Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

12. Туризм географиясының географиялық жəне басқа да ғылымдар жүйесінде орны.

Туризм географиясы география жүйесінде өз орнын тапқан жоқ.Оны біресе көлік географиясына, біресе саяси географияға, енді бірде халық географиясы немесе шаруашылық, ал кейіннен мәденет географиясына енгізді.Негізінде бұның барлығы соғысқа дейінгі кезеңде болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұл тақырыпта көптеген жерлерде дау-дамайлар болды. Туристік географиялық зерттеліп шешімін тапқанға дейін, яғни дәлірек айтсақ 50-ші жылдары туризм географиясы Канада және АҚШ-та экономикалық географиясы саласы ретінде, туризм географиясы жеке пән болып табылған.

В.С.Преображенский туризм географиясын, экономикалық және әлеуметтік географияның, әрбір басқа саласын, әлеуметтік-географияның пән ретінде, сала екенін анықтады.

Туризм географиясы басқа ғылымдармен, әсіресе, бірінші кезекте экономика және әлеуметтік географиямен(халық георафиясы, қалалар географиясы, қызмет көрсету географясы,мәдени және ауылшаруашылық географиясы), физикалық география (геоморфологиямен, климатологиямен, зоогеографиямен жіне т.б.)

және медициналық географиямен орасан зор байланыста болып тұр.

Экономикалық – әлеуметтік география пәндері туризм географиясында көптеген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Соның ішінде туристік – рекреациялық белсенділікті ұйымдастыру аймағы. Атап айтқанда, туризмді халық шаруашылығы ретінде және экономикалық әсерліліктің сұранысын қамти отырып туристік көлемде анықтау.

Медициналық географияның алатын орны да ерекше. Ең алғашқысы бұл қоршаған ортаның ісерін анықтау және аймақтық өмір шарттарын, еңбек пен демалыстың халыққа тигізетін әсеріне және басқа да медико-биологиялық аспектілердің белсенділігіне қатысады.

Соңғы жылдары көптеген елдерде әр түрлі георафия саласында мамандар, сонымен қатар география туризмі кең көлемде көптеген ғылымдармен бірлесіп табиғат аясын қорғау туралы заң қабылдады.

Туризм геграфиясы мынадай ғылымдармен тығыз байланысады:

1.Қоғамдық ғылымдар-Экономикалық география, Саяси география, Құқықтану.

2.Әлеуметтік ғылымдар-Әлеуметтік география, Әлеуметтік психология, Этнография.

3.Жаратылыстану ғылымдары- Физикалық география, Ландшафттану, Биогеография.

4.Медициналық география-Адам физиологиясы, Медициналық география, Өлкелік патология.

5. Инженерлік – техникалық ғылымдар – Инженерлік география, Аудандық жоспарлау, Картография.

6.Бағыттаушы ғылымдар – Кибернетика, Эргономика, Бағыттаушы география және Т.Б.

13. Туризм дамуының табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың құндылығын анықтау үшін туристік-рекреациялық ресурстарды зерттейді.

Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз туристік-экскурсиялық

қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктердің əсерінен технологиялық дəрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи жəне антропогендік ландшафтардың жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жинағын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық (мəдени-тарихи).

Л.Н. Багрова, Н.В. Багров, В.С. Преображенскийлердің (1977)

анықтамасы бойынша, "табиғи рекреациялық ресурстар – бұл белгілі уақыт ішінде адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс- əрекет үшін қомфортты қасиеттері бар табиғи жəне табиғи-техникалық геожүйелер мен табиғаттың құбылыстары".

"Əлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға" тарихи-мəдени объектілер (ескерткіштер жəне атақты жерлер, мұражайлар жəне т. б.) жəне құбылыстар (этнографиялық, саяси, өндірістік жəне т. б.) жатады. Бұл ресурстар бір жағынан материалдық жəне рухани болып жіктелсе, екінші жағынан қозғалатын жəне қозғалмайтын болып жіктеледі.

Материалдық ресурстар өндіріс құралдары мен қоғамның басқа да

материалдық құндылықтарының жинағын қамтыса, ал рухани ресурстар – қоғамның жетістіктерін білім, ғылым, өнер, əдебиет жағынан қамтиды.

Қозғалмайтын ресурстар тобын тарихи ескерткіштер, сəулет өнерінің объектілері, археологиялық жəне монументтік құрылыстар құрайды.

Қозғалмалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық заттар, минералогиялық, ботаникалық жəне зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер жəне оңай қозғауға болатын заттар жатады.

Тарихи жəне мəдени ескерткіштер негізгі белгілері бойынша бес негізгі түрге бөлінеді: тарихи, археологиялық, сəулет өнері жəне қала құрылыстары, өнер, деректі ескерткіштер.

Тарихи ескерткіштерге үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің

дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.

Археология ескерткіштеріне қалашықтар, ескі үйлердің орны, бекіністер, өндіріс жəне су құбырлары, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер жатады.

Сəулет өнері ескерткіштеріне сəулет ансамбльдері мен кешендер, тарихи орталықтар, алаңдар, көшелер жатады.

Өнер ескерткіштеріне бейнелеу өнері, декаративті-қолданбалы

шығармалар жəне басқа да өнер түрлерін жатқызуға болады.

Деректі ескерткіштер – мемлекет биліктерінің актілері, бейне-,

фотоқұжаттар жəне таспа жазулар, сондай-ақ көне жəне басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар.

Əлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихпен, мəдениетпен жəне қазіргі адамдардың іс-əрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға болады. Мысалы, тамаша салынған спорт кешені, хайуанат паркі, ботаникалық бақтар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық жəне фольклорлық көз тартарлық көрнекті орындар, халық дəстүрлері жəне т. б.

Туризмді дамыту үшін табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық қолайлы жағдайы бар аумақтар өзінен-өзі туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс болса жəне оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктері табылса, онда олар туристік ресурстарға айналады.