Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.

Технологиялық баға беру адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-əрекеттің "технологиясы" мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, бүкіл рекреациялық жүйенің жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды.

Көпшілік географтардың пікірі бойынша, территорияның туристік-рекреациялық ресурстарына баға берудің ең жақсы негізі – ландшафт картасы болады, өйткені бұндай жағдайда бағалау объектісі синтетикалық бірлік(территориялық табиғи кешендер)болады. Баға беру жұмысының қорытынды кезеңі – бұл бағаның түрін табу. Қазіргі жағдайда баға берудің екі түрі бар: сапалық және баллдық. Рекреациялық мақсат үшін табиғат жағдайларына объективті баға мөлшерін берумен әлемнің көптеген елдерінің ғалымдары айналысуда. Сондай зерттеудің ішінен өте жоғары көңіл аударуға жататыны, біздің көзқарасымызша, Д.И.Мухинаның «Табиғи кешендерге технологиялық баға берудің әдістері мен принциптері» атты еңбегі (1973), бұнда рекреациялық бағалау үшін әдістемелік ұсыныстар келтірілген және КСРО-ның табиғи провинцияларына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы Ю.А.Веденина мен Н.Н.Мирошниченконың(1969) жұмысы бар.

32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.

Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи- мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-əрекеттер басымды болып келеді.

Туристік ауданның ерекшеліктері:

1. Туристік ауданның өнімі – халықтың физикалық жəне рухани күшін қалпына келтіруге жəне кеңейтуге арналған туристік қызметтер.

2. Туристік аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда қоғамдық ұдайы өндірісінің төрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату жəне тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында (өндіріс пен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдын ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет.

3. Туристік аудандар ресурстарға бағытталады. Яғни тау-кен, балық,

орман өндірістік салалармен жəне ауыл шаруашылық аудандармен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.

4. Көптеген туристік аудандарға тəн қасиет табиғи ырғақтарға сəйкес мезгілмен жұмыс істеуі. Рекреациялық үшін территорияны аудандастыру жəне оған баға беру табиғи, экономикалық, əлеуметтік, физиологиялық, экологиялық жəне басқа да факторларды ескереді. Туристік аудандастырудың əдістері

аудандастырудың мақсаты мен масштабына байланысты:

1) шаруашылық дамуының перспективті жоспарларын технико-

экономикалық жағынан дəлелдеу үшін елдің ірі аймақтарының туристік потенциалын анықтау;

2) жеке областардың территорияда халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтау;

3) жоспарда белгіленген демалыс зоналарында нақты туристік

объектілерді орналастыру Туристік-рекреациялық аудандастыру жөнінде мəліметтер өте аз. ТРЖ-нің иерархиясы, таксономиясы туралы Е.А. Котляровтың (1978), Н.С. Миро-ненко мен И.Т. Твердохлебовтың (1981) жұмыстарында айтылған.

Қазірдің өзінде-ақ азды көпті тұрақталған таксономиялық сатылы территорялық рекреациялық жүйені байқап көруге болады. Мысалы, біздің пікірімізше, екі ірі автордың жұмысын алып қарауға болады.

Е.А.Котляровтың (1978) айтуынша, туристік-рекреациялық аудандастырудың таксономиялық мөлшері 4 сатылы жүйеде болғаны дұрыс:республика(өлке, облыс),аудан,рекреациялық жер,рекреациялық шағын аудандар. Н.С.Мироненко және И.Т.Твердохлебов (1981) бұл жүйені шынжырдың 5 буыны ретіндке көреді:республикалық зона(аймақ),рекреациялық макроаудан,рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт.Туристік-рекреациялық аудандастыру туристік саланы жоспарлау мен басқарудың негізін құрайды. Туристік аудандастыру арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының қоғамдық әсерлі өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады.