
- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
Қимақ мемлекеті – Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды.
11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі.
Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген.
Оғыздардың нақты өрлеуі Х ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни 965 жылы олар Киев князі Святославпен Хазар мемлекетін талқандады.