- •Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі
- •Энеолит (мыстытас) дәуірі.
- •Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
- •Ғұндар мемлекеті
- •Үйсін мемлекеті
- •Қаңлылар.
- •Қазақ халқының қалыптасуы.
- •Қазақ жүздері
- •Түрік қағанаты (552-603ж.Ж.)
- •Батыс Түрік қағандығы (603-704 ж.Ж.)
- •Түркеш қағандығы (704-756 ж.Ж.)
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.Ж.)
- •Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.Ж.)
- •Қимақ қағанаты (іх-хі ғ.Ғ.)
- •Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы).
- •Шыңғыс хан империясы. Моңғол дәуірі
- •Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы
- •Моңғол ұлыстары.
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Әмір Темір жорықтары
- •Ноғай Ордасы.
- •Сібір хандығы.
- •Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
- •Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
- •Тәуке хан тұсында қазақ хандығы
- •Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.
- •Хvііі ғасырдағы қазақ батырлары
- •Кіші жүздің Ресей империясының қоластына енуі
- •Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
- •1921 – 1922 Жылдардағы ашаршылық.
- •1867-1868 Жж. Реформалар.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру
- •. 1991 Жылғы тамыз төнкерісі.
- •Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сақтар: саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті
Қазақстанды мекендеген тайпалар үшін темірді ашу оны кеңінен қолдану дәуірі – б.з.д. VІІІ-VІІ ғ.ғ. Тас құралдарды өндірістен толық ығыстырып шығарған дәуір – ерте темір дәуірі. Біздің елімізде темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді:
Ерте темір дәуірі – б.з.д.VІІІ-б.д.д. ІІІ ғ.ғ.
Кейінгі темір дәуірі – б.з.д. ІІІ-б.з.VІ ғ.ғ.
Ерте темір дәуіріндегі тайпалар тіршілігі туралы бізге археологиялық ескерткіштер көптеген мәліметтер береді. Сақ тайпаларының ескерткіштері негізінен алғанда обалар түрінде кездеседі.
Оңт Қазақстандағы ескерткіштер. Темір дәуірінде Оңт.Қазақстанда 3 түрлі мәдениет болған: 1. Қауыншы – Сырдың орта тұсы.
2. Отырар – Қаратау сырдың орта ағысы.
3. Жетіасар – сырдың төменгі ағысы.
2. Ерте темір дәуірінде тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аймақтарындағы тайпалар сармат тайпалар бірлестігіне бірікті. Б.з.б. VІІІ-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары туралы археологиялық қазбалармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни кітабында және т.б.сақтар, азиялық скифтер немесе «жүйрік атты турлар» және т.б. деп аталды. Зерттеушілердің пікірінше сақ тайпалары 3 топқа бөлінген:
№ |
Атауы |
Мекені |
1 |
Парадарайя (теңіздің арғы жағындағы сақтар) |
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы |
2 |
Тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) |
Сырдарияның орта ағысы, Тянь-шань, Жетісу |
3 |
Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар) |
Мургаб аңғары (Түркіменстан) |
Қазақстан аумағындағы сақтар туралы мәліметтер археологиялық қазбалардан мәлім. Олар: Жетісудағы Бесшатыр обасы, Есік обасы, Шығыс Қазақстандағы «Патша обалары» деп аталатын Шілікті аңғары мен Бұқтырма өзенінің жағасы, Батыс Қазақстандағы Сынтас және Бесоба қорымдары, «Есік» обасынан табылған «Алтын адам» т.б. Бұл жерленген адам 17-18 жастағы сақ ханзадасы болуы керек. Сол кездегі жерлеу салты бойынша барлық киімі түгел кигізіліп, қару-жарағы асылған. Басындағы баскиімінен бастап, жұқа тері киімдері, белбеуі барлығы алтынмен апталған. Алтын бөліктерінің барлық саны 4 мыңнан асады.
Шаруашылығы. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында сақтарды көшпелі мал шаруашылығы кең тарады. Мал шаруашылығының 3 түрі үйлестірілді:
Көшпелі м/ш – Батыс және Орталық Қазақстан
Жартылай көшпелі м/ш – Шығыс Қазақстан, Жетісу, Тянь-Шан, Алтай тауларының етегінде
Отырықшы м/ш – Оңт.Қазақстанда, талас, Шу, сырдария өзендерінің бойында.
Сақ заманында «аң стилі» деп аталатын бейнелеу өнері кең тарады. Ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында тұрмыстық және табыну заттарында аң бейнесі көрініс тапты. «Аң стилі» мзмұны жағынан діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. «Аң стилі» сәндік сипатта да қолданылды. «Аң стилін» 3 кезеңге бөлуге болады:
Б.з.б.VІІІ-VІІ ғ.ғ. – архаикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі;
Б.з.б. VІ-ІV ғ.ғ – классикалық кезең: жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыстағы түрде бейнеленуі;
Б.з.б. ІІІ-І ғ.ғ. – біртіндеп құлдырау кезеңі: жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы, мүйізі, және т.б.)
