
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
Өлеңге лайық шаңсорғыш
Осыдан бір ғасыр бұрын болғанда ақындар «иесі жоқ көк жәшік» жайлы өлең жазар ма еді, кім білсін. Ал бүгінгі ақындарды жаңа техниканың жетістіктері таңғалдыра қоймайды. Олай дейтініміз, таяуда LG компаниясы шаңсорғыштың жетілген түрін жарыққа шығарды. ROBOKING деген тұрмыстық техниканың соңғы үлгісі өзінің жұмыс процесіне адамның араласуын қажет етпейді деуге болады. Аппарат алдын ала жасалған бағдарлама бойынша және дистанциялық басқару арқылы тазалау жұмыстарын атқарады. Жаңа шаңсорғыш «негізгі», «тез», «тыныш» тәртіптермен тапсырмаларды орындайды. Пәтер ішінде ROBOKING өздігінен қозғалады және аккумулятордағы зарядты да өзгенің көмегінсіз толтыра алады.
(«Зерде» журналынан)
Сөйлемдердегі бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз
Пәтер ішінде ROBOKING өздігінен қозғалады.
Аппарат тазалау жұмыстарын дистанциялық басқару арқылы атқарады.
Жаңа шаңсорғыш «негізгі», «тез», «тыныш» тәртіптермен тапсырмаларды орындайды.
LG компаниясы шаңсорғыштың жетілген түрін жарыққа шығарды.
Ақындар «иесі жоқ көк жәшік» жайлы өлең жазар еді.
Мына сөздердің мағынасы жағынан жақын жұптарын жазыңыз
Орындау -
Жайлы –
Өзге –
Жарыққа шығару –
Бүгінгі –
Таяуда –
Қажет етпейді –
Мәтінді керекті қосымшалармен толықтыра отырып, оқыңыз, неге қандай қосымша қойғаныңызды түсіндіріңіз
Телекамералы тоңазатқыш
«Электролюкс» деп ата.. швед фирмасы ішінде телекамерасы бар тоңазытқыш жаса... шығарды. Тоңазытқыш иесі кез келген компьютерден, тіпті керек де..., ұялы телефонның экранынан интернет арқылы «салқындатқыш сандығының» ішіндегі тағамдарды көр... ал... болады.
Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз
дейін
астарына
талшықтарын
шығара
болса
екен
жарамақ
бастады
шаруашылығы
Қауырсыннан қағаз
АҚШ ауыл ________________ министрлігінің мамандары құстардың қауырсынына жаңа қызмет іздей ________ . Себебі – жасанды заттардың тым көбейіп кетуінен АҚШ-та жылына екі миллион тоннаға _____ құс қауырсындары қоқысқа шығады екен. Енді мамандар күрке тауық қауырсынының _________ нейлон талшықтарымен араластырып жаңа мата ________ бастады. Ол матаны ұйықтау қапшықтары мен сыртқы киімдердің _________ пайдалануға болады. Сондай-ақ, тазаланып, ультрадыбыспен өңделген қауырсындар су тазартқыш сүзгі ретінде де кәдеге ________ . Қауырсын талшықтарынан қағаз, қаптағыш пленка жасау әрекеттері де жоқ емес. Салыстырмалы түрде, қоқыстағы полиэтилен 200 жылда толығымен жойылатын ______ , қауырсыннан жасалған пленка 10-12 күннің ішінде ыдырап кетеді _____ .
(«Зерде» журналынан)
Мәтінді аударыңыз
Аккумулятор
Аккумулятор деп химиялық процестер нәтижесінде электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұру қабілеті бар аспапты атайды.
Аккумуляторларда да, гальваникалық элементтердегі сияқты, электр тогы химиялық процестердің салдарынан болады. Бірақ гальваникалық элементтердің аккумуляторлардан айырмашылығы ондағы алынған химиялық қосылыстар сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып, алғашқы күйіне келтіріле алмайды. Сондықтан гальваникалық элементтерді бастапқы, ал аккумуляторларды - туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды.
Электролит құрамы мен тіліктері материалдарына байланысты аккумуляторларды қышқылдық және сілтілік деп бөледі.
Қарапайым қышқылдық аккумулятор электролитке батырылған екі қорғасын тіліктерінен (электродтардан) тұрады. Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су. Басқа көзден берілетін тұрақты ток электролит арқылы өтіп, оны құрамдық бөліктерге ыдыратады. Электролит ішінде ток көзінің теріс қысқышына қосылған тілігіне қарай сутегінің оң иондарының қозғалысы, ал ток көзінің оң қысқышына қосылған тілікке қарай оттегінің теріс иондарының қозғалысы пайда болады.
Электролиз нәтижесінде оң электродтың қорғасыны тотығады да, теріс электродта кеуекті қорғасын пайда болады. Осылайша электр энергиясы химиялық энергияға түрленеді де, аккумулятор зарядталады. Химиялық энергия белгілі мерзім бойы сақтала алады және керек кезінде электр энергиясына оңай түрлендіріледі.
Егер аккумуляторды ток көзінен ажыратып оны қандай да болмасын энергия тұтынушыға қосса, онда аккумулятордың өзі гальваникалық элементтерге ұқсап ток көзіне айналады.
Қышқылдық аккумуляторларда электролит ретінде белгілі тығыздығы бар күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады. Ерітінді тығыздығы деп қаралып отырған ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.
Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз
Ерітінді тығыздығы деп қаралып отырған ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.
Аккумуляторларда электр тогы химиялық процестердің салдарынан болады.
Гальваникалық элементтерді бастапқы, ал аккумуляторларды - туынды немесе қайтымды элементтер деп атайды.
Қышқылдық аккумуляторларда электролит ретінде белгілі тығыздығы бар күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылады?
Электролит құрамы мен тіліктері материалдарына байланысты аккумуляторлар қышқылдық және сілтілік аккумуляторлар деп бөлінеді.
Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су.
Электролит ішінде сутегінің оң иондарының қозғалысы, оттегінің теріс иондарының қозғалысы пайда болады.
Анықтаманың бірнеше түрін беріңіз
Үлгі: Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын қабілеті бар аспапты атайды. Аккумулятор деп электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап аталады. Аккумулятор дегеніміз - электр энергиясын белгілі бір уақыт аралығында жинайтын және сақтап тұра алатын аспап.
1. Ерітінді тығыздығы деп ерітінді массасының осындай көлемдегі су массасынан қанша есе көп екендігін көрсететін санды айтады.
2. Сырттан берілген токтың салдарынан қайтадан ыдыратылып алғашқы күйіне келе алмайтын элементтерді гальваникалық элементтер деп атайды.
3. Электролит - аздап күкірт қышқылы қосылған су.
Үзінділерді қазақ тіліне аударыңыз
Если в магнитном поле постоянного магнита или электромагнита поместить проводник и под действием какой-либо силы перемещеть его, то в нем возникает ЭДС. При подключении этого проводника к какому-либо приемнику энергии в замкнутой цепи под воздействием ЭДС будет протекать ток.
Если через проводник пропустить ток, то в результате взаимодействия тока, проходящего в проводнике, с магнитнм полем создается электромагнитная сила. Под воздействием этой силы проводник начнет перемещаться в магнитном поле.
Асинхронные электрические машины. Наиболее широкое распространение получил трехфазный асинхронный двигатель, впервые сконструированный известным русским электриком М. О. Доливо – Добровольским (1862-1919).
Мәтінді аударыңыз