
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
Техникалық аударма
Техникалық аударма - әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар арасында арнайы ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма. Техникалық аударманы жүзеге асыратын адам екі тілді білуге міндетті. Түпнұсқаның мазмұнын сауатты, нақ, дәл беру үшін аудармашы екі тілдің біреуін еркін меңгеруі керек. Техникалық аударманы жүзеге асырушы адам жаңа материалдарды пайдаланады, сондықтан оны қабылдау үшін белгілі дайындығы және арнайы білімі болуы керек. Кез келген екі тілді білетін адам техникалық аударманы жүзеге асыра алмайды.
Техникалық аударма жасай алу үшін ғылыми-техникалық ақпарат алмасуда аудармашы (делдал) қызметін атқаратын адам қандай қасиеттерге, білімге, біліктілікке, дағдыға ие болуы керек?
Бұл жерде әңгіме қазақ тілі мен орыс тілі туралы болып отырғандықтан, біріншіден, аударып отырған тілін (мысалы, аудармашы орыс тілді болып, түпнұсқа қазақша немесе керісінше болса), яғни қазақ тілін түсіне алатындай деңгейде немесе керісінше; екіншіден, басқа тілді (бұл жерде орыс немесе қазақ тілін) ақпаратты сауатты бере білу үшін жеткілікті деңгейде білуі; үшіншіден, ақпарат көздерін пайдалана білуі; төртіншіден, әртүрлі техникалық аудармалар жасай алуы; бесіншіден, терминологиялық минимумды білуі керек.
Аудармашы өзіне қажет арнайы мәліметтерді тез табу үшін қандай ақпарат көздері бар екенін, олардан не табуға болатынын, оларды қандай тәртіппен қолдануға болатынын білуі керек.
Барлық ақпарат көздерін жалпы, арнайы ақпарат көздері деп бөлуге болады. Жалпы ақпарат көздеріне жалпы қолданыстағы сөздіктер және жалпы энциклопедиялар жатады. Сөздіктер екі тілді және бір тілді болады. Бір тілді сөздіктер: түсіндірме, синонимдер, омонимдер, антонимдер, орфографиялық, фразеологиялық болып келеді. Арнайы ақпарат көздеріне: арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, ғылым мен техниканың әртүрлі салалары бойынша анықтамалықтар, арнайы әдебиеттер жатады.
Жалпы екі тілді сөздіктерді табысты пайдалану үшін мыналарды есте сақтау керек:
1. Кез келген жалпы екі тілді сөздік (фразеологиялық сөздіктен басқасы) сөздің аудармасын емес, әрбір сөздің мүмкін болатын баламаларын ғана береді, сөздік сөздің белгілі контекстегі мағынасын тұспалдап қана көрсетеді.
2. Қажет сөзді жылдам табу үшін алфавитті жақсы білу керек. Сөздікпен жиі жұмыс жасаған кезде алфавитті жақсы білу жұмыс уақытын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
3. Барлық шартты белгілердің, қысқартулардың, сөздік мақалаларында кездесетін тыныс белгілерінің мағыналарын жақсы білу керек. Ол үшін сөздікті пайдаланбас бұрын сөздікті пайдалану туралы мақаланы зерде қойып оқып шығу және қысқартулар тізімімен танысу керек.
Қазақша-орысша сөздіктен төмендегі сөздердің баламасын (15 секундта) табыңыз.
Балама, қысқарту, тізім, зерде, арнайы, көз, үнемдеу, түсіндірме, тұспалдау, туындау, есте сақтау, едәуір.
Сөздіктен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің негізін тауып, аударыңыз. Тапсырманы қалай орындағаныңызды түсіндіріңіз.
Сұлбалардың, қарастыратын болсақ, күшейткіштердің, істерінде, кеселдердің, қосылмаған қалпын суреттейді, жасанды дене мүшелерінің, айырмашылығына байланысты, ағымында, құбылыстарды.
Шешу сөзінің барлық мағынасын сөздіктен жазып алып, тіркестер құрап, оның қай мағынасын техникалық аудармада қандай сөйлемдерде қолдануға болатынын айтыңыз.
Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері
Аудармада кейде сөздікте жоқ, яғни баламасыз лексика деп аталатын сөздер кездеседі. Мұндай жағдайда аударманы баламасыз лексиканы жеткізудің тәсілдерін қолданып, іске асырады.
Баламасыз лексиканы жеткізудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Транслитерация. Шетел сөзін алып, оны аударма тілдің әріптерімен бейнелеу. Ондай сөздерге зауыт, пошта, станса т.б. сөздер жатады, бұл сөздер қазақ тіліне сіңіп кеткен. Ал орыс тіліне шетел тілінен енген жаңа сөздер қазақ тілінде де өзгертілмей алынып жүр: дисплей, ноу-хау, программа, модем т.б. сөздер. Бұл тәсілдің артықшылығы - оның сенімділігі. Транслитерация - таныс емес, жеткіліксіз зерттелген сөздің тек дыбыстық сыртқы қабығын ғана көрсету. Мұндай сөздердің мазмұны контекст арқылы ашылады. Аудармашы осы тәсілді қолдана отырып, жаңа сөзді түсіндіруде қателік жіберіп алудан қашады.
2. Калькілеу. Бұл тәсілдің мәні баламасыз сөздің құрылымдық бөліктері олардың аударма тілдегі сөзбе-сөз нұсқаларымен ауыстырылады: іскерлік банк, қызметтік автомашина, жоғарғы палата, директорлар кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесі т.б.
3. Баламасыз лексиканың өзіндік сонылығын сақтап, аударма тілдің мүмкіндігін пайдаланып, жаңа сөз немесе сөз тіркесін жасау. Зейнеткер, тіркелім, бағдаршам, іссапар, тікұшақ, күнтізбе т.б.
4. Сипаттама (түсіндірме) аударма тәсілі - баламасыз лексиканы тілдік бірліктің мағынасын кеңінен сипаттау (сөз тіркестері, фразалар) арқылы жеткізу. Оның артықшылығы сипатталатын құбылыстың мәнін толық ашу мүмкіндігін береді. Түпнұсқа тіліндегі сөз беріледі де, оның беретін мағынасы аударма тілдің тәсілдерімен түсіндіріледі
5. Ұқсастырып аудару тәсілі - Аяз Ата, Қарша Қыз т.б.Сөз тіркестерін аударып, техникалық терминдердің қалай жасалғанын түсіндіріңіз.
Радиопередающие устройства –
Генерация радиосигналов -
Устройство, генерирующее радиосигналы –
Полупроводниковые транзисторы –
Сверхчастотные транзисторы –
Гармонические колебания -
Сөздерді түсіндірме әдісін қолданып аударыңыз
Генератор –
Транзистор -
Модуляция –
Монитор -
Сөздердің түсіндірмесін беріңіз
Құрылғы –
Қуат –
Транзистор көрсеткіші -
Жиілік –
Сөз тіркестерін аударыңыз.
Большой диапазон промежуточных частот; использование транзисторных радиопередающих устройств; волоконно-оптические линий связи; отличается высоким КПД и надежностью; снижается чувствительность; облегчается подготовка к работе генераторов.
Сөздердің аудармасын сөздіктен тауып, жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құраңыз
сопротивление –
помеха –
напряжение –
колебание –
волна –
источник тока –
установка –
частота –
Сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді аударыңыз
қуат -
жоғары жиілікті –
тербеліс –
қазіргі –
қазіргі радиотехникалық аппаратурада –
қуаты 10 кВт-қа дейінгі
жоғары жиілікті тербелістер –
транзисторлардың көмегімен –
Қазіргі радиотехникалық аппаратурада қуаты 10 кВт-қа дейінгі жоғары жиілікті тербелістерді транзисторлардың көмегімен генерациялайды.
Сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді аударыңыз
шығын -
кілттік режим –
ерекшелену –
кәдімгі генератор -
жоғары ПӘК-імен –
кем кернелген –
артық кернелген -
генерацияланатын қуат –
транзистордағы шығын –
жоқтың қасында –
шығын -
Кілттік режимдегі транзисторлық генератор кем кернелген және артық кернелген кәдімгі генераторлардан жоғары ПӘК-імен және сенімділігімен ерекшеленеді, себебі берілген генерацияланатын қуатта транзистордағы шығын жоқтың қасында.
Сөйлемді сөз тіркестеріне бөліңіз
Транзисторлық радиотарату құрылғыларын пайдалану арзандау, транзисторларды пайдалану төменірек кернеуді қолдануға мүмкіндік береді және оны қыздырудың қажеті жоқ.
Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз
Сәулені, оның ішінде (свет), екі өлшемде өзгертіп, (преобразовать) болады.
Мысалы, лазер сәулесі (в микронах) өлшенеді, ол нерв, нейрон талшықтарына операция жасауға (дает возможность). Сәулелік байланыс бір бағытты: сәуле шыққан жеріне (не возвращается), яғни қабылдау көздері хабардың шығу (источникам) қайтып әсер етпейді. (Полезное действие) коэффициенті де (мало). (В связи с этим) бағасы қымбат және жұмыс (надежность) төмен. Сонымен, оптикалық сигналды екі (измерениях) (пространство) және уақыт аралығында өзгертіп, модуляциялауға (можно).
Сөздерді керекті жеріне қойып, мәтінді толықтырыңыз, оқыңыз, аударыңыз
есімді
анықтаған
дауыс
емізік
себептерін
ерінбестен
сәбилердің
айналысқан
әлекке