
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
♦ Мына жіктеу есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құраңыз: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
♦ Тәуелдік жалғауын еске түсіріп, мына сөздерді тәуелдеңіз: Ат/есім, аты-жөні, әке, шеше, ата, жағдай, хал/қал, жұмыс, кәсіпорын. Үлгі: танысым, танысың, танысыңыз, танысы,танысымыз, таныстарың, таныстарыңыз, таныстары.
♦ Берілген сөйлемдерді назар салып оқып шығыңыз. Денсаулық сөзінің фонетикалық негізінің өзгерісіне көңіл бөліңіз.
Менің денсаулығым жақсы.
Сенің денсаулығың жақсы.
Сіздің денсаулығыңыз жақсы.
Оның денсаулығы жақсы.
Біздің денсаулығымыз жақсы.
Сендердің денсаулықтарың жақсы.
Сіздердің денсаулықтарыңыз жақсы.
Олардың денсаулықтары жақсы.
Мұндай өзгерістердің қ,к,п қатаң дыбыстарына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда болатынын ескеріп, денсаулық сөзінің орнына мамандық, кәсіп, бұйрық,бастық, жарлық, көмек, құқық, жабдық, тәртіп, куәлік, мүмкіндік деген сөздерді қойып, тәуелдеңіз.
♦ Мына диалогты рөлге бөліп оқыңыздар. Синонимдерді дұрыс қолдануға дағдыланыңыз:
- Сәлеметсіз бе?
- Амансыз ба? / Есенсіз бе?
- Халіңіз / қалыңыз қалай?
- Құдайға шүкір / Жақсы / Жаман емес. Рақмет.
- Сізбен танысуға бола ма?/ Сіздің аты-жөніңізді білуге бола ма?
- Танысайық! / Таныс болайық! Менің есімім / атым ...// Менің аты-жөнім ...
- Өте жақсы.Ал сіздің есіміңіз / атыңыз / аты-жөніңіз кім?
- Менің есімім / атым / аты-жөнім ...
- Сізбен танысқаныма қуаныштымын. / Танысқаныма өте қуаныштымын.
- Сау болыңыз! / Қош-сау болыңыз! / Кездескенше!/Көріскенше!
♦ Өз есімдігінің қолданысын еске сақтаңыз.
Қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.
1.Өзім жазамын. Өзіңіз айтыңыз. Өзің сөйлес. Өзі оқыды. Өзі жұмыс істесін. Өздері түсінеді. Мен өзім сөйлесемін. Сіз өзіңіз айтыңызшы. Өзімшіл адам. Өз қарамағындағы қызметкер.
2. В моем подчинении. Мы сами читаем. Скажи сам. Я сам не знаю. У меня есть свой дом. Мы работаем самостоятельно. Прочитайте сами.
♦ Еске сақтаңыз!
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап!
(Абай).
♦ Көмектес септік жалғауын сол бағандағы сөздерге жалғап, оларды оң
бағандағы сөздермен тіркестіріп сөйлем құраңыз.
Досым...
Әріптесім...
Жаңалық...
Мақала...
Құжаттарымыз... таныстырайын.
Құжаттың
көшірмесі.
танысыңыз.
Өтініш...
Жаңа қызметкер...
Бөлім бастығының
орынбасары...
♦ Өткен шақ етістік: -ты, -ті, ды, -ді
Жіктелуі:
1. Мен таныс-ты-м, біз таныс-ты-қ
2. Сен таныс-ты-ң, сендер таныс-ты-ң-дар
Сіз таныс-ты-ңыз,сіздер таныс-ты-ңыз-дар
3. Ол таныс-ты, олар таныс-ты
♦ Сұрақтарға жауап беріңіз:
Сіз кіммен кездестіңіз?
Қуаныш кіммен әңгімелесті?
Бөлім бастығы немен танысты?
Ол жұмыс туралы кіммен сөйлесті?
Кәсіпорынды немен жабдықтау керек?
Әлия кіммен сөйлесті?