
- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Қазақ жүздері
Ұлы жүз. Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады: шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан, дулат, сіргелі, қаңлы, жалайыр, шанышқылы, сарыүйсін. Негізгі таралған аймағы – Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы.
Орта жүз. Орта жүз тайпалары 6 атадан тұрады: арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей, уақ. Оларды «алты арыс» деп атайды. Жайлаған аймағы – Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы.
Кіші жүз: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен 3 тайпадан тұрады. Олар бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.
Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
Түрік деген атау алғаш рет 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. 546 жылы тирек тайпалары Монғолияның оңт.және орталық бөліктерін мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде түрік тайпасының көсемі тумын (Бумын) күтпеген жерден шабуыл жасап, тирек әскерлерін талқандап, аварларға қарсы шығады. 552 жылы түріктер аварлар ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңедң. Осы кезден бастап Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара Еске отырады. Соның басшылығымен түріктер аварларды 2 рет жеңеді. Қараескеден кейін қаған тағына оның інісі Мұқан келеді. Бұл кезде түріктер шығыста қайларды, қидандарды, оғыздарды, солтүстікте Енисей қырғыздарын жеңіп өздеріне қаратып алады.
Түріктердің шығыстағы және солтүстіктегі жорықтарын Қара Ескенің інісі Мұқан басқарса, батыстағы жорығын Бумынның інісі Естеми жүргізеді.
Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс қағанатының астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында орналасты. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы он тайпа (он оқ) болды. Билеушісі – қаған деп аталды. Қағаннан кейінгі лауазымды қызметтер ябғу, шад және елтебер деп аталды.
Түрік қағанатының тайпалары мал және егін шаруашылығымен айналысты және Жетісу бойында түріктердің көптеген қалалары болды. Түркілердің батысқа қарай жылжуы Шығыс және Батыс мәдениетін арттырып, бірін-бірі байытты. Әсіресе Қазақстан мен Орта Азия халықтарының экономикалық және мәдени байланыстары күшейе түсті.
VІ-VІІ ғасырларда Суяб, Құлан, Керминкет, Меркі, Аспара, Тараз, Мыңбұлақ, Нузкет және т.б. қалалар маңызды сауда және қолөнер орталықтары ретінде белгілі болды. Бұл қалалар сол кездегі жазба деректерде көптеп кездеседі. Бұл қалалардың өсіп-өркендеуіне шығыстан батысқа қарай өтетін "Ұлы Жібек жолының» бойында жатуы да едәуір септігін тигізді.
Түріктердің ежелгі көне жазуы да болған. Бұны Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк және басқалардың қалдырған көне түрік жазбалары дәлелдейді.
Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
Батыс түрік қағандығындағы өзара тартыстар қағандықты әлсіретіп, 702 жылы оның ыдырауына әкеліп соқты. Қағандықтағы күшті тайпалардың бірі түркештер Батыс түрік қағандығын құлатып, өздерінің Түркеш қағандығын құрады. Оның алғашқы билеушісі Үш Елік қаған болды. Түркештер қара және сары түркештер болып екіге бөлінді және арасында қаған билігі үшін өзара күрес жүргізді.
705 жылы түркештер шекарасына араб әскерлері жақындайды. Үш Елік қаған Қытаймен одақтасып арабтарды жеңеді. 708 жылы Түркеш қағандығында өзара күрес қайта жалғасады. 710 жылы Түркеш қағандығы Шығыс түрік қағандығынан жеңіліске ұшырайды. Түркештердің жеңілуі арабтардың қайта шабуыл жасауына мүмкіндік береді.
751 жылы Тараз маңындағы Атлах деген жерде арабтар мен қытайлар арасында тарихи шайқас болады. Соғыстың шешуші сәтінде Қытай тылында қарлұқтар көтеріліс жасап арабтар жағына шығады. Ауыр жеңіліске ұшыраған қытай әскерлері бүкіл Жетісу жерін тастап шығады. Бұл жеңіс кейіннен исламның оңтүстік Қазақстанға түпкілікті орнауына жол ашқан болатын. 756 жылы қара түркештер мен сары түркештер арасында күрес қайта жалғасады. Өзара тартыстан әлсіреген Түркеш қағандығы 766 жылы біржолата талқандалады.