Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.19 Кб
Скачать

Қазақтардың е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

(1773-1775 ж.ж.)

1.Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған – жер мәселесі. ХVІІІ ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына таратып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды. Көтерілістің шығу себептері:

1. Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі;

2. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы;

3. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы

Кіші жүз қазақтарының көтерілісі үш кезеңге бөлінеді:

  • Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта таралуы (1773 ж.қыркүйек-1774 ж.наурыз)

  • Көтерілістің кең жайылуы (1774 ж.наурыз-1774 ж.күз)

  • Қозғалыстың саябырлап басылуы (1775ж. қыркүйек – 1776ж. ақпан)

Орта жүз қазақтарының көтерілісінің үш кезеңі:

  • Пугачев шабармандарының Орта жүзді аралап, көтеріліске шақыруы (1773ж. қыркүйек – 1774ж. сәуір)

  • Орта жүз жасақтарының жоғарғы Жайық және Ой бекіністері төңірегінде Пугачев күштерін қолдауы (1774ж. сәуір – маусым)

  • Орта жүз қазақтарының Ертіс және Оңтүстік Сібірдегі әскери шептерге қауіп төндіруі (1774ж. жазы – 1776ж.)

Кіші жүздің ақсүйектері – Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Қазақстанның 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. Қазақстанда мұнай өндіру 4 есе, Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3 % болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында 2 еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 млн. – нан 16,3 млн. – ға дейін кеміді.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық – түлік салығының енгізілуі.

- Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда (2,5 есе) аз болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл – селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.

Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.