
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
Қазір туризм анықтамалары екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық жəне концептуалдық. Біріншілері айасы тар мамандық қасиетке ие, оның экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жəне басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар және нақты тапсырманы шешу құралы ретінде қызмет етеді.Мысалы, туризмді статистика мақсаты үшін анықтау. Екіншісі, концептуалды немесе мəнін көрсететін анықтама, пəнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады және оны жиі байланысатын,бірақ шығу тегі ер түрлі ұқсастарынан айыруға көмектеседі.
Туристік жүйе-оны қоршаған ірі орталармен бірге қарастырғанда күрделі құрылғы экономикалық,әлеуметтік,технологиялық,саяси және экологиялық бір бүтін болады. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты әсерін тигізеді,оның әсері 2 түрлі болады:бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндіктер туғызса, басқа бір жағдайда керісінше әсерін тигізіп,тіптен жойылып кету қаупін туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі қоршаған сыртқы өзгерістерге бейімделіп отыру керек.
8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмді аумақтық ұйымдастыру мен дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мəні – туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсету.
Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсетуге мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымның дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтерге сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.
Туризмді əр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына жəне т. б.
Бірақ, саяхаттың мақсаты – негізгі белгі болып табылады.
Туризмнің формасы мен кластардан айырмашылығы оның түрлері əр алуан болып табылады. Олар бірқатар факторларға байланысты:
- бос уақыттың пайда болуына жəне ұзақтығына;
- туристердің жасы мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық молшылығына;
- табиғи жағдай мен мезгілдің əртүрлілігіне;
- қозғалу тəсілдерінің пайда болуы жəне т.б.
Сапардың мақсаты, шарты, бағыты мен масштабы бойынша туризмді кластарға жəне түрлерге бөлуге болады.
Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша туризмнің үш негізгі түрі бар: емдік, спорттық-сауықтыру жəне танымдық.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық жəне сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық жəне еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.
Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы
құрастырылып жіктеледі. Туристік ағымның бағыты бойынша, сонымен қатар құқықтық статусы бойынша туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) жəне халықаралық
(шетелдік). Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз
байланысты – кіру жəне шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан елін немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – бұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады.
1993 жылы ДТҰ-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, жеке айтсақ жаңа ұғымдар қабылданды: ұлттық туризм жəне ел ішіндегі туризм. Ұлттық туризм ішкі жəне шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм – ішкі жəне кіру туристік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық жəне басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды (паспорт, виза жасау) толтырып, валюта жəне медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық
туризмнің ерекшелігі болып саналады жəне ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар тудыруда. Профессор Бернекер австриялық туризмологтың айтуынша «Қанша авторлар бар, сонша анықтамалар ды пайда болады». Көп авторлар оның басты мəселесін бір ауыздан мақұлдайды жəне саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл
көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс мен көңіл көтеру мақсатымен саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70%-ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді. Көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты ролді танымдық туризмге береді.
Іскерлік туризм – бұл жұмыс мақсатымен сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға жəне көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм – бұл туризмнің ең перспективті саласы. Туризмнің түрлері əр алуан белгілері бойынша классификацияланған.
Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) əуесқой (өз жоспары бойынша); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен
маршрут бойынша турларды сатып алады.
Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы – əуесқой жəне жабайы
туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Əуесқой туристердің
жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Əуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке жəне топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, əдетте, қатысушылардың тілек-
талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мəдени- өнер жəне тарихи болуы мүмкін.
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық жəне көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі жəне спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта
техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты. Су туризмінің серуендеу жəне спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғысы спорты, каноэда еспе,
желкенді кеме спорты жəне т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады жəне теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешен-дерде кең тараған.
Су астындағы аңдарды суретке түсіру, олардың өмірімен танысу
мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі əйгілі болып келеді. Балық жəне аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның таны-малдық түріне жатады. Шетел туризмінің ішіндегі
ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.
Соңғы жылдары тау шаңғысы туризмі жылдам дамуда. Арнайы тау шаңғысы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа жəне ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тəулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тəуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.
Саяхаттың ара қашықтығына қарай туризм жақын жəне алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.
Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық жəне мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы. Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типті жəне б) қонақ үй типті емес. Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық, б) экскурсиялық жəне в) арнайы туризм.
Рекреациялық туризмге – емделу жəне сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама жəне маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та
бұл көрсеткіш 90% құрайды. Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл
толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында – Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристік іс-əрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нəтижесі болды. Бірте-бірте коммер-циялық туризмге қарсы əлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Əлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес, туристік
мекемелерге де өте тиімді. Сонымен, əлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет жəне мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында ғана "жасыл" қозғалыс толқынында пайда болды жəне елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды, соңдықтан да оның қалыптасқан туризмнен айырмашылық-тары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер/:
– экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті,
көзтартарлықтай жерлері болуы;
– туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқа-сында
қолданғанмен, тозбайтындай табиғи жəне мəдени потенциалды
территорияның болуы;
– басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды жəне
энергосыйымдылығының болуы;
– экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – эколо-гиялық білім беру жəне экологиялық ойды қалыптастыру;
– бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың əлеуметтік-
экономикасын көтеретіндей дəрежеде болуы.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи
жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды əр түрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиетті "хаджа" орталығы – Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын əр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Сонымен, туризм классификациясының ғылыми жəне практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге жəне дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге əсерін тигізеді.