Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

16. Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.

Соңғы жылдарда бұрыңғы КСРО-да рекреациялық аудандар жөнінде көп зерттеулер жүргізілді. Рекреациялық аудандастырудың негізіне демалыс, емделу, содан кейін ғана туризм үшін табиғаттың жағдайларына анализ пен бағалауы жатты. Сонымен рекреацииялық аудандастырудың ішінде екі

тенденция пайда бола бастады:

1) Демалыс пен туризм аудандары жеке бір физикалық-географиялық аймақтардың ішінде қалыптасады. Сонда əрбір ірі физикалық-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін.

2) Физикалық-географиялық аудандардың шекарасы рекреациялық аудандардың шекарасымен сəйкес келеді.

Туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи- мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-əрекеттер басымды болып келеді.

Туристік ауданның ерекшеліктері:

1. Туристік ауданның өнімі – халықтың физикалық жəне рухани күшін қалпына келтіруге жəне кеңейтуге арналған туристік қызметтер.

2. Туристік аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда қоғамдық ұдайы өндірісінің төрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс, айырбас, тарату жəне тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында (өндіріс пен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдын ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет.

3. Туристік аудандар ресурстарға бағытталады. Яғни тау-кен, балық,

орман өндірістік салалармен жəне ауыл шаруашылық аудандармен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек.

4. Көптеген туристік аудандарға тəн қасиет табиғи ырғақтарға сəйкес мезгілмен жұмыс істеуі.

Рекреациялық үшін территорияны аудандастыру жəне оған баға беру табиғи, экономикалық, əлеуметтік, физиологиялық, экологиялық жəне басқа да факторларды ескереді. Туристік аудандастырудың əдістері аудандастырудың мақсаты мен масштабына байланысты: 1) шаруашылық дамуының перспективті жоспарларын технико- экономикалық жағынан дəлелдеу үшін елдің ірі аймақтарының туристік потенциалын анықтау; 2) жеке областардың территорияда халықтың демалысын ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтау; 3) жоспарда белгіленген демалыс зоналарында нақты туристік объектілерді орналастыру

Туристік-рекреациялық аудандастыру жөнінде мəліметтер өте аз. ТРЖ-нің иерархиясы, таксономиясы туралы Е.А. Котляровтың (1978), Н.С. Миро- ненко мен И.Т. Твердохлебовтың (1981) жұмыстарында айтылған.

17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мəселелері.

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымды-лығы өзекті

мəселеге айналып барады. Бұл халықтың толық демалуын қамтамасыз етумен жəне рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы

территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты

бірқалыптылығын бұзбайтын жəне демалу жағдайын нашарлатпайтын, максималді рекреанттар саны. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік- рекреациялық іс-əрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал – демалыс пен туризмді ұйымдастыру

үшін табиғаттың, мəдени-тарихи жəне əлеуметтік-экономикалық

құндылықтардың жиынтығы.

Экономикалық аудан жəне ел деңгейінде рекреациялық сыйымдылық деген түсінік оптималді рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмір деңгейіне, еңбек ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тəуелділігін көрсетеді. Рекреанттар ағымының мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық

ресурстардың қорына, инфрақұрылымның даму сатысына тікелей тəуелді.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тəуелді. Дамуы төмен елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын аямай қолданып, жалпы рекреациялық потенциялдың азаюына əкеледі. Мысалға, Африка елдерінде

аңшылық туризмнің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына əкеліп соқты.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттегенде туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Жылан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз əсері байқалуда.

Бұл жағдайда табиғатқа əсер ететін рекреациялық салмақтың мəселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін жəне рекреациялық əрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты оңтайлау проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мəні – нормативтер жасау арқылы табиғатқа əсер ететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дəлелдеу.Салмақ бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар саны.

Соңғы зерттеулердің ішінде "рекреациялық дигрессия" туралы 1972 жылы Н.С. Казанская Мəскеу төңірегінің орман зонасында рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін зерттеді:

1. Адамның іс-əрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.

2. Адамның рекреациялық əсер сирек кездесетін соқпақтардың жəне жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына əкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.