Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.19 Кб
Скачать

Қазақ – жоңғар қатынастарының шиеленісуі.

«Ақтабан шұбырынды» жылдар

Жоңғарлардың қазақ жеріне бағытталған ірі жорықтарының бірі 1710-1711 жылдары жасалды. Осы кезде 1710 жылы Тәуке хан Қарақұмда бүкіл қазақ жүздері өкілдерінің жиналысын шақырды. Үш жүздің басы қосылған бұл жиында елді біріктіру, жоңғарларға қарсы батыл тойтарыс беру мәселесі қаралды. Жиында қазақ жастарының қолбасшылығына Бөгенбай батыр сайланды.

Қарақұм жиынында бас қосып, күш біріктірген қазақ әскерлері біршама уақыт табысқа жетеді. Бірақ бұл табыстар ұзаққа созылмайды, 1713 жылдың өзінде-ақ жоңғарлар жаңа шапқыншылық әрекеттер жасай бастайды. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болады. Өзара келісімге келе алмаған сұлтандар Тәуке ханның інісі Қайып сұлтанды хан көтерді. Хандықтан бірден-бір үміткер Әбілқайыр қазақ сұлтандарының кіші бұтағынан тарайды деген желеумен хандыққа сайланбай қалады. Осы хан сайлауынан бастап Әбілқайыр өзін тәуелсіз санап, хан билігін мойындағысы келмейді. Оның бұл дербес әрекеті 1717 жылы жазда Аягөз өзені маңында болған жоңғар-қазақ әскерлерінің шайқасында айқын көрінеді.

Шешуші сәтте Қайып ханмен өзара ымыраға келе алмай, ұрыс даласын тастап шығады. Қазақтар ауыр жеңіліске ұшырайды, қазақтардың 30 мың жасағы талқандалады.

1718 жылы жоңғарлар жаңа жорық жасап, қазақ әскерлері Арыс, Бөген, Саян өзендерінің бойында тағы да жеңіп, бүкіл Оңтүстік өңірді тонайды. Осы жылы Қайып ханда дүние салды. Хан сайлауында ірі сұлтандар және жүз арасында ірі алауыздықтың бар екендігі айқын аңғарылады. Әбілқайырдың хан билігіне келуін жақтырмаған ірі сұлтандар тобы Тәуке ханның ел билеуге қабілеті жоқ дарынсыз ұлы Болатты хан тағына көтереді. Елдегі ауыр жағдайды бағалай білмеген Болат хан елді біріктірсе алмайлы. Ташкетте Жолбарыс ақ киізге отырып хан тағына келеді.

1723 жылы Цинь билеушілерімен бітім шартын шасап, шығыстағы тылын қауіпсіздендірген жоңғарлар қазақ хандығын біржолата талқандау үшін қазақ жеріне шешуші жорығын бастайды. Алдағы соғысқа мұқият әзірленген және қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдалана білген жоңғарлар 1723 жылы ерте көктемде қазақ жеріне жасаған ең ауыр, жойқын жорықтарының бірін бастайды. Ауыр қыстан шыққан қазақтар бұл уақытта жоңғар әскерлерінің ірі жорығын күтпеген еді. Қапыда қалған қазақ ауылдары қырғынға ұшырайды, тірі қалғандары мал-мүлкін тастап қашады. Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең басталды. Жоңғарлардың бұл шапқыншылығы халық аузында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдар» деген атпен қалады. Бұдан кейінгі шапқыншылықтарда әбден әлсіреген, берекесі кетіп, алауыздық күшейген қазақтардың жоңғарларға қарсылық көрсетуге шамалары келмейді. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.

1725 жылы жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулап алады.

Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандалды. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осыны пайдалаған жоңғарлар жеңіске жетті.

Үш жүзжасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.

1726 жылы «Қалмақ қырылған» шайқасы болды. Сарысудың орта ағысы (Торғай даласы). Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде 60 мың қазақ әскерлері күшімен қалмақтар талқандалды.

1726 жылы Ордабасы жиыны. Үш жүздің жасақтары жиналып, жауға соққы беру жөніндегі келісімге келді. Нәтижесінде: Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды.

1729 жылғы көктемде Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтүстігі) Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрысқа Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты.

Маңызы: Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті.