
- •Алмагүл Ибрагимқызы Тілембекова Мейрамгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп
- •1 Сәлемдесу. Қоштасу. Танысу.
- •2. Мамандық. Жұмыс орны
- •3. Функционалдық стильдер
- •4. Қолхат. Сенімхат. Анықтама
- •5. Техникалық сипаттама Жарнама
- •6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық
- •7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары
- •8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- •10. Диалог.
- •10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу
- •11. Іскерлік хат жазысу
- •12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
- •Телефонхат
- •Хабарлама хат
- •Хабарлама хат
- •Аударма туралы
- •«Барлаушы» түймелер
- •Техникалық аударма
- •Бала жұбататын құрылғы
- •Қартайтпайтын киім
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Ағылшындар киіз басады
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Телекамералы тоңазатқыш
- •Қауырсыннан қағаз
- •Аккумулятор
- •Сұйық май сүзгісіз тазаланады
- •Мұсылмандарға арналған телефон
- •1 Қазақ тілінен орыс тіліне аудармасы:
- •Isdn желісіне енімнің ұйымдастырылуы
- •Роботтар құқықпен қамтылмақ
- •Қанатты парашюттер
- •Теледидар семіртеді
- •Шаршағанға шай шипа
- •Жалғыз көзді бағдаршам
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Графит алмасты алмастырады
- •Әдебиеттер тізімі:
12. Құттықтаухат. Жеделхат. Телефонхат
♦ Құттықтаухат қажет болған реттерде, мысалы, ресми ұйымдар мен мекемелерді, лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми құттықтау (адресі) түрінде жазылады.
Құттықтау мәтінімен танысыңыз. Үлгіге сүйене отырып, өзіңіз құттықтаухат жазыңыз.
Құрметті Жақсылық Дәулетұлы!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сізді ердің жасы – 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Біз Сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет тұтамыз. Ұжымда істеген 20 жыл ішінде Сіз заң кеңесшісі қызметінен бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға үлес қостыңыз, Қазақстандағы құқықтану және заң мәселелері бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз.
Құрметті Жақсылық Дәулетұлы! Әріптестеріңіз Сізге еңбекте табыс, отбасыңыздың амандығын тілейді.
Шынайы ниетпен әріптестеріңіз.
Жеделхат.
♦ Жеделхаттың үлгісімен танысыңыздар, осыған сүйеніп, өздеріңіздің нұсқаларыңызды жазыңыздар.
Жеделхат
20.05.2005 № 25
Алматы энергетика және байланыс институтының ректорына 20 маусым күні сағат 14.00-де ректорлардың өткен жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы алқа жиынында тыңдалады.
Қол қойған: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Б.Әйтімова.
20.05.2005 күні сағат 10:50-де қабылдап алған Г.Төлеубаева.
Телефонхат
Телефонхат – радио немесе телефон арқылы жеткізілетін жедел құжат. Бұл жағдайда бір мекеменің лауазымды адамы екінші мекеменің лауазымды адамымен тікелей сөйлесе алады. Жоғары лауазымды адам төмен лауазымды адамға тікелей тапсырма береді, ал төмен лауазымды адам сол адамға тапсырманы орындағанын хабарлайды.
Егер бірнеше мекеме бастықтарына қатысты жедел қаралатын мәселе болса, онда телефон хатты лауазымды адамның хатшысы бере алады, сондықтан телефонхатты қабылдаған адам өзінің аты-жөнін айтуы керек. Телефонхат арнайы журналға тіркеледі, содан кейін өзінің бастығына хабарлайды; сағат нешеде хабарлағанын журналға жазады. Телефонхат қабылдаушы алған хабарды уақытылы орындамаса, ол адам жауапқа тартылады.
Телефонхаттың құрылымы
- телефонхат алушының толық аты-жөні;
- негізгі мәтін 9-10 сөйлемнен аспауы керек;
- жіберушінің толық аты-жөні;
- ақпаратты телефон арқылы жіберуші;
- телефонхат жіберілген уақыт, айы, күні, жылы.
Телефонхаттың үлгілерімен танысып, өзіңіз басқаша мәтін жазыңыз.
«Полиграфия» Күрті аудандық
«Шұғыла» газетінің редакторы Ә.Нұриевке
Қабылдап алған - хатшы
Нарымбетова тел: 2-22-82.
өндірістік
бірлестігі
Хабарлаған – хатшы
Нұрымжанова
Тел: 92-58-47