Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
finans_2012zhyl.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.1 Кб
Скачать

50. Сақтандыру категориясының экономикалық мәні

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты.

Қолайсыз табиғи, дүлей күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторлардың және ақшалай жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс – әрекетімен байланысты экономикалық экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау б.т.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. Қатынастардың ықтималдық сипаты;

  2. Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымды мемлекеттің, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде)

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

  • Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

  • Оның іс – әрекеті ақшалай қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

  • Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

  • Ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде.

51. Зейнетақымен қамтамасыз ету түсінігі және оның экономикадағы рөлі.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын, зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға.

Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз ету Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтық ұйымдарынан жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық – мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған, Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Үкімет уәкілдік берген заңи тұлға.

Орталықтан зейнетақы төлемдері 1998 жылға 1 қаңтардағы жай – күйі бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға заңда белгіленген тәртіппен еңбек өтіліміне бара – бар түрде жүзеге асырылады.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалып, төленіп отырады.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу белгіленетін орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізеді.

Орталық Зейнетақымен қамсыздандыру заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыруға құқығы бар азаматтарға бюджеттік қаражаттар есебінен зейнетақы төлемдерін төлейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]