
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.
- •3 Тақырып. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Cалық механизмі.
- •2 Бөлім. Меншікке салынатын салықтар.
- •3 Бөлім. Тұтынуға салынатын салық.
- •4 Бөлім. Табысқа салынатын салықтар.
- •1 Тақырып. Корпоративтік табыс салығы
- •5 Бөлім. Арнайы санаттардағы салық төлеушілерге арналған арнаулы салық режимдері.
- •Тақырып. Ойын бизнесіне салық салу.
- •Бөлім. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
- •1 Тақырып. Алымдар, төлемдер және баждар.
2 Бөлім. Меншікке салынатын салықтар.
Мақсаты: Көлік құралдарына салынатын салықтарының салық салу элементтерін, көлік құралдарына салықты сепетеу тәртібі және төлеу мерзімін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1 – тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық
1 Көлік құралдарына салынатын салықтарының салық салу элементтері
2 Көлік құралдарына салықты сепетеу тәртібі және төлеу мерзімі.
Салық төлеушiлер
Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.
Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
Мыналар:
1) жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше см. дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;
двигателiнiң жиынтық қуаты 1000 га егiстiкке 1000 кВт мөлшерiндегi жүк автомобильдерi;
2) өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметiнiң автомобильдерi,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуiштер,
дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер;
тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесi;
өздiгiнен жүретiн дестелегiштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздiгiнен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;
өздiгiнен жүретiн шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жинауға арналған);
3) мемлекеттiк мекемелер;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi аралықта кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:
Салық салу объектiсi |
Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 1500-ден жоғары 2000-ды қоса 2000-нан жоғары 2500-ді қоса 2500-ден жоғары 3000-ды қоса 3000-нан жоғары 4000-ды қоса 4000-нан жоғары
2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса 5 тоннадан жоғары
3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер
4. Автобустар: 12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда 12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса 25 отыратын орыннан жоғары
5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес) Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары)
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса 500-ден жоғары 1000-ды қоса 1000-нан жоғары
7. Ұшу аппараттары
|
1 2 3 6 9 15 117
3 5 7 9
3
9 14 20
1
1
6 18 32 55
әрбiр киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
2. Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, сегiз айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы және он бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 3,0;
2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 0,3.
4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
Салықты есептеу тәртiбi
1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты Салық Кодексінiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екiге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңi iшiнде дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) берушi тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Салық кезеңi iшiнде дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) көлiк құралына меншiк құқығын дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде салықтың жылдық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
2) көлiк құралына меншiк құқығын дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу Салық кодексінде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
5. Иелерiнен айдап әкетiлген және (немесе) ұрланған деп саналған көлiк құралдарын тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органда көлiк құралын есептен шығару кезiнде көлiк құралына iздеу салу кезеңiнде салық төлеуден босату үшiн осы негiз бойынша көлiк құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негiз болып табылады.
Салық мiндеттемесiн орындау iздеу салынған көлiк құралының иесiне қайтарылған кезден бастап, Салық Кодексінiң 51-тарауында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Салық төлеу мерзiмдерi
1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеудi салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
3. Жеке тұлғалар меншiк құқығында 1 қазанға дейiн болған көлiк құралдары бойынша бюджетке салық төлеудi салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрмей жүргiзедi.
4. Салық Кодексінің 368-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 қазанынан кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңi Салық Кодексінің 148-бабына сәйкес айқындалады.
Салық есептiлiгi
Төлеушiлер - заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.
Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.
Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.
2 –тақырып. Жер салығы
Мақсаты: Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттамасын, жерге салығының салық салу элементтерін, жер салығын есептеу мен төлеу механизмі және салық кезеңі мен салық есептілігін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1 Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттама.
2 Жерге салығының салық салу элементтері.
3 Жер салығын есептеу мен төлеу механизмі және салық кезеңі мен салық есептілігі.
Жер салығы жергілікті бюджетке түсімдердің маңызды көзі болып табылады. Президент Жарлығы мен Үкімет қаулысына сәйкес егіннің шығымдылығы, орташа табыс және астықтың бағалары бойынша санақнамалық мәмілеттерді есептей келе жерге төлем мөлшерлемесі жарияланады. Жер тегін және астықтың бағасына кірмейтіндіктен, табыс пен осындай әдіспен шыққан жердің құны нарықтық бағадан төмен болады. Сонымен бірге ипотекалық банк несиелері де төмен боп шығады, ал жер бұрынғыдай нарықтық реттеу жүйесінен тыс қалады.
Жердің теориялық нарықтық бағасы – рынок функцияларын математикалық түрде үлгілеуге (бірдей тауарларға бағаларды теңестіру, тең капиталдарға табыстарды теңестіру және т. б.) негізделеген есептік шама. Мұнда есепке жердің бағасына тәуекелді көрсеткіштерді, мәселен, астықтың өзіндік құнына капитал ретіндегі жерге табысты кіргізетін бағасын қосуға бомайды.
Бұған жердің ресурсы, астық шығымдылығы, инвестициялар мен олардың шығымдылыққа әсері және басқалар секілді макроэкономикалық шамалар жатады. Экономика басқару ғылымы ретінде қол жеткізеге болатын мақсаттарды айқындап қана қоймай, математикалық жолмен де осыған жетуге болатын әрбір адымында, қозғалысқа тексеріске мойынсұнатын шамаларды қатаң түзілдіре алады. Баршамызға белгілі, мақсатқа барар қозғалыс жылдамдығының төмендеуі белгілі бір доғалтуларды тудырады, ал жылдамдықты асыру, яғни басыра реттеу тұрақсыздыққа, тіпті апатқа әкеп соқтыруды мүмкін, сондықтан да динамикалық сипаттамаларды зерттеу және басқару шамаларын бақылау қажет.
Ең ақырында, рынок бірқатар кемшіліктерге ие екендігін атап өткен жөн. Атап айтқанда – инфляцияны тудыратын үлкен кешігу, дағдарыстар, кездейсоқ тербелістер. Бұл кемшілікті компьтердік үлгілеуді қолдану арқылы толық жою мүмкін емес, сондықтан да басқарудың, мемлекеттік және нарықтық экономиканың әсіресе экологиялық экономикадағы өэара әрекетінің маңызы зор.
Жерге деген теріс монполия демеуақы жерге деген теріс монополия демеуақы мөлшерінен асып түсетін қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бір жыл ішіндегі тоқсан-тоқсан бойынша демеуақы шығыны мен келісім-шарттар, сатып алу мен сату есебінен түсімнің дәйекті сұлбасы осы мүмкіндіктерді суреттейді (1-сурет). Алғашқы екі тоқсан ішінде мемлекет жыл аяғында астықты сатып алу бағасынан асып түсетін бағалар бойынша сатумен жабылатын демеуақы шығындарын көтереді. Оң жағында жылдың балансы нөлге тең жерді пайдаланушыға арналған бір жыл ішіндегі түсім мен шығын көрсетілген. Инвестиция кезінде іс басқаша. Екі – үш онжылдықтарға жететін бір шама уақыт ішінде инвестициялар табыс пен қайтарылып келеді, бірақ пайдаланушы да жер капиталының иесі болып шығады. Осыған байланысты жекеше шаруашылықтың тұрақтылығы, оның рыноктағы жер мен капитал төлеміне сәйкес нарық тербелісінің жағдайынында сенімділігі туралы мәселе туындайды. Бір жағынан, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көбінесе жоғары бағаны ұстап тұруға ұмтылуына байланысты өнімнің өсуіне мүдделі емес. Бұл құбылыс біздің тарихтан белгілі, бірақта әдеби көздер бойынша табыста маңызды рөл атқарады. Екінші жағынан, ұсақ фермерлер инвесторлардың сеніміне кірмейді, өсім проценттерінің пайда болуына және көбінесе шаруашылықтық күйреуі мен жер учаскесін сатуға әкеп сағады. Іс өнеркәсіптен гөрі топырақтану мал шаруашылығы секілді өнім шығымының жылдың мезгілімен, сондайақ кездейсоқ сипатта шығымдылықтың тербелісімен байланысты болғандықтан шиеленісе түседі. Осыдан барып фермер қожалығы тұрақтана бастағандағы жерді қоса капитал құнының кейбір мәндерін анықтауға болады. Үлкен жүйе деп аталатын үлгілерге қатысты экономикалық процестерді сипаттаған кезде қара жәшік дәлелі жиі қолданылады. Соңғы жағдайда алынған де терминделген моделдер жаңа байланыстар мен объектілерді жинақтауға, болжауға ыңғайлы.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
елді мекендер жерлеріне;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жердеріне, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);
орман қорының жерлеріне;
су қорының жерлеріне;
запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекемелер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;
тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғиамараттар орналасқан жерлер.
Жердің мынадай санаттары:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
орман қорының жерлері;
су қорының жерлері;
запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға осы Кодекстің 336-бабында белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелері байланысты болмайды.
жер салығы:
меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
Жер салығын төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi жер салығын төлеушiлер (бұдан әрi - заңды тұлғалар) ретiнде қарастырылады.
3. Мыналар:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
2) мемлекеттiк мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeyi:
тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;
гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;
5) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша – "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингiнiң шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.
Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Бөлiнген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнiң қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдiк екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;
4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi.
Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау
1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгiнiң ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерiнiң тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнiң ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желiлерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
Салық базасы- жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
Салық ставкалары
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бiр гектарға есептелiп белгiленедi және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы
|
Базалық салық ставкасы (теңге) |
Бонитет балы
|
Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
0,48 0,67 0,87 1,06 1,25 1,45 1,68 1,93 2,16 2,41 |
51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 |
43,42 44,49 45,55 46,65 47,71 48,77 49,83 50,95 52,01 53,07 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 |
2,89 3,09 3,28 3,47 3,67 3,86 4,09 4,34 4,57 4,82 |
61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 |
57,90 60,63 63,26 65,95 68,61 71,31 73,96 76,66 79,32 82,02 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 |
5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 |
71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 |
86,85 89,55 92,19 94,89 97,56 100,26 102,91 105,61 108,27 110,97 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 |
14,47 15,54 16,59 18,08 18,76 19,82 20,88 22,00 23,06 24,12 |
81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 |
115,80 119,02 122,21 125,45 128,67 131,86 135,10 138,32 141,51 144,75 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 |
28,95 30,01 31,07 32,17 33,23 34,29 35,36 36,48 37,54 38,60 |
91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 |
149,57 154,40 159,22 164,05 168,87 173,70 178,52 183,35 188,17 193,00 |
100-ден жоғары 202,65 |
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгiленедi:
-
Бонитет балы
Базалық салық
ставкасы (теңге)
Бонитет балы
Базалық салық
ставкасы (теңге)
1
2
3
4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
0,48
0,54
0,58
0,62
0,67
0,73
0,77
0,81
0,87
0,96
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
19,78
20,26
20,75
21,23
21,71
22,19
22,68
23,16
23,64
24,12
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
1,45
1,83
2,22
2,55
2,93
3,32
3,71
4,05
4,44
4,82
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
24,61
25,28
25,82
26,44
27,02
27,64
28,22
28,85
29,49
30,07
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
5,31
5,79
6,27
6,75
7,24
7,72
8,20
8,68
9,17
9,65
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
30,69
31,27
31,88
32,46
33,09
33,68
34,31
34,93
35,51
36,15
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
10,13
10,61
11,09
11,58
12,06
12,54
13,03
13,51
13,99
14,47
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
36,71
37,34
37,92
38,56
39,18
39,76
40,38
40,95
41,59
42,17
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
14,96
15,44
15,92
16,40
16,89
17,37
17,85
18,33
18,82
19,30
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
42,18
43,39
44,00
44,62
45,20
45,84
46,38
47,03
47,61
48,25
100-ден жоғары 50,18
Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
Жеке тұлғаларға қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргiзу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
Ауыл шаруашылығына арналмаған, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
Елдi мекендер, өнеркәсiп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерiнiң құрамына кiретiн, ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне Салық Кодексінгдегі 387-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары
Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерде белгiленедi:
Елді мекеннің түрі |
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) |
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) |
1 |
2 |
3 |
Қалалар: |
|
|
Алматы |
28,95 |
0,96 |
Астана |
19,30 |
0,96 |
Ақтау |
9,65 |
0,58 |
Ақтөбе |
6,75 |
0,58 |
Атырау |
8,20 |
0,58 |
Тараз |
9,17 |
0,58 |
Қарағанды |
9,65 |
0,58 |
Қызылорда |
8,68 |
0,58 |
Көкшетау |
5,79 |
0,58 |
Қостанай |
6,27 |
0,58 |
Павлодар |
9,65 |
0,58 |
Петропавл |
5,79 |
0,58 |
Орал |
5,79 |
0,58 |
Өскемен |
9,65 |
0,58 |
Шымкент |
9,17 |
0,58 |
Алматы облысы: |
|
|
Облыстық бағыныстағы басқа қалалар |
6,75 |
0,39 |
Аудандық бағыныстағы басқа қалалар |
5,79 |
0,39 |
Ақмола облысы: |
|
|
Облыстық бағыныстағы қалалар |
5,79 |
0,39 |
Аудандық бағыныстағы қалалар |
5,02 |
0,39 |
Облыстық маңызы бар басқа қалалар |
Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 проценті |
0,39 |
Аудандық маңызы бар басқа қалалар |
Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 проценті |
0,19 |
Поселкелер |
0,96 |
0,13 |
Селолар (ауылдар) |
0,48 |
0,09 |
Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.
Үй iргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға жатады:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшiн:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) қалған елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерде белгiленедi:
Бонитет балы
|
Базалық салық ставкасы (теңге) |
Бонитет балы Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 |
2 |
3 4 |
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
48,25 91,67 135,10 178,52 221,95 265,37 308,80 352,22 395,65 439,07 482,50 |
51 2634,45 52 2690,23 53 2745,95 54 2801,72 55 2857,46 56 2913,24 57 2968,96 58 3024,73 59 3080,47 60 3136,25 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 |
530,75 592,41 654,08 715,68 777,35 839,01 900,67 962,29 1023,96 1084,66 |
61 3188,36 62 3247,75 63 3325,49 64 3364,61 65 3423,05 66 3489,25 67 3539,95 68 3598,39 69 3656,81 70 3715,25 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 |
1138,70 1189,07 1239,35 1287,73 1340,29 1390,66 1441,07 1491,45 1541,88 1592,25 |
71 3769,29 72 3829,64 73 3890,53 74 3951,67 75 4012,79 76 4073,88 77 4135,02 78 4196,15 79 4257,23 80 4319,34 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 |
1646,29 1693,03 1740,76 1788,47 1836,20 1883,87 1931,58 1979,31 2027,02 2074,75 |
81 4371,45 82 4432,57 83 4493,66 84 4554,80 85 4615,92 86 4677,01 87 4738,15 88 4799,27 89 4860,36 90 4921,50 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 |
2126,86 2178,19 2228,61 2278,98 2329,41 2379,79 2340,22 2480,57 2531,00 2582,34 |
91 4975,54 92 5054,48 93 5134,32 94 5214,22 95 5294,09 96 5373,99 97 5453,83 98 5533,73 99 5613,59 100 5693,50 |
100-ден жоғары 5790,00 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа да жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерлердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлер осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жерлер Салық Кодексінің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне Салық Кодексінiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына Салық Кодексінінiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Салық Кодексінің 387-бабының 1-тармағында белгiленген төмендетудi ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауға тиiс.
3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне Салық Кодексінiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жерлердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне Салық Кодексінiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Салық Кодексінiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсiнiледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне Салық Кодексінің 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 378-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерi Салық Кодексінiң 387-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 383-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген, казино орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген жерлерi тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, Салық Кодексінiң 381-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерi үшiн Салық Кодексінiң 381-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалар қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган айқындайды.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол Салыв Кодексінiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерлерi Салық Кодексінiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Казино орналасқан басқа да санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, жақын жатқан елдi мекендердiң жерлерi үшiн Салық Кодексінiң 381-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.
Елдi мекеннiң жерлерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық ставкаларды жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол Салық Кодексінiң 381-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын Салық Кодексінiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлiнген (бөлiп шығарылған) және казино орналасқан жерлердi қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттiнен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, Салық Кодексінiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) Салық Кодексінiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Салық Кодексінiң 135-бабының 3-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезiнде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, Салық Кодексінiң 55-тарауында белгiленген тәртiппен есептейдi.
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын Салық Кодексінiң 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты Салық Кодексінiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
2. Егер Салық Кодексінің өзгеше белгiленбесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде салық төлеушiлерден ағымдағы жылғы жер салығы - осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердiң сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешiктiрiлмей тең үлестермен төленуге жатады.
Жаңа құрылған салық төлеушi құрылған күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер ағымдағы салық кезеңi үшiн салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
4. Ағымдағы төлемдердiң мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi iшiнде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Салық Кодексінiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық мiндеттемелерi туындаған кезде түпкiлiктi есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.
Салық Кодексінiң 373-бабының 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн түпкiлiктi есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.
7. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнiң iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелiк етудiң нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.
Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
9. Салық төлеушi салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Салық Кодексінiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың Салық Кодексінiң 381-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.
Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша - дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы Салық Кодексінiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар (өз қызметтерiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлердi, жекеше нотариустарды, адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын Салық Кодексінiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
Салық кезеңi және салық есептiлiгi
Салық кезеңi
Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi Салық Кодексінiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
Салық есептiлiгi
1. Заңды тұлғалар (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
3. Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлердi қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын салық төлеушiнi тiркеу есебiне қойған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Салық Кодексінiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзiмдерде табыс етедi.
5. Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жер салығын есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауы кезінде заңды тұлғалардың ағымдағы төлемдерді есептеуге арналған жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін жасау тәртібін айқындайды. 701.01 – нысанын салық төлеуші әрбір жер теліміне жасайды.
Есепті жасау кезінде :
Қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана толтырады.
Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. +, /, %, Z белгілері пайдаланылмайды.
“Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
салық төлеушінің тіркеу нөмірі
есп берілетін салық кезеңі
құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе салық төлеушінің аты жөні
есеп түрі
егер есеп берілсе алғаш рет – “бастапқа” тор көз белгіленеді, қалған жағдайларда – “кезекті” тор көз белгіленеді.
“Алғашқа төлемдерді есептеу” бөлімінде
701.01.001 жолынжа жер салығының салық салу объектісі болып табылатын жер телімінің атуы, орналасқан жері көрсетіледі
701.01.002 жолында растаушы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының ережелеріне сәйкес жер теліміне құқық туындау күні көрсетіледі. (тұрақты жер пайдалану құқығы жер теліміне меншік құқығының актісін беру күні, уақытша тегін жер пайдалану туралы шартты жасау күні, жер телімін сатып алу – сату шартын уәкілетті органда тіркеу күні жер телімін бөлу туралы жергілікті атқарушы органы шешім күні және т. б).
701.01.003 жолында растаушы қүұжаттар негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасы ережелеріне сәйкес жер теліміне құқықты тоқтату күні көрсетіледі (уақытша тегін жер пайдалану туралы шарт мерзімінің аяқталу күні, жер телімін сатып алу – шартын уәкілетті органды тіркеу күні және т. б).
701.01.004 жолында есепті салық кезеңіндегі жер телімін иелену немес пайдалану айларының саны көрсетіледі.
701.01.005 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасы ережелеріне сәйкес жер санаттары көрсетіледі. Бұл ретте, мынадай шартты белгілер пайдаланылады:
АМЖ – 1 – ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы жерлер – кәдімгі және оңтүстік, қара – каштан мен каштан топырақтар мен бірге далалық және жазықтық құрғақ даналық аймақ жерлері, сондай-ақ тау алды қара (сұрғылт-қоңыр), каштан және қара жерлердің сұрғылт жерлерімен тау алды аумақтары.
АМЖ – 2 ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы жерлер – ашық-каштан, қоңыр, сұрғылт-қоңыр, ашық срғылт жерлер және кәдімгідей мен жартылай шөлді, шөлді және тау алды шөлді аумақтарының жерлері, сондай-ақ тау – жазықтық, тау – жайылым – даналық және таулық альпілік және субальпілік топырақтарымен бірге таулы аумақтар.
ЕМПЖ – ҮҚ – үй қорындағы елді мекен пункттерінің жерлері, оның ішінде оның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен.
ЕМПЖ - үй қорындағы жерлерден басқа елді мекен пункттері, оның ішіндеоның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен.
ЕМПЖ – ҮЖЖУ – елді мекн пункттері жерлері – үй жанындағы жер учаскелері.
ӨЖ – елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері.
ӨЖ-ЕМ – елді мекендер аумағындағы орналасқан өнеркәсіп жерлері.
ЕҚТАЖ-АУМ-1 немесе ЕҚТАЖ-АУМ-2 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорлары жерлері.
ОҚЖ – ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын орман қорының жерлері.
СҚЖ – АУМ-1 немесе СҚЖ-АУМ-2 - ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорлары жерлері.
СҚЖ - ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын су қорының жерлері.
701.01.006 жолында жер телімі топырағы бонитет баллы көрсетілінеді.
701.01.007 жолында жер ьеліміне куәләндыратын құжаттарға сәйкес жер телімінің жалпы көлемі көрсетілінеді.
701.01.008 жолында “Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы заңына сәйкес қолданылатын “салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті туралы” Қазақстан Республикасы заңының 123-бабының 2-тармағының 5) – тармақшасына сәйкес жер салығы салынбайтын жер төлемінің көлемі көрсетілінеді.
701.01.009 жолында 701.01.007 және 701.01.008 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын жер салығы мен салық салынатын жер телімінің көлемі көрсетілінеді.
701.01.010 жолында жер салығының базалық ставкасы көрсетілінеді.
701.01.0101 жолында есепті салық кезеңіне жергілікті өкілетті органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын төмендету немесе көтеру мөлшері көрсетілінеді.
701.01.013 жолында тиісті салық төлеушілер үшін белгіленген коэффициент көрсетілінеді.
701.01.014 жолында 701.01.011, 701.01.012 және 701.01.013 жолдарында көзделген базалық салық ставкасын түзетумен ескеріп жер салығының ставкасы көрсетілінеді.
701.01.015 жолында есепті салық кезеңі үшін төлеуге немесе кемуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетілінеді.
701.01.016 жолында белгіленген мерзімдер бойынша төлеуге немесе кемуге жататын ағымдағы төлемдер сомасы көрсетілінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикаларының Конституциялары
ҚР азаматтық кодексі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)
«ҚР кеден ісі туралы»
«ҚР бюджеттік жүйе туралы»
«Жеке кәсіпкерлер туралы» заң
«ҚР Ұлттық банк туралы» заң
«ҚР Жер туралы» заң
07.07.1997ж. «ҚР-дағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың басымдығы мен аймақтық бағдарламалары туралы» Президент жарлығы
ҚР ормандық кодексі
ҚР су кодексі
2001 жылдың 1 қыркүйек айындағы №1306 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша есеп пен декларацияларды құрастыру ережелері
«Қаржы» оқулығы, Мельников В.Д., Алматы 2001ж.
«Салық салу негіздері» оқу құралы (екі тілде), автор А.С. Бекболсынова
«Салық салу» оқу құралы. Ермекбаева Б.Ж. Алматы 2001 ж.
3 –тақырып. Мүлік салығы.
Мақсаты: Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу кезінде салық функцияларын өткізуін, жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының ерекшеліктерін, салықты төлеу мен есептеу тіртібін қарастыру.
Қаралатын сұрақтар:
1 Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу кезінде салық функцияларын өткізу.
2 Жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының ерекшеліктері.
3 Салықты төлеу мен есептеу тіртібі.
Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге салынатын мүлiк салығы
Салық төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектiсi болып табылатын салық салу объектiсiн иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. салық салу объектiлерi бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiк салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
4. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланатын, меншiк құқығында бар салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
Өз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланбайтын салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мүлiк салығын осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) мемлекеттiк мекемелер;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
4) дiни бiрлестiктер.
Жоғарыда аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi Салық Кодексінiң 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Бұл ретте сенiмгерлiк басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
3. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
4. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнiң меншiк иелерiнiң бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
5. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
6. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.
Салық салу объектiсi
1. Заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер үшiн негiзгi құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлiкке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ жермен берiк байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрi – ғимараттар) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) Салық Кодексінiң 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретiндегi жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;
4) аяқталмаған құрылыс объектiлерi салық салу объектiлерi болып табылмайды.
Салық базасы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шартқа сәйкес айқындалған бағалау мiндеттемелерi (қайта монтаждаудың есептiк құны, активтi жою және учаскенi қалпына келтiру) салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.
3. Салық Кодексінiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшаcында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнiң үлесiн негiзге ала отырып айқындалады.
4. Салық салу объектiлерiн сатып алу құны патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеушi арасындағы шарт бойынша өткiзiлген бағалау деректерi бойынша нарықтық құн салық базасы болып табылады.
Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.
3. Төменде аталған заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, Салық Кодексінiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) Салық Кодексінiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) мемлекеттiк меншiктегi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерiн суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
7) ауыз сумен қамту объектiлерiн пайдаланатын заңды тұлғалар.
4. Салық Кодексінiң 135-бабының 3-тармағында айқындалған тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын Салық Кодексінiң 151-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты Салық Кодексінiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
2. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшiн мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
3. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм Салық Кодексінiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен Салық Кодексінiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi келiп түскен жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық кезеңiнiң соңына дейiн салық салу объектiлерi келiп түскен айдан кейiнгi айдан бастап ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, келiп түскен күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, келiп түскен салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғаюға жататын сома осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiмдер бойынша тең үлестермен бөлiнедi, бұл ретте салық салу объектiлерi келiп түскен күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектiлерi шығып қалған айдан бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, салық кезеңiнiң басына бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады. Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдердi төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
7. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
8. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мүлiк салығын салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей төлейдi.
Салық кезеңi
Мүлiк салығын есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi болып жыл табылады. (Салық Кодексінiң 148-бабына сәйкес айқындалған). Салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.
Салық есептiлiгi
1. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге мiндеттi.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.
Салық Кодексінiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
Салық Кодексінiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жеке Тұлғалардың Мүлiк Салығы
Салық төлеушiлер
1. Салық Кодексінiң 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтi өткеру (оқу) кезеңiндегi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерi шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
4) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi;
5) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша дара кәсiпкерлер.
Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi Салық Кодексінiң 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлiк салығын салу объектiсi болып табылады.
Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалған салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшiн мүлiктiң құны,
Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң бiр шаршы метрiнiң базалық құны,
S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициентi,
К функц - функционалдық тозу коэффициентi,
К айм - аймақтау коэффициентi,
К аек. өзг - айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi.
2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң теңгемен көрсетiлген бiр шаршы метрiнiң базалық құны (Қб) елдi мекеннiң түрiне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
-
Рет №
Қала
Базалық құн, теңге
1
Алматы
30 000
2
Астана
30 000
3
Ақтау
18 000
4
Ақтөбе
18 000
5
Атырау
18 000
6
Қарағанды
18 000
7
Қызылорда
18 000
8
Көкшетау
18 000
9
Қостанай
18 000
10
Павлодар
18 000
11
Петропавл
18 000
12
Тадықорған
18 000
13
Тараз
18 000
14
Орал
18 000
15
Өскемен
18 000
16
Шымкент
18 000
17
Облыстық маңызы бар қалалар
12 000
18
Аудандық маңызы бар қалалар
6 000
19
Кенттер
4 200
20
Селолар (ауылдар)
2 700
3. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ – салық салу мақсаты үшiн құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгiленген базалық құнның мынадай мөлшерiнде айқындалған бiр шаршы метрдiң базалық құны:
тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi бойынша – 25 процент,
гараж бойынша – 15 процент,
S - тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстарының, шығыңқы iрге қабаттарының, жертөлелерiнiң, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб – осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған табиғи тозу коэффициентi,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған аймақтау коэффициентi.
4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозу коэффициентi амортизация нормаларын және тиiмдi уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п.б - объектiнiң пайдалануға берiлген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Рет № |
Күрделілік номері |
Ғимарат сипаттамасы |
Н амморт () |
Қызмет ету мерзімі |
1 |
1 |
Тастан салынған, ерекше күрделi, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштi, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар |
0,7 |
143 |
2 |
2 |
Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кiрпiштен қаланған, аражабындары темiр-бетонды, бетонды немесе ағаш; iрi блокты қабырғасы бар, аражабындары темiрбетонды ғимараттар |
0,8 |
125 |
3 |
3 |
Қабырғалары жеңiлдетiлiп қаланған кiрпiштен, монолиттi шлакты бетоннан, жеңiл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темiрбетонды немесе бетонды ғимараттар; iрi блокты немесе кiрпiштен, жеңiлдетiлiп монолиттi шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар |
1,0 |
100 |
4 |
4 |
Қабырғалары аралас, кесiлген ағаштан немесе бедерлi кiрпiштен қаланған ғимараттар |
2,0 |
50 |
5 |
5 |
Шитiден жасалған, жиналмалы-қалқанды, қойма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар |
3,3 |
30 |
6 |
6 |
Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңiлдетiлген ғимараттар |
6,6 |
15 |
Егер тастан қалаған немесе тасымалы панелдi тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның iшiнде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициентi қолданылады.
5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң сапасына қойылатын талаптарды ескеретiн функционалдық тозу коэффициентi (К функц.) мына формула бойынша есептеледi:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруiн есепке алу коэффициентi,
К бiр - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiнде орналасуын есепке алу коэффициентi,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициентi,
К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң жайлылығы мен оның инженерлiк-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етiлу деңгейiн есепке алу коэффициентi,
К жылу - жылыту түрiн есепке алу коэффициентi.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициентi (К қаб) қолданылады:
-
Рет №
Қабаты
Қабат коэф.
1
Бірінші
0,95
2
Аралық немесе жеке тұрғын й
1,0
3
Соңғы
0,9
Биiктiгi үш қабаттан аспайтын көп пәтерлi тұрғын үйлер үшiн кез келген қабат үшiн 1-ге тең қабаттылық коэффициентi қолданылады.
Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiндегi орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi (К бұр) қолданылады:
-
Рет №
Жағдаййы
коэф
1
Бұрышта орналасқан
0,95
2
Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй
1,0
Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициентi (К қаб. мат.) қолданылады:
-
Рет №
Қабырға материалы
коэф
1
Кiрпiштен
1,1
2
Керамзит бетон блоктардан құралған
1,0
3
Керамзит бетон блоктардан құралған, кiрпiшпен қапталған
1,05
4
Темiрбетон панелден
1,0
5
Кiрпiшпен қапталған темiрбетон панелден
1,05
6
Балшықтан – саманнан
0,5
7
Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған
0,6
8
Монолитты шлакты-бетонды
0,7
9
Темiрбетон блоктардан
1,0
10
Жиналмалы-қалқанды
0,6
11
Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кiрпiшпен қапталған
0,75
12
Кесiлген ағаштан
0,85
13
Шпалдан
0,75
14
Шпалдан, кiрпiшпен қапталған
0,95
15
Қамыс қаңқалы
0,6
Тұрғын үй-жайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiн барлық тиiстi инженерлiк жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезiнде 1-ге тең жайлылық коэффициентi (К жайл) қолданылады.
Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуi үшiн нормативтiк не қолайлы жағдай туғызатын инженерлiк жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәрiз, басқа да жайлылық түрлерi) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
Жылыту түрiне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттерi (К жылу) қолданылады:
-
Рет №
Жылыту түрі
коэф
1
Орталықтан жылыту
1,0
2
Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту
0,98
3
Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту
0,95
4
Пешпен жылыту
0,9
6. Салық салу объектiсiнiң елдi мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша айқындайды.
7. Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж.аек, мұнда:
ағ.ж. аек – мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш,
өткен ж. аек – мөлшерi өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш.
8. Тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы тұрғын үй-жайлардың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң бiр бөлiгi болып табылған жағдайда, салық базасы осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған осындай салық салу объектiлерiнiң жиынтық құны ретiнде айқындалады.
9. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша бiр жеке тұлға салық төлеушi болып табылса, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық базасын әрбiр объект бойынша дербес есептейдi.
Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Салық базасы Салық Кодексінiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаның меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша жеке тұлға Салық Кодексінiң 398-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды қолдана отырып, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн Салық Кодексінiң 57-тарауында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын есептейдi, төлейдi және осы салық бойынша салық есептiлiгiн табыс етедi.
Мұндай үй-жайлар бойынша салық базасы Салық Кодексінiң 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Салық ставкалары
Салық базасы Салық Кодексінiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледi:
1) 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
салық салу объектілері құнының 0,05 проценті; |
2) 1 000 000 теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 проценті; |
3) 2 000 000-нан теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті; |
4) 3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 проценті; |
5) 4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 проценті; |
6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 проценті; |
7) 6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 проценті; |
8) 7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 проценті; |
9) 8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 проценті; |
10) 9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда |
18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 проценті; |
11) 10 000 000 теңгеден жоғары |
23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 проценті; |
Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрмей тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы, салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
2. Егер салық салу объектiсi салық кезеңi iшiнде меншiк құқығында он екi айдан аз болса, төленуге жататын мүлiк салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екiге бөлу және салық салу объектiсiнiң меншiк құқығында болған айларының санына көбейту жолымен есептеледi.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
4. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiлерiн растайтын, уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда, салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда, салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органы жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салу объектiсiне меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
9. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
Салық кезеңi
1. Жеке тұлғалардың мүлiк салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi Салық Кодексінiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР «республикалық бюджет туралы» Заңы ( сәйкесінше жылға)
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан кодексі, 1 қаңтар, 2009 жыл.
Налоги и налооблажения. Оқу құралы: Ильясов К.К., Зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. –Алматы, 1995г.
А. Д. Үмбетәлиев. Ғ. Е. Керімбек Салық және салық салу: Оқулық. Алматы . Экономика, 2006ж. 864б.
Финансы. Учеб.пос. Под ред. А.М. Ковалевой М: Финансы и статистика, 1998г.
А.А. Нұрымов, С.А. Шоймбаева. «Салық және салық салу» Астана 2009 ж.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатств народов. (Книга1-з).М: Наука,1992г.
Рикардо Д. Начало классической экономики и налогового облажения. Сочинение. Т.1-2.М: Госиздатполет, 1995 г.