проводах и обеспечивается значительное уменьшение площади сечения проводов линий электропередач. В местах потребления электроэнергии напряжение высоковольтных линий электропередач понижается при помощи трансформаторов до 380, 220 и 127 В. При этих напряжениях работают потребители электрической энергии, установленные на фабриках, заводах и в жилых домах. Таким образом, электрическая энергия при передаче ее от места производства к месту потребления преобразуется несколько раз.

 

Мәтінді керекті сөздермен толықтырып, оқыңыз, аударыңыз

Қанатты парашюттер

 

Әуе кемесін жасаушылар туындыларын парашютпен жабдықтау мәселесіне бас қатырып жатқанда, Альбан Гайслер деген немістің өнертапқышы парашютистер үшін қанат жасауды қолға алды. Көміртекті талшық негізінде жасалған дельта тәріздес қанат парашютистің арқасына ілінеді. Осындай амалмен еркін түсуді үш есеге дейін азайтуға болады екен. Біраз жаттығу-машықтану жұмыстарынан кейін онымен әуе кеңестігінде маневр жасауға да болатын көрінеді. Жерге жақындаған бойда спортшы парашютін ашады. Жасалым жетілдірілу үстінде.

                                                                                    («Зерде» журналынан)

Мәтінді аударыңыз

Теледидар семіртеді

 

Колумбия университетінің ғалымдары бөлмелерінде теледидар тұрған балалардың көпшілігінің артық салмақ жинауға бейім келетінін аңғарды. Олар 5 жасқа дейінгі әр түрлі салмағы ауыр 2800 ұлдар мен қыздарды зерттеп байқаған. Нәтижесінде олардың 40%-ының ұйықтайтын бөлмесінде теледидар тұрғаны мәлім болған. Осы мәлімет балалардың қалыптан тыс салмақ арттырудағы айқын көрсеткіштің бірі ретінде танылған. Өйткені, психологиялық әсерді айтпағанның өзінде физиологиялық дамудың белсенді сатысында тұрған жас организм өзіне қажет қозғалыс көлемін толықтыра алмайтынға ұқсайды.

Бір қызығы, кішкене балалар көгілдір экраннан көз алмауға тез дағдыланады екен. Кішкентай кезінен сәбиді телетәуелділіктен құтқармаса, жас адамның тұла бойындағы ақаулардың ауқымы арта береді деседі зерттеушілер.

                                                                                     («Зерде» журналынан)

 

Бос орынға жақшадағы сөздерді аударып, сәйкес формада қойыңыз

Әр түрлі ................... (обмоток) шектен тыс қызуын болдырмау ............. (в целях) орамадан өтетін токтардың .................... (самый большой) максимал мәндерінің мөлшері  ...................... (назначен). Бұл ............. (металла) балқу ..................... (температура) (3660 С) және механикалық ........ (прочность) өте жоғары ..................... (бывает). Жасанды жарықтандыру құрылғыларының .............. (среди) ең кең тарағаны – металл қыл сымды электр ................. (накаливания) шамы. Мұндай ............ (в лампе) өткізгіш ток ................ (силой) ақ шоқ болғанша .................... (нагревается) да, соның салдарынан жарық (излучает). ...................... (проводников) электрмен қыздыру әрқашанда ................. (полезный)  қолданыс таба бермейді. .......... (эту лампу ) 1873 жылы А.Н. Лодыгин .................... (изобрел).

 

Мәтінді аударыңыз

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]