
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
Құс қалдығынан – мұнай
Органикалық қоқыстарды оттегінің қатысынсыз қолданған кезде олар жанудың орнына көмірсутегі.. ыдырайды екен. Алынған зат табиғи мұнай...өте
жақын көрінеді. Осы технологияны меңгерген АҚШ-тың Changing World Technologies компаниясы жасанды мұнай жасау өндірісін қол..... алып отыр. Жаңа тауардың шикізаты ретінде құстарды өңдейтін мекемелерден шыққан қалдықтар пайдаланылады. Компания бүгіндері күніне 200 тонна..... дейін құстардың қанаттары мен сүйектерін, еттерінің қалдықтарын жер астында жатқан табиғи «қара алтыннан» кем түспейтін мұнай...... айналдырып келеді. Бірақ әзірге оның құны табиғи шикізаттан қымбаттау.
(«Зерде» журналынан)
Бөлінген сөз тіркестеріне сұрақ қойыңыз, олардың қандай сұраққа жауап беріп, қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз
Changing World Technologies компаниясы жасанды мұнай жасау өндірісін қолға алып отыр.
Жаңа тауардың шикізаты ретінде құстарды өңдейтін мекемелерден шыққан қалдықтар пайдаланылады.
Компания бүгіндері күніне 200 тоннаға дейін құстардың қанаттары мен сүйектерін, еттерінің қалдықтарын жер астында жатқан табиғи «қара алтыннан» кем түспейтін мұнайға айналдырып келеді
Мәтінді керекті қосымшалармен толықтырып оқыңыз, аударыңыз.
Алманың піскенін анықтайтын қолғап
Жеміс... піскен кезінде жұлудың пайдасы оның толық жетілмеген кезінде жинаған..... жоғары. Жеміс ағашындағы мәуелердің бір мезгіл..... пісіп жетіле қоймайтыны белгілі. Жемістер... сақтау барысында орын алатын бұзылулар..... бірден-бір себебі - піспеген мәуелер. Осындай жағдайлар.... назар аударған Монпельдегі (Франция) Ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы мамандары жемісті жұлмай жатып оның піскен... анықтайтын қолғап жасады. Қолғап....... инфрақызыл белгі бергіштері алманың жұмсағы..... жиналған қанттың мөлшерін анықтап береді. Ол үшін қолғап киілген қол..... алманы жай ғана ұстау жеткілікті, индикатор тиісті нәтиже...... көрсетеді. Сондай-ақ, осы қолғап...... базардағы жемістердің де сапа....... білуге болады.
(«Зерде» журналынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз
Жемісті піскен кезінді жұлудың пайдасы қандай?
Қолғаптың негізгі қызметі қандай?
Қолғап қосымша қандай қызмет атқарады?
Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз, ол сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз
Технологияны меңгерген; қолданған кезде; мұнай жасау өндірісін; жаңа тауардың шикізаты ретінде; құстарды өңдейтін мекемелерден; мұнайға айналдыру; табиғи шикізаттан қымбаттау; жер астында жатқан; жанудың орнына.
Бос орынға сөздердің қажеттісін қойып, мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
қойлардан
жеті
дымқыл
ыстықты
қазақтың
жұртын
шалдықтырмайды
қымбат
материалын
киіздің
сапалы
қасиеттерін
Ағылшындар киіз басады
Киіздің пайдалы ____________ ағылшындар біле бастаған көрінеді. Англияның бір компаниясы ет тұқымдас __________ алынатын төмен ________ жүндерден жылу сақтайтын құрылыс _________ шығара бастапты. Ол ______ құны мақтадан ________ болғанымен, оны жасауға кететін энергияның мөлшері _____ есе аз. Киіз ешқандай аллергиялық ауруларға ____________, жеңіл, әрі _______ жұтқыш қасиеті бар. Ең бастысы, қыста суықты, жазда _______ өткізбейді. Ал мұны _____қилы замандардан білгені көпшілік шетел ______ таңдандырса керек.
(«Зерде» журналынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз
Ағылшындар киізді қандай іске қолдана бастапты?
Киіздің қандай қасиеттері бар?
Қазіргі технологиялардың дамыған кезеңінде еуропалықтардың киізді қолдануы сізге қандай ой салады?
Алдыңғы сөздің қосымшасына қарай отырып, оған сұрақ қою арқылы, бос орынға сәйкес сөздерді қойыңыз
электрөткізгіштік
мамандары
қызметін
қамтамасыз
жеткілікті
ағымын
арзан
тасымалдауға
Ток өткізетін пластмасса
Алдағы уақытта электр тогын ___________ металл сымдардың қажет болмауы мүмкін. Олардың орнына пластмасса материал пайдаланылатын болады. Пластиканың жасалу технологиясы әрі ________, әрі жұмыс істеу мерзімі ұзақ. Көп жылдар бойы пластмассадағы электр зарядтарының ________ зерттеумен айналысқан Ресей ғылым академиясы Уфа ғылыми орталығы молекулалар мен кристалдар физикасы институтының _________ пластикалық заттың да белгілі бір жағдайда электр өткізгіш қасиеті болатынын анықтады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, пластмассада _____________ қасиет болуы үшін ғаламат қысым мен орасан үлкен температура керек емес, оған кішкене қысым мен электр өрісі де ____________. Осындай жағдайда полиэтилен жартылай өткізгіш транзистор _________ атқарады. Пластмассаның шикізаты ретінде полимерленген полидифениленфталид алыныпты. Қазірге ондай нәтижені кәдімгі полиэтилен қалтасы секілді жұқа полимерлік пленка _________ етіп отыр.
(«Зерде» журналынан)
Бөлінген сөздерге сұрақ қойыңыз
Олардың орнына пластмасса материал пайдаланылатын болады. Пластиканың жасалу технологиясы арзан және жұмыс істеу мерзімі ұзақ.
Ғалымдар көп жылдар бойы пластмассадағы электр зарядтарының қызметін зерттеумен айналысты.
Пластикалық заттың да белгілі бір жағдайда электр өткізгіш қасиеті болатынын анықтады.
Ғалымдар пластмассада электрөткізгіштік қасиет болуы үшін ғаламат қысым мен орасан үлкен температура керек емес деп мәлімдейді.
Пластмассаның шикізаты ретінде полимерленген полидифениленфталид алыныпты.
Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны немесе сөзді қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз
Қолға тағатын телефон
Жапондық «Докомо» фирмасы сағат секілді білек......те/ке тағып жүретін ұялы телефон шығара бастады. Қоңырау соғу .......... арқылы/үшін аппарат қолдан шешіліп алынады да, баудың бір ұшы құлаққа қойылып, екінші ұшына сөйленеді.
Телефонның салмағы - 113 грамм. Оның иесі телефонмен сөйлесумен .......... кейін/қатар электронды поштаны да пайдалана ........... келеді/алады. Аккумулятор..... дың/да заряды үзіліссіз сөйлесуде екі сағаттық, ал қоңырау күту қалпында 200 сағаттық жұмыс....тың/ты қамтамасыз ....... ете/етіп алады. Қазірше бұл бастама тек жапондық ұялы байланыс жүйе.... сіне/ге ....... қана/ғана арналып отыр.
(«Зерде» журналынан)
Сөздердің синонимін жазыңыз
Секілді -
Шығару –
(Білекке) тағу -
Қатар –
Пайдалану –
Үзіліссіз -
Қазірше -
Күту –
Мәтінді сөзбе-сөз аударма және мағыналық аударма түрін қолданып, аударыңыз