Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмология толық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
155.29 Кб
Скачать

1. Ғылыми-техникалық революция, оның оң жəне теріс көріністері; адамның физикалық жəне психикалық күштерін қайта қалпына келтіру мен дамыту қажеттілігі.

Ғылыми- техникалық революция дегеніміз – ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі .

Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.

Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.

Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.

Белгілі бір елдегі ҒТР-дің жайы қандай екенін әдетте өнімді өнеркәсіптік өндіруде ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлесі қандай екеніне қарап ажыратады . Мұндай өнімдерді прибор жасау , электротехникалық машина жасау , авиағарыштық өнеркәсіп және т.б. салалар шығарады .

Ғылым көп пайдаланылған өнім дамыған елдердің сыртқы саудасында барған сайын үлкен роль атқарып келеді . Бұл орайда осы өнім экспортының 90 пайызынан астамы АҚШ , Жапония ,ГФР , Франция , Италия , Ұлыбритания елдерінің үлесінде . Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі экспортымызда нақ осы ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлес салмағын арттыру .

ҒТР – дің ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр . Әлемнің жетекші елдерінің ғасырлар бойғы күш-қуатының тірегі болып келген кейбір салалардың рольдері төмендеп барады , ал ғылым көп пайдаланылатын өнімдер шығаратын жоғары технологиялық енді бір салалар өрлей дамуда .

ҒТР дың адамзатұқа алып келетін пайдасымен қатар зияны да жеткілікті. Адамдар техниканың күшіне сүйеніп жалқау бола бастайды, ресурс тапшылығы айқын байқалады, күнделікті өмір табиғи қалпын жоғалтып виртуалды күйге айналады, адамдар жұмыс істемесе де шудан шаршап рекреациялық қажеттілікті жиі сезінетін болады. Ал рекреациялық қажеттілікті өтеу ондай жағдайды аз ғана мүмкіндік туғызады. Сол себепті ғалам техниканың дамуының шырқау шегіне жетуге талпынбағаны да жөн секілді. Әрине, тек табиғи ортада өмір сүру қиындық туғызады, бірақ тепе теңдікті сақтай отырып техниканы өндіру және оны пайдалану тиімді болады.

Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік өмірдің

объективті жағдайына байланысып, өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру

– өңдіру, айырбастау жəне тарату жағдайына тəуелді. Рекреациялық

қажеттіліктер əлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қалыптасады.

Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-əрекеті кезіндегі

жоғалтатын физикалық жəне рухани күшін, денсаулығын жəне еңбекке

жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет.

Туризм арқылы сауықтыру – адамның физикалық жəне психологиялықшаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының əлеуметтік-экономикалық түпкі мəні өте жоғары, себебі ол миллиондағанадамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.Туристік жорықтарда адамның психо-физиологиялық қасиеттері,дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор.

Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсаттыорындауға тəрбиелейді.

Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалықреволюцияға байланысты. Адамның əлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім

мен мəдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қаттыəсерін тигізеді.

Қазіргі шақта рекреация іс-əрекеттің таңдаулы түріне жатады, оладамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас

жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның əрбір мүшесінің физикалық жəнепсихологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі,казіргі өмір салтының элементі.