Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

33. «Туристік аудан» түсінігі.

Туристік ауданды "туризм үшін əлеуметтік-экономикалық, мəдени-

тарихи жəне табиғи-географиялық жағдайларды біріктіретін территориялық бірлік" ретінде қарастырсақ, онда туристік аудандардың шекарасы əкімшілік аудандардың шекарасына сəйкес келеді деп айтуға болады. Яғни əкімшілік аудандар – бұл нақты белгіленген əкімшілік аумақтар. Əкімшілік аудан дегеніміз не? Бұл төменгі сатыда орналасқан əкімшілік- шаруашылық аудан, яғни біздің елімізде қабылданған территорияны экономикалық аудандастырудың бастауыш ұйымы (бірлігі). География əдебиетінде "туристік аудан" мен "туризм ауданы" деген ұғымдарды жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территориялық бірлік, ал туризм ауданы – туризмнің таралу аймағы Туристік аудан экономикалық-географтардың зерттеу объектісіне жатады.

Туризм ауданы – сəулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді.

Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-əрекеттер басымды болып келеді.

Туристік ауданның ерекшеліктері:

1. Туристік ауданның өнімі – халықтың физикалық жəне рухани күшін қалпына келтіруге жəне кеңейтуге арналған туристік қызметтер.

2. Туристік аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда қоғамдық ұдайы өндірісінің төрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату жəне тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында (өндіріс пен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдын ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет.

3. Туристік аудандар ресурстарға бағытталады. Яғни тау-кен, балық,

орман өндірістік салалармен жəне ауыл шаруашылық аудандармен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.

4. Көптеген туристік аудандарға тəн қасиет табиғи ырғақтарға сəйкес мезгілмен жұмыс істеуі.

34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.

Туристік шаруашылықты тура жəне жанама түрге бөледі. Олар бір-

бірімен тығыз байланыста болады. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары жəне т. б. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер. Екінші топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер анда-санда да пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық жəне мəдениет мекемелері. Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай

төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтандыру,

коммуникациялық жəне қосалқы. Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады. Көп нəрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы – түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансионаттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, палаткалар жəне т. б.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық жəне аралас түрлерін айырған жөн.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.

Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда жəне ауада жүретін болып жіктеледі.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз арқылы тасымалдау

басым болды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылы саяхаттау 80 сағатқа созылса, ал ұшақпен 8 сағатқа ғана болады. Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады. Круизді саяхаттың алғашқы гиді болған – ағылшын жазушысы Уильям Теккерей.

Көлік, түнеу жəне тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен, қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан əр түрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды. 1.Ғимарат құрылыстар,туристік сол жердің байлықтарын көріп,тамашалауға көмегін тигізеді,өйтені көбінесе туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу;

2.Туристердің спортпен айналысуына мүкіндік туғызу; 3.Туристердің көңіл көтеруін ұйымдастыру;4.Туристерге толық тұрмыстық қызмет көрсететін тұрмыстық қызмет мекемелері; 5.Туристерге керек-жарақ пен сувенирлер шығаратын мекемелер; 6.Ақпараттар желісі немесе туристік саяхат жарнамасы, туристерге толыққанды, жан-жақты түсінік беріп тұратын гидтердің қызметі. 7.Туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар.

Аймақтағы шаруашылық іс-əрекеттерді белсенді жүргізу үшін,

көрсетілетін қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор.