
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
Жартылай өткізгіштік диод p-n ауысуынан немесе Шотки түйіспесінен тұрады. Жасалу негізі балқыту немесе диффузия технологиясына негізделген. Балқыту технологиясы бойынша жартылай өткізгіш бетіндегі қоспа балқытылып, ыстық вакуум пешінің ішінде p-n ауысуын құрайды. Осы алынған ауысуды ауасы жоқ корпус ішіне орналастырып, екі жағынан анод пен катод электродтарын шығаратын болсақ, диодымыз дайын болды деп есептеуге болады.
Полупроводниковый диод состоит из p-n перехода или контакта Шотки. Технология изготовления основана на плавлении или диффузии. При сплавной технологии на поверхности полупроводника расплавляется примесь, p-n переход образуется внутри горясей вакуумной печи. В таком переходе внутри корпуса нет воздуха, выводится два электрода – анод и катод.
Орыс тілінен қазақ тіліне аудармасы:
1986 год можно назвать историческим для компьютерной индустрии. Именно тогда была основана корпорация Intel, начавшая свой жизненный путь с разработки микропроцессора Intel 4004. Именно тогда сотрудник американского исследовательского центра Xerox Palo Alto Research Center Алан Кей представил компьютерному сообществу идею переносной вычислительной машины, которая должна была бы иметь размеры блокнота, хранить на внутренних носителях всю необходимую пользователю информацию, обладать плоским и тнким экраном и уметь работать в беспроводных сетях будущего.
1986 жылды компьютерлік өндіріс үшін тарихи деп атауға болады. «Intel» корпорациясы осы уақытта ашылған болатын, Intel 4004 микропроцессорын өңдеуден өзінің өмірлік жолын бастаған еді. Сол уақытта Xerox Palo Alto Research Center американдық зерттеулік орталықтың қызметкері Алан Кей компьютерлік қоғамдастығына тасымалдау есептеуіш машина туралы ойын ұсыныс етіп, машина қойын дәптеріндей мөлшерде болу керек, пайдаланушыға барлық керек ақпаратты ішкі тасымалдаушыларда сақтау керек, экраны жазық және жіңішке болу керек және болашақта сымсыз желілерде жұмыс істей алу керек.
Мәтінді аударыңыз
Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
ISDN қызметіне енімнің екі деңгейі бар:
- Негізгі деңгейдің енімі (ISDN BRI);
- Кеңейтілген деңгейдің енімі (ISDN PRI).
ISDN BRI, кәдімгі телефон желісінде пайдаланылатын мыс жұбы негізінде құрылған байланыс желісі (U–интерфейс) арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пайдаланушының ақырғы құрылғысына дейін өткізу қабілеттілігі 144 КБит/с-ке тең цифрлық синхронды мәлімет беру арнасы жасалынады. Берілген жылдамдық үш арнаны мультиплекстеуден: тарату жылдамдығы 64 Кбит/с-тік екі В-арнасынан (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік D-арнасынан (Delta channel) құрылады. Арнайы протоколдар мен интерфейстердің көмегімен тарату жылдамдығын 384 Кбит/с –қа дейін арттыруға болады. Мұның өзі теледидарлық сапасы бар толықэкранды бейнеконференция өткізуге мүмкіндік береді.
В-арналары арқылы пайдаланушының ақпараты беріледі. Ақпараттар: дауыстық байланыс, бейне немесе мәліметтер болуы мүмкін. D-арнасы ISDN желісіне қосылған пайдаланушылардың ақырғы құрылғыларының жұмысын үйлестіретін қызметтік сипаттағы ақпаратты береді. Сондай-ақ D-арнасымен мәліметтер қаттамасы түріндегі пайдаланушылық ақпаратты беруге болады.
Сондай-ақ ISDN-ті құруда импульсті-кодалық модуляция техникасына негізделген тез жылдамдықты магистральдық цифрлық арна пайдаланылады.
Т1 арнасымен өткізгіш жұбы арқылы 1,544 Мбит/с жылдамдықпен цифрлық сигналдар таратылады. Бұл сан келесі түрде алынады. Т1 арнасы АҚШ стандарты болып табылатын ИКМ-нің 24 арнасы арқылы мәліметтер беруді қамтамасыз етеді. Сигнал мынадай тәртіппен мультиплексияланады: әуелі ИКМ-нің бірінші арнасынан мәліметтердің 8 биті, сосын екінші арнадан 8 бит т.с.с. беріледі. 24-арнадан кейін кадрдың бір бит-бөлгіші қосылады. Сонда кадрдың ұзындығы 24*8+1=193 бит болады. Осындай кадрлардың секундына 8000-ы беріледі және жалпы жылдамдығы 153*8000 = 1540000 бит/с болып шығады.
Еуропа мен Ресейде құрамына 30-ы пайдаланушылар мәліметтері үшін және 2-уі қызметтік сипаттағы ақпаратты беру үшін ИКМ-нің 32 арнасы (жалпы жалдамдығы – 2,048 Мбит/с) кіретін басқа Е1 стандарты қабылданған. Демек, магистральда бір мезгілде әрқайсысының өткізу қабілеттілігі 64 кбит/с-тық 30 телефон арнасы жұмыс істейді. Осыған байланысты PRI кеңейтілген деңгейі енімінің құрамына 32 арна кіреді: оның 30-ы жылдамдығы 64 Кбит/с-тік негізгі қатынау трактының В-арнасына эквивалентті, бір арна синхрондауды жүзеге асырады, ал қалған D-арнасы (64 Кбит/с) ақпараттық В арналарының желі ішілік өзара әрекеттесуін жүзеге асырады.
Сәйкес қосымшаны белгілеңіз
Жылдамдық.....тан/пен/та таратылады; синхрондау.... ды/да/дың жүзеге асырады, енімнің құрам.......ға/ына/нан 32 арна кіреді: Е1 стандарт....ы/ын/ының қабылданған; арна....ны/н/ның мультиплекстейді; мәліметтер беру...ді/де/ден қамтамасыз етеді; арттыру...да/ға/дан болады.
Сұрақтарына қарап, бос орынға қажетті қосымшаны қойыңыз
Пайдаланушылардың ақырғы құрылғылары..... (ненің) жұмысы; қызметтік сипат........ (қандай) ақпаратты беру үшін; екі В-арнасы...... (неден) (Bearer channels) және 16 Кбит/с-тік D-арнасынан (Delta channel) құрылады; кадр....... (ненің) ұзындығы 24*8+1=193 бит болады; бір мезгілде (қашан) 30 телефон арнасы жұмыс істейді; мәліметтер беру....(нені) қамтамасыз етеді; өзара әрекеттесу....(нені) жүзеге асырады; Е1 стандарт.... (не) қабылданған; негізгі енім трактының В-арна......(неге) эквивалентті; сигнал мынадай тәртіп.......(немен) мультиплексияланады.
Үзіндіні аударыңыз
Вращающееся магнитное поле статора, пересекая проводники обмотки ротора, индуцирует в них эдс. Если обмотка ротора подключена к какому-либо сопротивлению (в том числе и очень малому), то по ней под действием индуцируемой эдс протекает ток. В результате взаимодействия тока в обмотке ротора с вращающимся магнитным полем обмотки статора создается вращающий момент, под действием которого ротор начинает вращаться.
Частота вращения ротора, равная частоте вращения магнитного поля, называется синхронной.
Частота вращения ротора, не равная частоте вращения магнитного поля, называется асинхронной.
Асинхронные электрические машины отличаются от синхронных тем, что рабочий процесс в них может протекать только при асинхронной частоте, т.е. при частоте вращения ротора, не равной частоте вращения магнитного поля.
Мәтінді оқып, аударыңыз