Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.19 Кб
Скачать

Ноғай Ордасы.

Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай Ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай Ордасының негізін әмір Едіге (1395-1419 ж.ж.) қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Ш.Уәлиханов Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған. 15 ғ-дың аяғында Ноғай Ордасы орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай Ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді.

Сібір хандығы.

ХV ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық.

ХІІІ ғ.Шыңғыс ханның жорықтарына байланысты көптеген тайпалар Батыс Сібір аумағына көшті. Ең ірі этникалық – саяси құрылымдардың бірі түркі тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте Керейттер басты рөл атқарды.

Бірлестіктің негізін қалаған және жергілікті әулетті құраушы – Тайбұға. Астанасы – Шымға-Тұра (Түмен).

Батыс Сібір моңғол шапқыншылығынан кейін Жошы ұлысы құрамына еніп, Шайбанилердің батыс тармағының жері деп аталды.

Едігеден жеңілген Тоқтамыс 1398 жылы Сібірге қашады және тайбұғалықтар әулетінен қолдау тауып осы жерден үлес те алады. Және сол кездегі шежірелерде Түменге жақын жерлердің бірінде Тоқтамыстың қаза болғандығы туралы айтылады. Тоқтамыс өлген соң тайбұғалықтар Едігенің билігін мойындады. Едігеге кейін Шайбани ұрпағы Махмуд Қожа хан болды. (ХV ғ.20ж.)

  • 1430 жылы – Әбілқайыр хан Махмуд Қожаны өлтіріп, Батыс Сібір Әбілқайырдың қарамағына өтті.

  • 1468 жылы – шайбанилық Ибақ хан болып, Орыс мемлекетімен байланыс орнатты.

  • 1481-1483 жылдары – Ибақ хан ІІІ Иванмен сауда қатынастары туралы шарт жасасты.

  • 1495 жылы – Ибақ ханның басқаруына наразы болған Тайбұға әулеті көтеріліс жасап астанасын басып алады және Ибақ ханды өлтіреді. Хан тағына тайбұғалық Мұхаммед отырды.

Осыдан кейін Сібір хандығындағы билік хандықтың соңғы жылдарына дейін тайбұғалықтар әулетінде сақаталады. Сібір хандығы ХVІ ғасырдың соңында Ресейдің Батыс Сібір жерлерін жаулп алуынан кейін өмір сүруін тоқтатады.