
- •Оқу кейс стади мазмұны
- •1. Құқықтық реттеу механизмі тақырыбына арналған оқу кейсінің мақсаты
- •2. Құқықтық реттеу механизмі тақырыбына арналған оқу кейсі бойынша шешуге арналған сұрақтар
- •1. Шарттың мәні
- •2. Шарт бағасы және есеп айырысу тәртібі
- •3. Тараптардың құқықтары және міндеттері
- •4. Тараптардың жауапкершілігі
- •5. Шарттың әрекет ету мерзімі
- •6. Форс-мажор
- •7. Дауларды шешу тәртібі
- •8. Шартты өзгерту және толықтыру тәртібі
- •9. Өзге де жағдайлар
- •10. Тараптардың деректемелері
- •7. Кейс-стади тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқауы
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
«МАҚҰЛДАНҒАН» «БЕКІТІЛДІ»
Кафедра меңгерушісі Бірінші проректор
з.ғ.д., профессор м.а. з.ғ.д., профессор
_______________У. Шапак ______________Жиренчин К.А.
«___»______________2012 ж. «___»_____________2012 ж.
ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
МОДУЛЬ 4 – ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ
Тақырыбына арналған
КЕЙС-СТАДИ
Мамандығы « – Юриспруденция»
Бакалавр академиялық дәрежесі
Оқыту нысаны күндізгі
Курс 1
Астана 2012
ОҚУ КЕЙС СТАДИ «Мемлекет және құқық теориясы» пәні оқу бағдарламасына негізделген
ОҚУ КЕЙС СТАДИ дайындаған Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедра профессоры м.а., з.ғ.д. Унзила Шапак
ОҚУ КЕЙС СТАДИ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы оқу-әдістемелік семинарда талқыланып, мақұлданып ұсынылған.
Хаттама № «__» __________ 2012 ж.
Оқу кейс стади мазмұны
Оқу-кейс стади құрылымдық бөлімдері |
3 |
|
4 |
|
5 |
|
6-9 |
|
|
1. Құқықтық реттеу механизмі тақырыбындағы дәріс |
10-13 |
Қосымша 1. Тақырып бойынша кестелік, иллюстрациялық материалдар |
14-18 |
Қосымша 2. Тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерден үзінді |
19-48 |
5. Қолданылатын әдебиеттер тізімі |
49-51 |
6. Студенттерге кейс-стади тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау |
52 |
1. Құқықтық реттеу механизмі тақырыбына арналған оқу кейсінің мақсаты
Базалық пәндерді оқыту барысында мамандық бойынша пәндерді ғылыми теоретикалық негіздерін қалыптастырумен қатар кәсіби мамандығы бойынша мәселелерді кәсіби тұрғыда ашуға және талдауға, соның негізінде шешім қабылдауға үйрету мақсатында практикалык элементтерді қосу керек.
Аталған мақсатты жүзеге асырудың әртүрлі жолдары бар, соның бірі ретінде базалық пәндерді оқытқан кезде кейс стади немесе нақты оқиғаны талдау әдісін қолданған жөн, себебі НОТ практикалық есептерді шешуде теоретикалық білімді қолдану мүмкіндігін беретін құрал.
Нақты оқу оқиғасын талдау (case study) – нақты оқиғаға негізделе отырып, белсенді проблемалы жағдайды талдап шешу әдісі.
Нақты оқу оқиғасын талдау (case study) әдісінің тікелей мақсаты: студенттер тобымен бірігіп нақты оқиға кезінде пайда болатын істің мән-жайына талдау жасау, оқиға мәтінінде көтерілген мәселе бойынша ұсынылған ең ыңғайлы, ұтымды жолды таңдау және тәжірибелік нақты шешім шығару.
Нақты оқу оқиғасын талдау (case study) – көтерілген мәселені ашу, арасынан маңыздысын анықтау және шешім шығару; ақпаратпен жұмыс жасау – оқиғада сипатталған нәрселердің мәнін қайта қорыту; берілген мағлұматтар мен ақпараттарды талдау және сомдау; ұсыныстар және нәтижелермен жұмыс жасау; баламаны бағалау; шешім шығару саласында дағдылану және топ болып жұмыс істеп отырған басқа да адамдардың пікірін тыңдау, түсіну және бірігіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруды жетілдіруге бағытталған үйрету әдісі.
Құрметті студенттер! Сіздер «Құқықтық реттеу механизмі» тақырыбын қарастыру барысында құқықтың жалпы теориясындағы құқықтық реттеу механизмі рөлін және маңызын анықтау қажет. Құқықтық реттеу механизмі құқықтық болмыстағы – нормалар, құқықтық қатынастар, құқықтық актілер және тағы басқа құқықтық құралдарды біріктіріп, олардың тұтастығын қалыптастырып, оларды «әрекет етуші» динамикалы-жүйе түрінде, яғни құқықтық реттеудің нәтижелігін сипаттай келе, заңнаманың алдына қойған мақсатына құқықтық жағынан жетуге кепілдік беру қабілеттілігін көрсетеді. Сондықтан сіздер, құқықтық реттеудегі құқықтық құралдардың басынан аяғына дейінгі атқаратын процесінің сатыларын, элементтерінің өзара байланысын, қарым-қатынасын меңгерулеріңіз қажет.