Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.

"Туризм" мен "турист" түсініктері əдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, əсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. "Туризм" жəне "турист" түсініктер француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз

білімін толықтыру үшін француздық, итальяндық, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды "grand tour" деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.

1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсатымен жасалынатын саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда əр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай, уақытты кетіріп жүретінді турист деп атады.

Ресми түрде ғылыми əдебиетте "туризм" түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында "Archіv fur Fremdenverkehr" (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.

Туризм өте кең түсінік, əдебиет бетінде туризмнің əр түрлі

анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар "əр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды" туризмге жатқызды. КСРО–да 1952-ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: "Туристік саяхат деп каникул жəне ұзақ уақытты демалыс

кезінде біздің еліміздің əр түрлі аудандарында болып, сол елдің

халықтарының өмірімен жəне мəдениетімен танысу, социалистік

құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, əскери жəне революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз" – деді. Туризмге қысқа да, сəтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңестік

Энциклопедия) берді: "туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы".

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, "туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік сұрақтардың жиындысы" – деп анықтама берді.

Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық жəне концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық жəне басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мəнін көрсететін анықтама, пəнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

Тарихи даму процесінде "туризм" мен "турист" деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы "турист" деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болды жəне азғантай түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары "турист" ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының

жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм жəне саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды.

Бұл деген туризмнің теориялық жəне практикалық жағынан маңызының зор екендігін жəне оған берілетін анықтаманың толық та дəлірек болу керектігін көрсетеді.

Қазіргі шақта 1963-ші жылы Рим конференциясында енгізілген,

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қабылдаған халықаралық тəжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама: "Туристер – өзінің тұрақты елі емес, ақша табатын іс-əрекеттермен айналыспайтын, басқа бір елге қандай да болмасын мақсатпен келуші адамдар". Бұл анықтама мыналарды қамтиды: туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады жəне олардың саяхат жасау мақсаттарын мынадай топтарға біріктіреді: а) бос уақыттарын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға пайдалану; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысу немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысу;