
- •1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
- •2.Қаржы ж/е қаржылық қатынастарға сипаттама беріңіз.
- •3. Қаржы ресурстары, қаржы қорлары
- •4. Қаржының экономикалық категориялармен өзара байланысы. (Баға, несие, еңбекақы)
- •6.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •7.Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру міндеттері.
- •8. Фискалдық және монетарлық саясат.
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •Фискалды (салықтық бюджеттік):
- •Монетарлы (ақша несие саясаты)
- •10. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.
- •11. Қаржылық бақылау.
- •12. Қаржылық басқару.
- •13. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері, ерекше белгілері, сыныптамасы.
- •14. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы, қаржыландыру көздері, әдістері.
- •16.Мемлекеттің қаржысы.Мемлекет қаржысының кірістерін атап,сипаттамалар беріңіз.
- •18.Сақтандырудың экономикалық мәні,функциялары
- •19. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
- •21. Мемлекеттік бюджет мәні,рөлі,құрылымы.
- •22.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.
- •23. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- •25.Салық механизмі.
- •26. Салық элементтеріне сипаттама беріңіз.
- •30. Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
- •32. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
- •33.Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері
- •35. Бағалы қағаздар рыногы, бағалы қағаздың түрлері.
- •37. Инфляция,олардың түрлері
- •38. Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •39. Бағалы қағаздар ерекшеліктері мен қызметтері.
- •40. Қаржы нарығының мәні, функциялары
- •41. Мемлекет қаржысындағы шығарып тастау және бөлгіштік қағидасының мәні.
- •42. Қр Ұлттық қорын қалыптастыру,пайдалану және басқару.
- •44. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
- •46. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •47. Қаржы рыногы, маңызы, ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы.
- •48. Салықтық бақылау мен жоспарлау.
- •50. Салық жүйесі бойынша Лаффер қисығы
- •53. Мемл-к несие,мемл-к қарыз,мемл-к борыш.
- •54. Қр салық ставкасы
- •55. Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері
- •56. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.
- •57. Мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу түрлеріне сипаттама.
- •58.Сақтандыру мен қаржының байланысы.
- •59. Қаржы нарығы құрылымы.
1.Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары, рөлі
Қаржы – бұл мемлекет пен ш.ж.с.-де ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға,оларды қоғамдық,әлеуметтік ж/е басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың 1 бөлігін бөлу ж/е қайта бөлу процесінде туындайтын ақша қатынастары. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады. Қаржының мәніақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.Бөлу ж/е бақылау функциялары – бұл эк-қ процестің 2 жағы..Бөлу функциясықаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:1)қаржылық - бюджеттік әдіс.Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;2)несиелік - банктік әдіс.Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.Қаржының бақылау функциясы арқ. ақшалай қаражаттардың қай бағытта,мақсатта,мөлшерде жұмсалып жатқаны қадағаланады.Бақылау ф-сы – коммерциялық есеп пен маркетингтік операцияларға байланысты. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:1)қаржылық-шаруашылық бақылау.Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;2)қаржылық-бюджеттік бақылау.Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;3)кредиттік-банктік бақылау.Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:1)қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысқан;2)қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына — материалдық өндіріске, айналыс пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;3)қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады. Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;3) бақылау функциясы.Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясың - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, Нәтижесінде қоғамда дәйскті түрде сан алуан ақша қорлары — орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтаңдырылмаған (аймақтық жән жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші фунщиясы арқылы жүзсге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндсгі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады.