Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky_kniga.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
180.7 Кб
Скачать

Сұйық май сүзгісіз тазаланады

 

«Изопьюр Флюид Технолоджиз» деп аталатын американдық бір фирма автомобиль қозғалтқыштарындағы жұмыс істеп болған майды тазартудың жаңа әдісін ұсынды. Ұсыныс бойынша тазаратын май теңдей екіге бөлінеді. Сонан соң оның бір бөлігі оң зарядталған пластина үстімен, екінші бөлігі теріс зарядталған электрод бетінен өткізіледі. Осы кезде маймен бірге оның құрамындағы бөгде заттар – ластар да екі түрлі зарядталады. Содан соң майларды қайтадан біріктіреді. Нәтижесінде әр түрлі зарядталған бөлшектер бір-бірімен тартылысып, ірі-ірі түйіршіктерге айналады. Ал майды ондай түйіршіктерден тазалау аса қиын шаруа емес.

Жаңа әдістің ұтымдылығы сол, ол 0,1 микроннан кіші бөлшектерді де жинақтай алады. Ондайды ең кіші деген сүзгілердің өзі де қамтамасыз ете алмайды.

                                                                                   («Зерде» журналынан)

Сұрақтарға жауап беріңіз

Американдық фирма қандай әдіс ұсынды?

Әдіс қандай принципке негізделген?

Жаңа әдістің ұтымдылығы неде?

 

Үзіндіні қазақ тіліне аударыңыз

Отличаясь простотой конструкции и обслуживания, асинхронный двигатель, как и любая электрическая машина переменного тока, состоит из двух основных частей: статора и ротора. Статором называется неподвижная часть машины, ротором  -  ее вращающаяся часть.

Действие трехфазного асинхронного двигателя основано на использовании явления вращающегося магнитного поля, это поле создается при питании трех обмоток, оси которых сдвинуты одна относительно другой на угол 120°. Эти обмотки расположены на неподвижной части машины – статоре. Их соединяют в звезду или треугольник, подключая к сети трехфазного переменного тока.

 

Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз

бағытын

уақытын

жабдықталған

 үшін

 айырмашылығы

 арналған

Мұсылмандарға арналған телефон

 

Малайзияда мұсылмандарға ________ ұялы телефон шығарыла бастады. Бұл байланыс құралының өзі тектес басқа аппараттардан ____________ сол, оның дисплейі қай кезде де және қай жерде де Меккенің ________ нұсқап тұратын көрсеткішпен ____________ . Телефон иесі солтүстікке жүзін қаратып, өзі келген қаласының атын аппаратына енгізсе болғаны, телефонның экранында қасиетті қаланың қай жақта екенін көрсететін сызық пайда болады. Намаз оқушылар ________ бұл нағыз таптырмас құрал. Ал Малайзиялық тағы бір байланыс компаниясы аппараттарына кішігірім төлем үшін күніне 5 рет болатын намаз _______ ескертіп тұратын қызмет түрін де ұсынуда.

                                                                                 («Зерде» журналынан)

Сұрақтарға жауап беріңіз

Малайзияда қандай ұялы телефон шығарыла бастады?

Бұл телефонның басқа телефондардан айырмашылығы қандай?

Бұл телефон мұсылмандарға қандай қызмет көрсетеді?

Мұсылмандарға намаз оқуда бұл құралдың қандай көмегі бар?

Малайзиялық байланыс кәсіпорындары тағы қандай қызмет түрлерін ұсынуда?

 

Етістіктер қандай септіктегі сөздерді қажет етеді

Үлгі:  Химиялық қосылыс.....  (нені)  бөліп шығарады.

Майлар үш топ..... бөлінеді.

Майды қышқыл....... өңдейді.

Майлар сынақ...... өткізіледі.

Жекелеген бөліктер әр түрлі температура..... қайнайды.

Трансформаторлық майлар күш трансформаторлар......., майлы оқшаулағыштар...... т.б. пайдаланылады.

Сонан соң су....... жуып, кептіреді.

 

Сөйлемдердің баяндауыштары қандай формада тұруы керек? Таңдаған нұсқаңызды түсіндіріңіз

Минералды май мұнайды бөлшектеп айыру  әдісімен алады/алынады. Мұнайдан жасалған майларды үш топқа бөлінеді/бөледі. Олардың химиялық құрамы мұнайдың құрамымен анықтайды/анықталады. Солярлы май қышқыл және сілтімен өңдейді/өңделеді. Одан химиялық тұрақсыз қосылыстарды бөліп шығарады/шығарылады. Трансформаторлық майларды күш трансформаторларында, майлы оқшаулағыштарда пайдаланылады/пайдаланады. Жаңа трансформаторлық майлар трансформатор мен аппараттарға құюдан бұрын сынақтан өткізіледі/өткізеді.

 

Үзінділердің аудармасын тексеріңіз, қате болса, оның себебін көрсетіңіз, дұрыс баламасын беріңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]