- •2.Негізгі өндірістік қорлар мен оның айналымы.
- •3.Қаржылық жүйе,оның бөлшектері мен олардың өзара байланысы.
- •5.Қаржы механизмінің құрылымы мен мазмұны
- •6. Шаруашылық субъектілердің қаржы функциялары мен табиғаты
- •7.Кәсіпорындардың қаржылық ұйымдастырылуының негізгі принциптері
- •8.Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысының ерекшелігі
- •9. Қаржы ресурстарының негізгі өсу факторлары.
- •10.Коммерциялық бастамада әрекет ететін шаруашылық субъектілердің қаржысы
- •11.Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде
- •12.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары.
- •.Қаржылық басқару түсінігі мен принциптері мен элементтері
- •14Мемлекеттік кірістердің классификациясы
- •15. Мемлекет шығыстарының қаржыландыру әдістері мен адистери
- •16 Жанама салықтар және оның мазмұны.
- •17.Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері.
- •18.Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •19. Бюджеттік емес қорлар-қаржы жүйесіндегі орны
- •20 .Бюджеттік жүйедегі қосымша қаржыны беру (субвенция) мен алу.
- •25.Бюджеттік жүйе,оның құрамы мен бөлшектердің сипаттамасы.
- •26.Корпаративті табыс салығы және оның бюджет табысын қалыптастыруды алатын рөлі
- •27.Бағалы қағаздар нарығы және оның елдәі қаржы жүйесіндегі орны
- •29.Қаржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты.
- •30 Бюджеттік тыс қорлар,олардың қалыптасу көздері
- •31.Мемлекеттік табыстарды басқару
- •32. Эссе. Қр-ның мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •33.Жергілікті қаржын ың мәні мен мағынасы
- •37. «Мемлекеттік шығыс» түсінігінің экономикалық мәні
- •38.Эссе. Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері
- •39.Экономиканың мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, қажеттілігі мен классификациясы
- •Мемлекеттік кірістердің классификациясы
- •41. Мәдени мекемелерді қаржыландыру: жағдайы және мәселелері
- •42. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •44. Бюджет жүйесі сипаттамасы
- •45.Макроэкономикалық тепе теңдік және қаржы.
- •47. Қаржықатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.
- •49. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларын ұйымдастыру.
- •50. Сақтандыру категориясының экономикалық мәні
- •51. Зейнетақымен қамтамасыз ету түсінігі және оның экономикадағы рөлі.
- •52. Қаржылық органдардың және салықтық қызметтердің бақылауы
- •Зейнетақы қорлары және олардың қр дамуы
- •54.Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі
- •55.Жергілікті бюджеттердің мәні мен рөлі
- •56. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- •57. Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудағы қаржының рөлі.
- •58. Елдің төлем балансы, оның құрамы.
- •59.Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы және келешектегі даму бағыттары.
- •60. Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар, қаржыландыру мәселелері
44. Бюджет жүйесі сипаттамасы
Бюджет жүйесі-экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келдеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік жане унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ та- штаттардың, ГФР да -жерлердің, Канадада -провинциялардың, Ресейде- федерация субьектілерінің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер;
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетке сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан федералды емес, басқарудың Президенттік парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемекет.
Қазақстан Республикасының мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.
45.Макроэкономикалық тепе теңдік және қаржы.
Макроэкономикалық тепе теңдіктің жай күйі мынадай аса маңызды экномикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады: сұраным мен ұсыным; тауар және жұыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.
Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық обьекілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен обьектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса, онда толық макроэкономикалық тепе теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз экономикалық қызметке осы мезетте қоғамда іс әрекет ететін қарама қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез құлықтың топтауларын, әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін тепе теңдіктің қалыпты жай күйі тән қасиет. Мұндай жарым жартылай жай күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым жартылай тепе теңдігінің бір жай күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.
46. қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тарту проблемалары
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.
Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін құру қажет.
Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік инвестициялардың валюталық айырбас принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел инветорларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту керек.
Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:
инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау туралы келісім шарттар жасауға қызығушылық танытқан мемлекеттермен байланысты жалғастыру;
“Кепілдік туралы”, “Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы” заң жобаларын, шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік нысандарды қолдану механизмі бойынша ұсыныстарды қарастырып құру;
Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарында инвестициялық ахуал мониторингі жүйесін қалыптастыру.
Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау үшін инвестициялар жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді құру қажет:
жобалық қаржыландыру және кеңес берушілік көмек көрсету орталығы. Оның мақсаты алдын - ала инвестициялық зерттеулер, жобаларға сараптама жасау, кеңес берушілік - техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруда қызметтің бағытын анықтау;
шетел капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу және шетел фирмалары мен компанияларын аккредитациялау үшін тіркеу палатасын құру;
нақты инвестициялық бағдарламалар мен жобалар, заңнамалық база, салықтық жүйе, инвестициялық саясат бойынша мәліметтер банкін құру және бұл мәліметтермен потенциалды шетел инвесторларын қамтамасыз ету мақсатында, шетел капиталы бойынша ақпараттық орталық құру.
Жоғарыда айтылған шаралар, мемлекеттің шетел капиталын тарту саласындағы саясатын жүргізуге жол ашады.
