Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazakhsky_kniga.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
180.7 Кб
Скачать

11. Іскерлік хат жазысу

Сөздік

іскерлік хат жазысу – деловая переписка

көлем – объем

түсініксіз сөздер – непонятные слова

«түрлі-түсті» - «цветастый»

ұнату – нравиться

  артықтьғы жоқ – не лишне

   көңіл айту -  соболезнование

 назар – внимание

 әлеуетті – потенциальный

 

Хат – эпистолярлық қарым-қатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдаяттарға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы жағынан хаттың бірнеше түрі болады.

Іскерлік хат жазысу – іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчестволық қабілетіне де байланысты болады.

         Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі – оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемін 1-1,5 беттен асырмаңыз. екінші талап – хаттың анық және айқын жазылуы. Іскерлік хатта түсініксіз  сөздерді қолданбау – оған қойылатын үшінші талап. Сол сияқты іскерлік хаттарда стильді тым «түрлі-түсті» етіп жіберетін басы артық сын есімдер қолданылмағаны жөн.

         Осылайша стандартты түрде жазылатынына қарамастан, адресант үшін оны творчестволықпен жазуына мол мүмкіндік бар. Ол үшін адресаттың нені ұнататынын, немен айналысатынын біліп алудың артықтығы жоқ. Орнымен әзілді де қосып жіберуге болады, әдетте мұндай хаттар тез оқылады әрі есте ұзақ сақталады.

         Қазіргі кезде іскерлік хат жазысуда «мен» жіктеу есімдігі қолданылмайды, «Мен сұраймын» дегеннің орнына тек «сұраймын» деп қолданылады, сондай-ақ «Мен орындадым» дегеннің орнына «Орындалды» деп қолданылады.

         Іскерлік хат жазысу түрлері:

- сауда-саттыққа байланысты келісімдер ;

- алғыс хаттар:

- құттықтаулар;

- кешірім сұрау;

- талаптар;

- көңіл айту.

Іскерлік хат жазысуда қолданылатын тәсілдер көп, біз неғұрлым

жиі кездесетін жалпы мәселелерді бөліп көрейік:

Әлуетті клиентке не қажет?

Негізгі мазалайтын ойлары қандай болуы мүмкін?

Оны қандай жағдайлар күмәндандырады?

Қаржы мәселесін қалай шешкісі келеді?

Оны қазіргі уақытқа дейін мазалайтын проблемалары болды ма екен?

Оның мақсаттары қандай? 

         Тағы бір ескеретін нәрсе: хат мәтіні мына сұлба бойынша түзілуі керек: назар – қызығушылық - өтініш – іс-әрекет.

Назар аудару:                     Қадірлі           ------------------------------------

                                Біз  сізге бір өте маңызды нәрсе жайлы хабарлағымыз  келеді

 

Қызығушылық:     Біз Сізге өміріңізді түпкілікті өзгертетін нәрсені                                                                                                                                                                     

                                ұсынамыз.

Өтініш:                   Бізге осы игілікті, патриоттық іске өз үлесін қосуға даяр              

                                 адамдардың көмегі қажет.

 

Іс-әрекет:              Біз сіздерді мыңдаған мейірімді адамдар қатарына        

                               қосылуға шақырамыз

Мақсатына қарай хаттың бірнеше түрі бар:

-         баяндау мазмұнындағы хат (хабарламахат, өмір, қызмет, оқу туралы хат);

-         әсер ету мазмұнындағы хат (шақырухат, өтінішхат, талапхат, сауалхат, кеңесхат, ескертухат);

-         эмоционалды-бағалау мазмұнындағы хат (арызхат, көңіл айту хаты, мақұлдаухат);

-         этикет мазмұнындағы хат (құттықтаухат, алғысхат, кешірімхат, байланыс орнату хаты)

Іскери хаттың нақты құрылымы болады: басталуы, негізгі мазмұны және соңы. Хаттың басталуында хатты жазған ұйымның атауы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі.  Хаттың негізгі мазмұнында әдетте, осыған байланысты, осыған орай, сол себепті, біздің ойымызша,мүмкіндік болса,Сіздің атыңызға, Сіз басқарып отырған мекеме сияқты орамдар қолданылады.

Хаттың соңында хат жазушы адамның лауазымы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі, лауазымды адамның қолы қойылады.

 

♦ Есте сақтаңыз!

Мемлекет пен кәсіпорын                арасындағы         байланыс

Жеке тұлға мен заңды тұлға                                         хат

өкімет пен халық                                                         

бастық пен қарамағындағы адам                                    қарым-қатынас

әріптестер достар 

 

♦ Есте сақтаңыз:

Қоныстануға арналған ықтиярхат – вид на жительство

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]