
- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Қаңлылар.
Қаңлы туралы мәліметтер б.з.б. ІІ ғасырда қытай деректерінде «Кангюйлар елі» деп жазылған. Кейбір ғалымдар қаңлылар түрік тілдес халық десе (А.Бернштам), басқалары оларды солтүстік Иранның мал өсіруші тайпаларының қатарына жатқызады. (Б.А.Литвинский)
Б.з.б. ІІ ғасырда «халықтың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын оқиға нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның бірі Қаңлы мелекеті.
Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды. Территориясы: Қаратау жотасы – Сырдарияның орта ағысы, негізгі атамекені – Сырдария өзенінің орта ағысы. Астанасы – Битянь қаласы (Түркістан маңы). Халқы – 600 мың, 120 мың үй. Билеушінің титулы – би, жабғу, хан. Бүкіл елді басқару ісін ханның 3 уәзірі атқарған. Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5 бөлікке бөлінген. Олар: Сусе, Фуму, Юень, Ги, ЮегеньСоғыс тұтқындарын құлға айналдырды. Қаңлы ірі мемлекеттік бірлестікке айналып, Қытай, Рим, Кушан, Парфия, Кавказ мемлекеттерімен жан-жақты байланыс жасады. Қаңлылар әскери одақ құрып, көрші тайпалар – ғұн және үйсіндермен соғысты.олар өз жерімен өтетін Ұлы Жібек жолын үнемі бақылауда ұстаған.
Қазақ халқының қалыптасуы.
Еуразияның кең-байтақ жерінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
Аумағының қалыптасуы;
Халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
Тілінің қалыптасуы;
Ортақ атауының қалыптасуы;
Өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулық-тайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халқытық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты. Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктердің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады: 1) ру-тайпа, 2) халық, 3) ұлт.
Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан басталады. Қазақстан жеріне түріктердің жаппай келуі, одан кейін Х-ХІІ ғасырларда Қарахан, Қыпшақ хандақтары, ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керйлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. ХІІІ-ХІV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.
ХV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.
Қазақ этнонимінің бастапқы түрі – «Алаш мыңы». Кейін ол «Алаш», одан кейін «Қазақ» атауына ұласты. ХVІ-ХVІІ ғасырларда халықтың өз арасында «алаш» және «қазақ» атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында «қазақ» атауынан гөрі «алаш» атауы жиі кездеседі.
Қазақ этносы халық болып қалыптасуының барысы:
Төрт мың жылға жуық уақытқа созылды;
Төрт түрлі тарихи кезеңде тілдік, этностық, антропологиялық, мәдени-тарихи, дамуды басынан кешті;
Сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман сияқты этностық топтар қазақ этносының негізін құрады;
Осындай тарихи даму кезеңдерін басынан өткізген ру-тайпалар ХV ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.
«Қазақ» атауының шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Қазіргі кезде «қазақ» этимологиясының 20-дан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, «қазақ»- «қаз» және «ақ» деген сөздерден шыққан. «Бұл – қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат», дейді немесе: «қас» (хас) – нағыз және «сақ» - көне замандағы сақтар атауынан құрылған және «нағыз сақ» деген ұғымды береді» дейді.
«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:
Тарихшы Бартольд: «өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп, жеке өмір сүруші адам».
М.Ақынжанов: «қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан шыққан»
ХІІ-ХV ғасырларда түркі тілінде жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағынасын білдіреді.
Түркологтардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ
Жазба әдебиетте 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда «қазақ» деген сөзді «еркін, кезбе» деп аударады. Мұнда – өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атаған.