
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
Бала жұбататын құрылғы
Бұдан былай жас әкелер жұбайы жоқта нәрестені жұбатамын деп көп ________ түспейтін болады. Жаңа туған нәрестелердің жылауын зерттеумен ____________ испандық Педро Монагас ________ азамат кішкентай бүлдіршіндердің не себептен жылайтынын __________ . Нәрестелер қарны ашқанда, шаршағанда, ызаланғанда, дәретке барып қойғанда бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі жиіліктегі _________ шығарып, көңіл күйінен хабар береді екен. Бұл белгілерден бейхабар кейбір әкелер бүлдіршіннің бұтын ауыстырудың орнына бөпесінің аузына қайта-қайта ________ салып, ұйықтатумен әуреге түсіп жатады. Осындай жәйттерді басынан кешкен болуы керек, Педро өзінің «балапанымен» қоса басқа да жүздеген бөпелердің жылауын _________ зерттепті. Соның нәтижесінде Why Cry деп аталатын жылаудың ___________ ажыратып бере алатын құрылғы жасапты. Амандық болып, аппарат сатылуға шығып жатса, Педроның бірталай әкелер мен ________ сауабын алары анық.
(«Зерде» журналынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз
Қандай құрылғы туралы сөз болып отыр?
Педро Монагас нені анықтаған?
Педро нені зерттеген?
Сәбилер не себептен жылайды екен?
Педроның өнертабысы оның өзі үшін ғана пайдалы ма?
Көп нүктенің орнына тұлғасы мен мағынасы жағынан сәйкес келетін сөздерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз
1. Қуатты каскадтары кілтттік режимде ................... таратқыштарды құру мәселелері талқыланады.
а) жұмыс істеген
ә) жұмыс істейтін
б) жұмыс істеп
в) жұмыс істегіш
2. Мұнда транзистордың көрсеткіштері генерацияланатын ........... аз әсер етеді.
а) қуаттан
ә) қуатта
б) қуатты
в) қуатқа
3. Бұл оқу .................... сырттан қоздырылатын генераторлардың теориясы және оның әр түрлі сұлбаларын есептеу жолдары қарастырылған.
а) құралында
ә) құралда
б) құралдан
в) құралды
4. Жүктемелік және модуляциялық сипаттамаларды қоса, генератор сипаттамасының .............. қарастырылады.
а) кешенін
ә) кешен
б) кешені
в) кешенді
5. Дегенмен де ауыстырып қосу процестерінің инерттілігін ескеру ................. .
а) мүмкін
ә) қажет
б) шығар
в) сияқты
6. Мұндай генераторлардағы транзисторлардың кедергісі өте кең аралықта, тіпті нөлден шексіздікке ............... өзгереді.
а) дейін
ә) соң
б) кейін
в) шейін
Жақшадағы сөздің орыс тіліндегі баламасын қойып, сөйлемді толықтырыңыз
1. Қазіргі радиотехникалық (в аппаратуре) қуаты 10 кВт-қа дейінгі (высокочастотные) тербелістерді транзисторлардың (с помощью) генерациялайды.
2. Алайда, (ключевых) генераторлардың (преимущества) транзистордағы процестердің (инертность) әсер етпейтін (в сравнительно низких) жиіліктерде айқындалады.
3. (Таким образом), кілттік режимді әлі де қолдануға болатын (промежуточных) жиіліктердің үлкен (диапазон) бар.
4. Гармоникалық (колебании) транзисторлық генераторларын (проектирование) және оның теориясы мәселелеріне (зарубежных) және отандық (ученых) көптеген еңбектері (посвящено).
5. (А также), (мощные) каскадтары кілттік (режиме) жұмыс істейтін таратқыштарды (построение) мәселелері (обсуждаются).
6 (Здесь) кілттік режимдерді (применение) ерекше тиімді болып табылатын бір (боковой) жолақта істейтін байланыс (системам) айрықша көңіл (уделено).
Сөздіктен мағынасы ұқсас сөздерді тауып жазыңыз
алайда -
шейін -
айрықша –
назар –
жұмыс –
қолдану –
іске асыру –
өйткені –
кемиді –
ықпал етеді –
сан түрлі –
Мағыналық аударма жасаңыз.
Диэлектрлік заттар, олардың жіктелуі
Диэлектрлік заттарға электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер жатады. Әртүрлі электр потенциалдары әсер ететін электр құрылғыларының ток жүргізуші бөлшектерін бір-бірінен оқшаулайтын және ток жүрмейтін, бірақ өткізетін бөлшектерді (мысалы, корпус, кабельдің орамалары) ток жүретін бөлшектерден оқшаулайтын заттарды электр оқшаулағыш немесе пассивті диэлектрик дейміз.
Егер диэлектриктердің басқарылатын қасиеттері болса, олар активті диэлектриктер болады.
Электр тогын өткізбейтін заттар агрегаттық күйі бойынша 3 түрге бөлінеді: газ тәріздес, сұйық және қатты. Бөлек бір топқа қататын заттар жатады. Ол заттар бастапқы кезде сұйық болады да, дайын күйінде қатты болып шығады (мысалы: лактар, эмальдар, компаундтар).
Қатты оқшаулағыш заттар өз кезегінде органикалық қатты және органикалық емес қатты заттарға бөлінеді.
Төмендегі сөздердің 3 түрлі анықтамасын беріп, аударыңыз
Үлгі: Диэлектриктер: а) Электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктерді диэлектрлік заттар дейді. ә) Диэлектрлік заттар деп электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер аталады. Диэлектрлік заттар дегеніміз электр тогын өткізбейтін активті және пассивті диэлектриктер.
Қататын заттар
Пассивті диэлектриктер
Активті диэлектриктер
Жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыз, сәйкес формаға қойыңыз
Полюстердің магниттік қозғаушы (силой) бағыттас болады. Магнит өрісі (к оси полюсов)) симметриялы болмайды. Магниттік индукция полюстің бір шетінде (ослабевает). (Якоря) бұл өрісі полюстер осіне перпендикуляр бағытта тұйықталады. Ол полюстердің магнит (полюсу) әсерін тигізіп, (его) өзгертеді. Якорь реакциясының өрісі полюстердің магнит өрісінің (распределение) өзгертеді.
Полюстердің магниттік қозғаушы күштерінің әсерінің (благодаря) магнит тізбегі арқылы қорытқы магниттік (поток) Фр тұйықталады.
Жақшадағы сұрақтарға жауап беретін септіктің қосымшаларын қойып, мәтінді толықтырыңыз, аударыңыз
Жарнамалы телеканал
Қызықты телехабар немесе телефильм кез....... (қашан) жарнамалардың килігіп, көңіл-күй... (нені) бұзатыны бар. Ондай жарнама....... (ненің) тиімділігі төмен болатыны... (нені) ағылшындар аңғарса керек, енді олар жарнама көрсететін арнайы телеарна ашты. Арнаның бір ерекшелігі – жарнама.... (недегі) тауар... (нені) сол бойы тапсырыс беріп алдыру....... (не істеуге) болады.
(«Зерде» журналынан)
Келесі сөздерге анықтауыш болатын сөздерді тауып, әртүрлі тіркес құраңыз
Шығын, индукция, кернеу, ток, машина, үйкеліс, энергия, қуат.
Бөлініп көрсетілген сөздердің антонимін табыңыз
Тұрақты ток. Электр тогын ажырату. Ток артады. Пайдалы қуат. Жоғары жылдамдықты машина. Үлкен айналу жиіліктерінде жұмыс істейді. Аппарат қосылған. Аккумулятордың ішкі кедергісі гальваникалық элементтердікіне қарағанда аз.
Керекті қосымшаны немесе сөзді қойыңыз.
Механикалық шығындар жүктеме...ге/де байланысты болмайды. Цилиндрлік орамалар.....ды/дың орналасуы суретте көрсетілген. Айнымалы ток ................ үшін/арқылы айнымалы өріс туады. Кернеу мен ток....та/ты өлшеуге арналған аспаптар. Ол резонанстық бұрыштық жиілік деп атал......ады/ды. Генератордың орамалары...н/ны жалғау. Желілік сымдардың арасындағы кернеу желілік кернеу ....... деп/деген аталады. Электр мөлшерін анықтау ............бойынша/үшін ампер-сағатты қолдану ыңғайлы. Шығынның екінші құраушысына мыстағы шығын...... ды/дар Рор жатады.
Сөздерді орнына қойып, сұраулы сөйлем жасаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз
1. жұмыс // тұрақты // кезінде // машиналарының // істеуі // қандай // ток // шығыны // болады // энергия
2. құраушысына // жатады // шығынның // қандай // екінші // шығын
3. щеткалар // орамасындағы // якорь // болады // түйіспелеріндегі //шығындар // және // қандай
4. магниттелу // қандай // жұмсалынады // қайыра // процесіне // қуат
5. якорь // құйынды // қай // индукцияланады // кезде // өзекшесінде // токтар
6. немен // немесе // анықталады // ЭКҚ // машинаның // кернеуі
Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, мәтінге ат беріңіз
қашықтықты
принципті
кейін
бара
тауыпты
гөрі
өнімдірек
Жаяу жүргеннен __________ велосипедпен қозғалған әлдеқайда тиімді. Әрі аяқ шаршамайды, әрі жүріп өткен жол __________ болады. Айталық, бес шақырым ___________ жаяу өткен жүргінші бір сағаттан ______ шаршап қалатын болса, отыз шақырымды басып өткен велосипедші кішкене демін алып, әрі қарай кете береді.
Велокөлік – судың астында да велокөлік. Ұлыбританиялық Дуглас Бьюкенен деген тапқыр осы __________ басшылыққа алып, су астында қозғалатын велокөлік ойлап _______ . Автордың айтуынша, судың астындағы велосипедші аз күш-қуат жұмсап, алысқа _____алады екен.
(«Зерде» журналынан)
Керекті қосымшаларды қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз