4.Тақырып бойынша дәріс
ТАҚЫРЫП 14.ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫ
Дәрістің мақсаты: Қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың маңызын анықтау.
Жоспары:
1. Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.
2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.
3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.
Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.
Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.
Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.
Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:
а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;
б) ескертпелік әсер ету шаралары;
в) қорғау шаралары;
г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.
Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. реттеуші;
2. қорғаушы.
Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.
Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .
а)реттеу пәніне байланысты;
б)қолдану аймағына байланысты;
в)бағыныштылығына байланысты;
г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;
д)нұсқау үлгілеріне байланысты;
е)әрекет етуінің шегіне байланысты;
ж)құрылуына байланысты.
Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.
Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді.Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..
Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.
Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.
Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:
әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;
нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;
құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;
құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.
Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:
тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;
сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;
бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.
|
|
-
Құқық нормасының құрылымы
Гипотеза |
|
Диспозиция |
|
Санкция |
Егер |
Онда |
Олай болмаса |
-
Гипотеза
Мағынасы бойынша |
|
Дәрежелік кесімді сипаты бойынша |
|
Баяндау тәсілі бойынша |
Жай |
|
Абсолюттік кесімді |
|
Абстрактік |
Күрделі
|
|
Салыстырмалы кесімді |
|
Казустық |
-
Диспозиция
Баяндау тәсілі бойынша |
|
Құрылымы бойынша |
|
Формалдық әлпеті бойынша |
Жай |
|
Жай
|
|
Тыйым алатын |
Суреттемелік |
|
Күрделі |
|
Міндеттейтін |
Сілтемелік |
|
Альтернативті |
|
Құқық беретін |
Бланкеттік |
-
Санкция
Құқық салалары |
|
Нақтылы дәрежесі бойынша |
|
Көлемі бойынша |
Конституциялық |
|
Абсолюттік кесімді |
|
Жай |
Әкімшілік |
|
Салыстырмалы кесімді |
|
Күрделі |
Қылмыстық |
|
Альтернативтік |
|
Құқық беретін |
Экологиялық |
Қаржылық |
Отбасылық |
