Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
finans_2012zhyl.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.1 Кб
Скачать

54.Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі

Қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып пайдаланылады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен болатын экономикалық қатынастар.

Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қо¬ғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

55.Жергілікті бюджеттердің мәні мен рөлі

Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі. Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді: - билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру; - Бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу. Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады. Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады. Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджеттерін қамтиды. Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]