Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
finans_2012zhyl.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
123.1 Кб
Скачать

58. Елдің төлем балансы, оның құрамы.

Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында бейнелеп көрсетіледі.

Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар:

  • ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы;“көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды);

  • капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді).

Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі.

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым - қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді.

Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына - операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс - әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады.

59.Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы және келешектегі даму бағыттары.

Сақтандыру- қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымда – сақтық төлемдерді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Эконмиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкелік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Екіншіден, сақтандыру механизімін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкелік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан эконмикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Қазақстанда сақтандыру нарығын дамытудың жаңа бағыттары жасалуда. Соңғы рет мұндай құжат 2004 жылы қабылданған болатын. Осы уақыт аралығында көп жағдай өзгеріп, аталған сала дағдарыстан соң қайта жаңғырды. Сақтандырушылар жеке тұлғаларды сақтандыруға ерекше назар аудара бастады. Алайда екі мыңыншы жылдардың басындағы тұжырымдама ұжымдық саланы сақтандыруды дамытуға бағытталған болатын.Қазақстанның сақтандыру саласының мамандары аталған саланың дамуындағы жаңа тұжырымдамаларды дайындауда. Әзірге құжат үш бөлікке бөлінген. Біріншісі автокөлік иелерінің сақтандыру құқығына байланысты. Екіншісі ерікті түрде сақтандыру құжатын алатын азаматтар, Үшіншісі адам өмірін сақтандыру саласына өзгерістер енгізуді қарастырады. Сақтандыру омбудсменінің айтуынша, бүгінгі күні қолданыстағы заңда авткөлік иелеріне қолайсыз тұстар көп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]