
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
27. Туристік өнімнің құрылымы.
Қандай бір фирма болмасын оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі жəне жылдам таралуы да соған байланысты.
Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлікке бөлінеді:
- тур;
- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;
- тауарлар.
Тур келесідей бөлінеді: 1) туристік пакет жəне 2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік пакетті туроператорлар ұсынады жəне маршрутта міндетті
түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:
– туристерді көлікпен демалыс орнына апару жəне алып қайту:
– трансфер;
– орналастыру жəне тамақтандыру;
– міндетті түрдегі экскурсиялық жəне мəдени бағдарлама.
Туроператор туризмде маңызды роль атқарады, себебі ол əр түрлі
қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру жəне т.б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.
Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік
нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің
айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін турагент комиссиялық сыйлық алып тұрады, негізінен турдың жалпы бағасынан 7-15%.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.
Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынның құрылымы
келесідей бөлінеді:
– тур – 50%;
– қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;
– тауарлар – 20%.
Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны жəне т. б. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына сатып алады.
Тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік карталар жəне қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит тауарлар жəне т.б. жатады.
Туристік сұраныс жəне ұсыныс туризмнің экономикалық құрылымның элементі ретінде туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды.
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке кететін шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.
28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
Территорияның туристік сыймдылығы рекреациялық іс-әрекеттер жузеге асатын аудандағы сол рекреанттар тусиретин салмақ және ол белгілі бір мөлшерде шеклумен жүзеге асады. Бұл халықтың толық демалуын қамтамасыз етумен жəне рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты.
Территорияның туристік сыйымдылығын зерттегенде туристік-
рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз əсері байқалуда.
Бұл жағдайда табиғатқа əсер ететін рекреациялық салмақтың мəселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін жəне рекреациялық əрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты оңтайлау проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мəні – нормативтер жасау арқылы табиғатқа əсер ететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дəлелдеу.
Экономикалық аудан жəне ел деңгейінде туристік сыйымдылық
деген түсінік оптималді рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмір деңгейіне, еңбек ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тəуелділігін көрсетеді. Рекреанттар ағымының мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық ресурстардың қорына, инфрақұрылымның даму сатысына тікелей тəуелді.
Территорияның туристік сыйымдылығы салмақпен байлнысты. Салмақ бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын
рекреанттар саны.
Жасанды соқпақтар жасап, аумақты жақсы жабдықтағанда, оның
сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе көтеріледі.
Территорияны жақсы жабдықтағанда, сүрлемдер мен жолдар жүргізгенде территориялық сыйымдылығы кешеннің табиғи сыйымдылығымен.
Экологиялық салмақты оңтайлау мен туристік-рекреациялық ресурстарды сақтау мақсатында демалыс орындарды аумақты ұйымдастыру жөнінде айтылған.