
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
Телефонхат
00/00/00 № 16 12 сағ. 30 мин.
Алматы
15.04.10 ж. Са. 15. 30-да бірлестіктің акт залында Алматы облысының аудандық газеттері редакторларының бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша мәжілісі өткізіледі. Бірлестіктің мекен-жайы: Байзақов көшесі, 85-үй.
Бірлестіктің бас директоры И.С. Ақылбеков
Үлгі:
Алматы энергетика және байланыс институтының декандарына
Маусым айының 26-күні сағат 16-дан 18-ге дейін оқу корпустарына электр энергиясын беру тоқтатылады. Барлық декандарға осы уақыттағы сабақтардың толық өтілуін қамтамасыз ету тапсырылады.
Қол қойған: АЭжБИ ректоры Ғ.Ж.Дәукеев.
Жіберуші: Абдрахманова Г., тел: 92-58-47.
Маусым айының 25-і, 2009 жыл, сағат 11.00.
14. Хабарламахат. Шақырухат. Алғысхат
Хабарламахат – қызметтік хаттардың бір түрі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі.
♦ Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімге сәйкес, ай сайын, төлеп тұруға міндеттену, келісімнің талаптары, сіздің тарапыңыздан, сіздің қарызыңыз, іс қозғау, сот ісіне қатысты шығын.
♦ Хабарламахаттың үлгісімен танысыңыздар:
Астана қаласы,
С.Сейфуллин көшесі,
7-үй, 15-пәтерде тұратын
А.Жақыпұлына
Хабарлама хат
2003 жылғы 14 қазанда жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2004 жылдың 15 мамырына дейінгі сіздің қарызыңыздың көлемі 120 000 (жүз жиырма мың) теңге.
Егер осы жылдың 15 шілдесіне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.
Сондай-ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.
«Астанаэнерго» ААҚ рпезидентінің
орынбасары Ж.Бақтыгереев.
2004 жылғы 20 мамыр.
Алматы қаласы, Әуезов көшесі
25-үй, 14-пәтерде тұратын
Б.Кеңесбаев мырзаға
Хабарлама хат
2003 жылдың 31 тамызындағы жасалған келісімшарт бойынша
Сіз қызыңыз Айман Кеңесбаеваның оқуы үшін жыл сайын әр семестрдің аяғына дейін 140 000 (бір жүз қырық мың) теңге төлеуге міндеттенген болатынсыз.
2004-2005 оқу жылындағы 3 семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбегендіктен, қызыңыз Айман Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді.
1 ай мерзім ішінде оқу төлемақысы төленбесе, қызыңыз Айман Кеңесбаеваның оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.
Абылай хан атындағы ҚазХҚ ж
ӘТУ-дің ректоры С.С.Құнанбаева
2005 ж., 16 ақпан
♦ Сәйкестендіріңіз
келісімшарт жеткізу
шағын шегу
шикізат бас тарту
зиян мерзімде
келісімшарттан бойынша
көрсетілген кәсіпорын
♦ Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Неліктен? Не себепті?
Етістіктің ған
бұйрық + ген + дықтан
райы қан діктен
кен
♦ Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
Үлгі: Кәсіпорын өкілі келмегендіктен, келісімшарт жасалмады.
1. Кәсіпорын өкілі келмеді. Сондықтан келісімшарт жасалмады.
2. Ол оқу төлемақысын төлемеді. Сондықтан оқудан шығарылды.
3. Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылмады. Сондықтан ол өз күшін жояды.
4. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шықпады. Сондықтан мен жұмысқа әлі кіріскен жоқпын.
♦ Сәйкестендіріңіз
1. Оның еңбекақысы жоғары кездесу ұзаққа созылмады
болғандықтан
2. Олар кездесуге уақытында
келгендіктен қазір осы мәселені көтеріп отырмыз
3.Біз бұрын фирма басшысына
өтініш білдіргендіктен басқа қызметке ауыспады
4.Кейбір қызметкерлер жұмыс
тәртібін ұдайы бұза бергендіктен қала әкімі мәжіліске
кешігіп келді
5. Ол келесі жылы зейнеткерлікке
шығатындықтан оған үстемақы қоспады
6. Қабылдауда адамдар көп
болғандықтан бірнеше рет ескертулер алды
♦ Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Қайтсе?
Етістіктің
бұйрық + са,се + жіктік жалғауы
райы
Мыс: Келісімшарт талаптарын орындасаңыз, біз келісімшарт мерзімін ұзартамыз.
♦ Тиісті жіктік жалғауын қойыңыздар.
Біз келісімшарт талаптарын орындаса..., сендер шикізатты жеткізсе..., сен жылу төлемақысын төлемесе..., мен оған құттықтау жіберсе..., біз хабарламахат жазса...,
сен сағат үште келсе..., сіздер келісімшарт жасаса..., сіз оған айтса... .
♦ Сәйкестендіріңіз.
1.Студенттер оқу төлемақысын төлемесе, 1.Еңбек төлемақысы қысқартылады
2. Келісімшарт бойынша жеткізілім 2. Екінші хабарламахат
мерзімі көрсетілсе, жібереміз
3. Құрылысшылар жұмысты 3. Біз шығынды өтеп беруіміз уақытысында аяқтамаса, керек
4. олар біздің кінәмыздан 4. Сол уақыттан
зиян шексе, кешіктірмеу керек
5. Бұл хабарламахат бармаса, 5. Олар оқудан шығарылады
♦ Шақырухат
Шақырухат клиенттерді, қызметкерлерді, басқа кәсіпорын басшыларын немесе қызметкерлерін кеңестерге, салтанатты жиналыстарға, көрмелерге, тұсаукесер және т.б. шараларға шақыру мақсатымен жазылады.
♦ Шақырухаттың үлгілерімен танысыңыздар
Құрметті Асан Қайратұлы!
Сізді біздің фирмамыздың 10 жылдығына арналған салтанатты кешке шақырамыз. Кеш 21 маусымда сағат 17-де «Рахат палас» қонақ үйінің холында өтеді.
«Нұр» фирмасының директоры Рахманқұлов Т.А.
Алғысхат -
Алғысхаттың үлгісі:
Алматы энергетика және байланыс институтының
орыс және қазақ тілдері
кафедрасының
аға оқытушысы М.Қ.Нұрмахановаға
Құрметті Маржан Қалжанқызы!
«DUCAT» компаниясы, Алматы энергетика және байланыс институты және Алматы қаласының Әкімі жанындағы білім, ғылым және мәдениет комитеті Сізге «Қазақстан телекоммуникациясының болашағы» жобасын жүзеге асыруда және Алматы қаласында Республикалық телекоммуникациялық олимпиаданы өткізуде көрсеткен баға жеткісіз көмегіңіз үшін шын жүректен алғысын білдіреді.