Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ ТАРИХ Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.19 Кб
Скачать

Тас дәуірі

Ерте палеолит – 600 мың жылдан астам уақытқа созылды. Ерекшеліктері: алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасау білуі, аң аулау, терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, климаттың жылы және құрғақ болуы.

Орта палеолит дәуірінде ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады.

Ерекшеліктері: от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, неандерталь адамының пайда болуы.

Кейінгі палеолит кезеңі. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезеңі.

Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас – кроманьондықтың қалптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап (болас – оқ есебінде қолданылатын домалақтастар), баспана сала білуі, діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы.

Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнелеген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел-ана бейнесі кең тараған.

Орта тас (Мезолит) және жаңа тас (Неолит) дәуірі

Мезолит шамамен 7 мыңға созылды. Бұл кезең аз зерттелген, сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек.

Ерекшеліктері: климат жылынып, мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстар пайда болды. Жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары жасалынып, жануарларды қолға үйрете бастады. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Еңбек құралдарын дайындаудағы ірі жаңалық – тас сыналар (микролиттер).

Неолит дәуірінде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды:

  • Жабайы жануарларды қолға үйрету

  • Жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысу

  • Шаруашылық еңбек қалыптасып, өнім өндіру.

Ғылымда бұл төңкеріс «Неолоит төңкерісі» деп аталды.

Ерекшеліктері: жерді өңдеу, мал шаруашылығымен айналысу, қыш ыдыс (керамика) жасау, тігін тігу, кен өндіру.

Бұл кезең тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтырата тегістеуді меңгерді. Кен өдірудің алғашқы белгілері пайда болып, мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты.

Энеолит (мыстытас) дәуірі.

Ерекшеліктері: тастан жасалған еңбек құралдарының ығыстырылуы, мыс еңбек құралдарының жасалуы, климаттың ылғалды болуы. Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы энеолит дәуірінен басталады.

Қазақстанда энеолит дәуірініңашылған ескерткіштері көп емес. Олар Қостанай, Ақмола, облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішінде ең жақсы зерттелгені – Ботай қонысы. Ботай мәдениеті Солт.Қаз. облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Оны ашқан археолог В.В.Зайберт.

Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық (pater-әке, arche-билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрады. Ең үлкендері рулық бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті.

Қола дәуірі

Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі щығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы – қола. Ол мыс пен қалайының қорытпасынан алынды. Қазақстанның қола дәуірі шамамен б.з.д.ХVІІІ-VІІІ ғасырлар аралығын қамтиды.

Қола дәуірінің кезеңдері:

  1. Ерте қола дәуірі (Феодоров кезеңі) – б.з.б. ХVІІІ – ХV ғасырлар

  2. Орта қола дәуірі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХV – ХІІІ ғасырлар.

  3. Кейінгі қола дәуірі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІІ – VІІІ ғасырлар

Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңт.Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңт.Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – Андронов мәдениеті деп аталды (1914 жылы археолог Б.В.Андриановтың қазба жұмысы (А.Я.Тугаринов)).

1927 жылы археолоог М.П.Грязнов Андронов мәдениетінің ескерткіштерін батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар – Ә.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев

Андронов мәдениеті 2 кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендерінің атымен аталады. Нұра кезеңінің қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды қойған.

Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусинск –Орал таулары – Батыс Сібір жазығы- Памир таулары. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден 30-дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді. Ең ежелгі қала Арқайым қаласы (Қостанай мен Челябы облыстарының шекарасы).

Қола дәуірінің соңғы кезеңі Беғазы – Дәндібай мәдениеті д.а. Ол б.з.д. ХІІ-VІІІ ғасырларды қамтиды. Басты ерекшелігі: өте жоғары дәрежеде дамыған тас архитектурасы. Бұл мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қанау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – қорған-қоршаулар. Онда үлкен патриалхалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты. Беғазы-Дәндібай құмыраларының өрнегі әртүрлі.