
- •1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.
- •2. Рекреациялық география жəне туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы.
- •3. Туризмнің даму тарихы.
- •4. Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу.
- •5. Қоғамдық-географиялық ғылымының жаңа бағыты – туризм географиясы, оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаты мен міндеттері.
- •6. Туризм географиясында пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен атау сөздер.
- •7. Туризмнің жүйе ретінде анықтамасы: туризмнің жұмыстық жəне концептуалдық анықтамалары.
- •8. Қазіргі туризмнің классификациясы.
- •9. Туризм формаларының сипаттамасы.
- •10. Туризм класстарының сипаттамасы.
- •11. Туризм түрлерінің сипаттамасы.
- •12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.
- •13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
- •14. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың түрлері.
- •16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.
- •17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.
- •18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
- •19. Туристік шаруашылық (туризм инфрақұрылымы) туралы ұғым.
- •20. Туризмнің концептуалды моделі.
- •21. Туризм индустриясы туралы түсінік.
- •22. Туристік қызмет көрсету сапасының түпкі мəні мен маңызы.
- •23. Туристік өнім туралы түсінік.
- •24. Туризм менеджменті туралы түсінік.
- •25. Туризм маркетингі туралы түсінік.
- •26. Туризм шаруашылық жүйе ретінде.
- •27. Туристік өнімнің құрылымы.
- •28. Территорияның туристік сыйымдылығы туралы түсінік.
- •29. Туристік ресурстарға баға берудің медико-биологиялық типі.
- •30. Туристік ресурстарға баға берудің психологиялық-эстетикалық типі.
- •31. Туристік ресурстарға баға берудің технологиялық типі.
- •32. Салалық əлеуметтік-экономикалық аудан ретінде туристік аудан туралы түсінік; туристік жəне рекреациялық аудандастырудың таксономиялық бірліктері.
- •33. «Туристік аудан» түсінігі.
- •34. Туристік-рекреациялық инфрақұрылым: түнеу базасы, тамақтану базасы, коммуникация базасы, қосалқы база.
- •35. Туризм географиясы – туризмді жүйе ретінде көрсететін кешенді географиялық ғылым.
- •36. Туристік сұраныс пен ұсыныс туралы түсінік, туризмнің шаруашылық дамуына əсері.
- •37. ”Туризм” ұғымының анықтамасы, туризмнің дүние жүзінде дамуы мен оны география жағынан зерттеудің негізгі кезеңдері.
- •38. Туристік мекеме мен туристік ұйым, олардың айырмашылығы.
- •39. Туризм жəне табиғатты қорғау: туризмнің қоршаған табиғи ортаға əсері; ”туристік урбанизация” ұғымы; туристік территорияларды тиімді пайдалану шаралары.
- •40. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: рекреация мен туризм, рекреациялық сала мен туризмьиндустриясы, рекреациялық география мен туризм географиясы.
- •41. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туристік жер, туристік орталық, туристік аудан.
- •42. Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздер: туризм, турист, экскурсант, экскурсия, рекреацияның демалыстан айырмашылығы.
- •43. Туризм географиясы - қоғамдық (əлеуметтік-экономикалық) географиясының жаңа саласы; оның объектісі, пəні, зерттеу əдістері, мақсаттары мен міндеттері.
- •44. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» ұғымдарына берілген анықтамалар.
- •45. Туризм географиясының зерттеу облысы.
- •46. Ежелгі туризмнің сипаттамасы.
- •47. Орта ғасырдағы туризмнің сипаттамасы.
- •48. Xvіі жəне xvііі ғасырлардағы туризмнің дамуы.
- •49. Хіх жəне хx ғасырлардағы – іі Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризмнің дамуы.
- •50. Қазіргі заманда туризмнің дамуы.
- •51. Туристік-рекреациялық ресурстар, олардың маңызды сипаттамалары.
- •52. Саяхаттың мақсатына байланысты туризмнің классификациясы.
- •53. Туризмнің туристік қозғалысқа қатысушылардың жасы жəне əлеуметтіктоптары бойынша классификациясы.
- •54. Туристік саяхаттардың мезгілі мен ұзақтығы бойынша туризмнің классификациясы.
- •55. Ұйымдастыру сипаты мен қаржы көзі бойынша туризмнің классификациясы.
- •56. Қимыл іс-əрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.
- •57. Рекреациялық туризмнің түрлері.
- •58. Экскурсиялық туризмнің түрлері.
- •59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.
- •60. Туроператор мен турагенттің қызметі.
18. Туризмнің дамуы жəне табиғатты қорғау.
Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды жəне басқа да ғылым өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады.
Туристік базалардың салынуы жəне туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді. Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның əсерін өнеркəсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін əсерін "агрессивті" деп те атайды.
Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз əсері əр түрлі, олардың
кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарланатын болса, онда əсерлер күшейіп тереңдей түседі. Ол экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін, олардың ішіндегі өте қауіптілері келесілер:
– туристік шаруашылықтың дамуы нəтижесінде табиғи ортаның
урбандалуы; – көліктің жəне туризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу нəтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы;
– туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан жəне т.б. сулардың ластануы;
– туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты сөйлеуінен жəне көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;
– ландшафт эстетикасының нашарлануы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың əсерінен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз жəне тиімсіз орналасуы, көрікті ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнама плакаттардың болуы;
– табиғи орындардағы туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды тазарту мəселесі;
– табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, əсіресе туристер көп баратын жағажай, таулы жəне шөл дала экожүйелері;
– археологиялық жəне тарихи ескерткіштерге туристерден тиетін зиян;
– жерді дұрыс емес жоспарлау мен туристік объектілерді дұрыс
орналастырмау нəтижесінде экологиялық қауіптер мен мəселелер.
Туризмнің бұндай əсерлерін көре отырып, мамандар маңызды
рекреациялық ресурстарды "туризмнен жəне туризм үшін" қорғауды мақсат етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен
объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақты саясаты жүргізіліп отыр. Бұндай саясаттың ерекшелігі – ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында. Табиғи
кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын туризм түрін "экологиялық туризм" деп атайды. Бүгінгі күнде экологиялық туризмнің басты мəселесіне табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта қолданғанда белгілі бір баланстың, яғни тепе-теңдіктің болуын қамтамасыз ету жатады. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы:
– экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды
пайдаланады;
– бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық жағынан тұрақты;
– экотуризм экологиялық білім деңгейін жəне адам мен табиғат
арасындағы үйлесімділікке бағытталған; – экологиялық туризм жергілікті əлеуметтік-мəдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді;
– туризмнің бұл түрі экономика жағынан əсерлі болып, жүзеге асатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.