- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
Бұрынғы Кеңес Одағында "рекреациялық география" мен "туризм
географиясы" ұғымдар əр түрлі ғылым пəні сияқты қабылданды. Уақыты жағынан ТМД елдерінде ең алдымен рекреациялық география (В.С. Преображенскийдің теориясы, 1975) пайда болды. Туризм географиясы кейінірек дами бастады. Бұл екеуінің ара қатынасы мынадай: рекреациялық география – бұл мəні жағынан демалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының ішінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер əр түрлі болып табылды. Кейбірлеулері оларды пəнаралық ғылымдарға жатқызса, ал
басқалары оларды қоғамдық-география ғылымына жатқызды. Бұл мəселені шешу үшін талғау жасаумыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пəнің қарастырайық.
Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып тұратын екі түрлі ғылыми пəн деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдық география (əлеуметтік-экономикалық) пəнінің саласына жатқызады. Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдар халық шаруашылығының екі саласын – рекреациялық сала мен туризм жүйесін оқытып түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі – рекреациялық жəне туристік қызметтер. Олар халықтың əлеуметтік-мəдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге əлеуметтік жəне экономикалық табыс əкеледі.
Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пəндерін қоғамдық
географияның зерттеу объектісі мен пəнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), "Қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын "ойкумена" – қоныстанған, игерілген немесе, былай айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына қаратылған жердің географиялық қабығының бір бөлігі". Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаған ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен оның айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік),
əлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық жəне басқа да сфераларды қамтиды.
Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (əлеуметтік-
экономикалық) географияның пəні болады (А.И. Чистобаев, М.Д.Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз – ойкуменаның кеңістік- уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пəні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға анықтама беруге тиіс: "Экономикалық жəне əлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастыруын оқып-үйретеді" (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның белгілі бір
сферасының кеңістікте ұйымдастыруын оқып-түсіндіреді. Олардың өзінің зерттеу объектісі мен пəні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пəндері болып, олар да осындай жағдайларға тəн болып саналады. ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарының соңында жəне 80-ші жылдарының басында "демалыс", "рекреация", "туризм", "экскурсия" деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981):
"демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-əрекеті"; "рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру, спорттық, танымдық жəне мəдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы"; туризм – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми əдебиеттер бойынша, "туризм деген – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге
саяхаттау кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Əрине, егер де бұндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе". Сонымен, туризм деген түсінік – ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі; "экскурсия – бұл танымдық, ғылыми,
спорттық немесе көңіл көтеру мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын жəне түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу".
1971 жылы кеңес одағының əдебиетіне В.С. Преображенский мен
Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге ұшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пəндерге жатады.Территориялық рекреациялық жүйелердің пайда болуы, орналасу заңдылығын оқып-білу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-əрекетінің ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пəні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара
байланыстарды анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін əдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.
Туризм географиясы экономикалық пəндерге жатады. Оның зерттеу
пəніне:
– шаруашылық кешеннің қалыптасуында туризм мен туристік əрекеттің ролі;
– туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық əрекеттердің
аумақтық түрлері кіреді.
Адамның кез келген іс-əрекеті, оның ішінде рекреациялық іс-əрекет те, бір жағынан кеністік пен уақытта іске асады, ал екінші жағынан осы əрекет кезінде кеңістік пен уақыттың ерекше түрлері қалыптасады. Мысалға, рекреациялық уақыт əлеуметтік уақыттың бір бөлігі ретінде, рекреациялық кеңістік – əлеуметтік кеңістіктің бөлігі ретінде қарастырылады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаның рекреациялық
шағын жүйесі жатады. Ал екеуінің зерттеу пəндері əр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пəніне халықтың рекреациялық əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пəніне туристік əрекетін аумақтық ұйымдастырылуы жатады.
