Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕЙС СТАДИ №3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

3. Тараптардың құқықтары және міндеттері

3.1 Мердігер міндетті:

- қызмет көрсету бойынша жұмыстарды талапқа сай сапалы орындауға;

- қызмет көрсету бойынша жұмыстарды осы шарттың 1.4 тармағында белгіленген мерзімде орындауға;

- қызмет көрсету бойынша жұмыстардың нәтижесін Тапсырыс берушіге жіберуге;

- егер қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау процесінде, Мердігер жұмыс сапасын нашарлататын Шарттың талаптарынан ауытқушылық жіберсе, онда Тапсырыс берушінің талабы бойынша барлық анықталған кемшіліктер 2 күн ішінде тегін жоюға;

- қызмет көрсету бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастырудың мүмкіндігі болмаса немесе жұмыс барысын баяулататын жағдай туындаса, бұл туралы Тапсырыс берушіге тез арада хабарлауға;

- қызмет көрсету бойынша жұмыстарды өзінің ғана орындауына.

3.2 Тапсырыс беруші міндетті:

Мердігерден қызмет көрсету бойынша жұмыстардың аяқталуы туралы хабарламаны алғаннан кейін 3 күн ішінде, не болмаса осы Шарттың 1.4 тармағында көрсетілген мерзімнің аяқталуы бойынша, қызмет көрсету бойынша жұмыстардың нәтижесін карап шығуға және қабылдауға, өзге де кемшіліктерді немесе қызмет көрсету бойынша жұмыстардың нәтижесін нашарлататын Шарттан ауытқушылықты байқаған жағдайда, Мердігерге тез арада хабарлауға;

3.3 Тапсырыс беруші құқылы:

- Мердігердің жеке қызметіне араласпай, орындайтын қызмет көрсету бойынша жұмыстардың сапасы мен барысын тексеруге;

- Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламаны алғанға дейін Мердігерге белгіленген бағаның бөлігін қызмет көрсету бойынша жұмыстардың пропорционалды орындалған бөлігіне сәйкес төлем жасап, оған қызмет көрсету жұмыстарының нәтижесін тапсырғанға дейін Шарттан кез-келген уақытта бас тартуға.

4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1 Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындау мерзімдерін бұзғандары үшін кінәлі тарап келесі тарапқа әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттағы баға мөлшері 0,1 % тұрақсыздықты төлейді, бірақ Шарттағы бағадан 10 %-дан артық емес болуы тиіс.

4.2 Осы Шарт бойынша тараптардың біреуі өзінің міндеттемелерін талапқа сай орындамаған немесе мүлдем орындамаған жағдайда кінәлі тарап келесі тарапқа жіберіп алған пайдасын қоса есептеумен шығынды да өтейді.

4.3 Тұрақсыздықты төлеу тараптардың бұзушылықты жоюдан немесе міндеттемені орындаудан босатпайды.

5. Шарттың әрекет ету мерзімі

5.1 Осы Шарт оған қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді және тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

5.2 Шарттың күші оған қол қойылған сәтінен бастап түгел кезеңге таралады, бұл соңғы көрсетілгендердің акцепті болып табылады.

6. Форс-мажор

6.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті билік органдарының қаулыларында аталған алапат күш жағдайлары-өрт, топан су басу, жер сілкінісі, осы Шарттың орындалуына әсерін тигізетін жайттар пайда болғанда тараптар, міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаса жауапкершіліктен босатылады. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай жағдайлардың әрекет ету кезеңінің ішінде уақыт мөлшеріне қарай жылжытылады. Егер осы жағдайлар үш айдан артық жалғастырылса, онда тараптардың әрқайсысы осы Шарттың күшін жоюына құқығы болады, бұл жағдайда тараптардың ешқайсысында шығындарын өтеуге құқықтары болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]