Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар ерте

заманнан байқаған. Солай болса да, тек ХІХ жүзжылдықтан ғана бастаптуризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі əсерін тигізе бастады.Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне байланысты,кейбір елдер мен аймақтарда ХХ ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын "туристік индустрия" деп атай бастады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін туризм аудандарын шаруашылық жағынан

игеру қажет.Туристік шаруашылық дегеніміз əр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені,олардың құрылуы жəне дамуы туристердің келуі жəне тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратынь салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.Туристік шаруашылықты тура жəне жанама түрге бөледі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет

көрсететін мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары жəне т. б.

Олар, атап айтқанда – туристік объектілер. Екінші топқа туристерге

арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер анда-санда да пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық жəне мəдениет мекемелері. Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай

төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтандыру,

коммуникациялық жəне қосалқы.Қандай бір саяхат болмасын ол туристерді орналастырудан басталады.Көп нəрсе осыған байланысты. Туристерге ұсынылатын қызметтердіңішіндегі бастысы – түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ

үйлері, пансионаттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар,

мотельдер, кемпингтер, палаткалар жəне т. б.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудыңда үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлеріжанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтанумекемелерінде ұйымдастырылады.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық жəне аралас түрлерін айырған жөн.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте күрделі.

Туристік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда жəне ауада жүретін болып жіктеледі.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз арқылы тасымалдау

басым болды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылысаяхаттау 80 сағатқа созылса, ал ұшақпен 8 сағатқа ғана болады.Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады.Круизді саяхаттың алғашқы гиді болған – ағылшын жазушысы Уильям Теккерей.Көлік, түнеу жəне тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің ішінен,қосалқы қызметті бөліп қарау керек. Ол өзінің мақсаты жағынан əр түрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топтықұрайды.Аймақтағы шаруашылық іс-əрекеттерді белсенді жүргізу үшін, көрсетілетін қызмет түрлерінің осылайша бөлінуінің маңызы зор.