Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

9. Туризм формаларының сипаттамасы.

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша туризмнің үш негізгі түрі бар: емдік, спорттық-сауықтыру жəне танымдық.

Емдік туризм – ең танымал және ең көп таралған медициналық туризмнің бағыты. Ол ежелгі заманнан бері келе жатыр. Ежелгі гректердің өздері денсаулықтарын түзету үшін Эпивдаврдегі Асклепия емдеу құдайының қасиетті жеріне барған. Ол жерде қонақ үйлер, моншалар, гимнастика мектебі, болған. Римнің қираған үйінділері (минералды сумен емдеу) сияқтылар еуропалық бірнеше елдерінде сақталып қалған. Курортология емдік туризм негізінде белсенді түрде Еуропада 17ғ. Бастап дами бастаған.

Емдік санаторийлер мен пансионаттар - төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т.б.) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көп профильді, әдетте курорттар мен емдік сауықтыру орындары шегінде орналасқан. Жинақта бірлік саны туралы, науқастарды қабылдауға дайын, олардың саны ең көп айдағы, төсектер (орындар) туралы және емделіп демалған адамдар саны туралы деректер көрсетілген.

Санаторий-профилакторийлер - төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу - алдын алу ұйымдары.

Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік - экскурсиялық қызмет көрсету, және, әдетте, курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтар-дың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.

Спорттық-сауықтару туризмі – қатарынан екі функцияны атқаратын, яғни спорттық және сауықтыру бағытында жүргізілетін туристік шара. Оның мынадай түрлері бар:

Жағажайда шомылу, жаяу жүру, тауда жаяу жүру, тау шаңғы, суда, су астында, альпинизм, агротуризм, спелеотуризм, желкенді-ескекті, жүгіру, велосипедті, дельтапландық, салт атты, мотоциклді.

Танымдық туризм - туристердің табиғатты, мəдени-тарихи

орындарды, этнографиялық шаруашылық жəне басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным

– адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі.

Табиғи-климаттық көрікті орындарына қолайлы климат, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады.

Мəдени-тарихи орындары – бұл сəулетті ескерткіштер, мұражайлар, көркем галереялар, театр жəне басқа да объектілердің жиынтығы.

Этнографиялық объектілерге – жергілікті халықтың салт-дəстүрі, киімі, асханасы, фольклор жəне басқа да халық шығармашылықтары жатады.

Шаруашылық объектілерге белгілі бір аудан шарашылығының жетістіктері жатады.