Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.19 Кб
Скачать

Ақ Орда

Алғашында Алтын орданың құрамында болған Ақ Орданың негізін салушы – Орда Ежен (1226-1280 ж.ж.). Территоиясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт.шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Яссы, Сауран, Жаркент. Астанасы – Сығанақ (Сырдың орта ағысы). Халқы өзбек-қазақ.

Билік үшін ішкі талас-тартыстар жиі болып тұрды. Соның салдарынан 1354-64 жылдары 12 хан қаза тапты. Ақ Ордаға Мауреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. ХІV ғасырдың 80 жылдарында Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. Осы кезден бастап Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында соғыс басталады: 1389, 1391, 1395 ж.ж. ХІVғ.аяғы – ХV ғ.басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті.

Әмір Темір жорықтары

ХІV ғ. Темір империясы – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет. Темір – барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы (1336-1405 ж.ж.) 1370 жылы Мауреннахрдағы билікке ие болып, елді 35 жыл бойы басқарды. Астанасы – Самарқанд қаласы. Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созыды. Әмір Темір ХІV ғасырдың 90 жылдары Иран, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азияны қамтитын империя құрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады).

Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша қолдап, мешіт пен медреселер, Яссыда Ахмет Йассауи кесенесін салғызды (1397 ж.). 1404 жылы Темір Қытайға жорыққа дайындалды. 1405 жылы әмір Темір жолда ауырып, Отырарда қайтыс болады. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары Шығыс Дешті Қыпшақтың әсіресе Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайын құлдыратты.

Моғолстан мемлекеті.

ХІVғ. Ортасы – ХVІ басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-62 ж.ж.) Астанасы – Алмалық (Іле алқабында). Территориясы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы М.Х.Дулати «Тарихи-и-Рашиди» еңбегінде жазған: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол». Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін т.б. тайпалар. Дулаттар – ең қуатты тайпа. Билеушісінің титулы – хан. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылы Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Исламды қабылдамағандарға өлім жазасына дейінгі қатаң шаралар қолданылды.

Әбілхайыр хандығы.

Тарихи жазба әдебиеттерде Әбілқайыр хандығы Көшпелі өзбек мемлекеті деп те аталады. Орта ғасырлардағы қыпшақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Дешті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы үрпақтары арасын-дағы өзара соғыстарға байла-нысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жет-кізуі нәтижесінде қүрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың өлімінен соң, Әбіл-хайыр хан таққа отырды. Әбілхайыр хандығы батысын-дағы Жайықтан шығысын-дағы Балқашқа дейінгі, оңтүстігіндегі Арал мен Сыр-дарияның төменгі ағысынан, солтүстігіндегі Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін-гі аумақты алып жатты. Хан-дықтың астанасы алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара, Чимги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбілхайыр хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ, таңғүт, ұйғыр, таимас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ойраттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығында аталың (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмири шикар, жасауыл, михмандаруға, худай, мубашир, басқақ сияңты лауазым ие-лері маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, тағы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылығы дамыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлінуі Әбілхайыр хандығының ыдырауына әкеліп соқтырды. Әбілхайыр 1468 жылы жорыққа аттанады, бірақ Моғолстанға жетер жолда кенеттен қайтыс болып, әскерлер кейін қайтады. Қайшылыққа толы 40 жыл өмір сүрген Әбілқайыр хандығы ослайша өмір сүруін тоқтатады.