Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі

Жетістікке барлық адамдардың жеткілері келеді, дегенмен барлықтарының алдарынан бөгеттер шығады, сол бөгеттерді жеңу жолдары мынадай:

1) Өзінің потенциалына сенбеушілік!

Бұл өте көп тараған бөгет, көп адамдар өзін-өзі бағаламайды ал сіздер білесіздер ме әрбір адам өзінің ішкі және сыртқы сұлулығымен қамтылған ерекше жаратылыс. Сіз егер өзіңізді бағаламайтын және өзіңізге сенбейтін болсаңыз онда сізге ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан ондай адамдар ешқашан жетістікке жетпейді! Барлық нәрсе сенім мен бағалаудан басталады. Кез келген маманды немесе өзіңіз құрметтейтін әрі жетістікке жеткен адамды алыңыз, олар туыла біте маман болған жоқ және ең маңыздысы олардың жеткен жетістігіне сізде жете аласыз! Ол айдан анық нәрсе. Шешім: міндетті түрде өз жетістіктеріңізді жазатын дәптер арнаңыз және қандай кішкентай болса да сонда барлық жетістіктеріңізді жазып жүріңіз. Уақыт өте келе дәптеріңізге қарап өзіңіз разы боласыз, яғни өзіңізге деген сенім мен бағалау арта береді. Барлық жетістікке жеткен адамдар осы әдісті қолданады, біздің сізге ұсынысымыз: дәл қазір арнаңыз және уақыт бөліп осы күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріңіздің барлығын жазыңыз, біткен соң күнделікті қоса бересіз.

2) Нақты мақсат жоқ!

Әлемде 90% адамда мақсат жоқ екен ол не деген сөз, яғни 90% адам кеше не жасағанын және ертең не жасайтынын қайда бара жатқанын білмейді. Өзіңіз ойлаңыз бір теңіз жағасынан шыққан кеме қай жерге баратынын білмесе не болады? Мейлі, әйтеуір бір жерге баруы мүмкін бірақ ол жер ол кемеге ұнамайтыны анық, себебі ол жерге баруды ол өзі қалаған жоқ. Шешім: мақсат қойыңыз. Ол мақсаттың орындалуы үшін міндетті түрде 3 шарт жазылып орындалуы қажет:

1) нақты болуы керек. Мысалы, үй алғыңыз келсе қандай үй, қай жерде, қанша бөлме, мүмкін болса көз алдыңызға нақты елестетіңіз.

2) Орындалатындай болу керек. Үй алғыңыз келсе, бірақ қалтаңызда ешнәрсе болмаса онда алдымын сол үйдің 10% ақша күйінде жинауды мақсат қойыңыз сонда сіз қадамдап көтерілесіз және бетіңіз қайтып қалмайды. Салыстырып айтатын болсақ сіз егер 10 қабатты пәтерге шығу үшін алдымен бірінші қабатқа шығасыз содан екі, үш,төрт......он. Мақсатта да сол стратегия жақсы жұмыс жасайды.

3) нақты уақытын жазыңыз, келесі айда немесе жылда демей нақты 20.02.2012 деген сияқты, себебі нақты уақытын жазғанда барлық нәрсе сол уақытта мақсатымыздың орындалуына көмектеседі ал егер уақыт жазбасаңыз онда кешіріңіз қашан екендігі белгісіз әйтеуір бір болуы мүмкін.

3) Мақсатқа қалай жету қажет екендігі түсініксіз!

Көп адамдардың ойында «Мен мынау нәрсені үйренгім келеді, мына жерге қыдырып барғым келеді немесе мынандай затқа қол жеткізгім келеді ал бірақ қалай дейді?» Шешім: асықпай отырып жоспар құрыңыз, жоспарсыз ешкімде ешқандай мақсатқа жетпеген. Біле білсеңіз жоспар құру және оны іске асыру бір ойын секілді, біз де сізге солай жасауды ұсынамыз, яғни мақсатыңызға жету үшін не жасау қажет екендігін жазыңыз содан оны әр айға бөліңіз, айды аптаға, ал әр аптаны күнге бөліңіз де кірісіңіз, бірақ әр күнге бөлгеніңіз үшеуден аспауы қажет. Сол әр күндегі жоспарыңызды міндетті түрде орындап отырыңыз. Қандай мақсат болса да қалай жеткеніңізді байқамай қаласыз.

4) Бірінші қадамнан қорқыныш!

Барлық нәрсені бастау қиын, көз қорқақ, қол батыр дегенді білесіз бе? Бірінші қадам әрбір уақытта өте қиын, сол бірінші қадамды аттай алмай қаншама адамдар үрейлену үстінде. Шешім: күнделікті үйреншікті нәрседен тыс бір нәрсе жасап жігеріңізді шынықтырыңыз, мысалы тісіңізді сол қолмен жуыңыз, компьютердің тінтуірін сол қолмен жүргізіңіз, үйге бүгін басқа жолмен қайтыңыз т.с.с. неге дегенде күнде жаңа нәрсе жасай отырып сіз бұл күнге дейін байқалмаған ынталарыңыз ашылады, немесе сізге керемет идеялар келеді не болғанда да күнделікті өзгеріп дамып отырасыз, сонда ғана сіз бастап кетуге де қорықпайсыз.

5) Анау кінәлі !

Бізде өкінішке орай көп адамдардан неге жасамадың немесе бастамадың неге жетістікке жетпедің десе анау кінәлі дейді, ол анаулары көршілері, достары, әйелі-күйеуі, тым болмаса теледидарда сөйлеп жатқан басшылар не депутаттар, яғни әйтеуір біреу кінәлі, бірақ ешқашан өзі емес. Шешім: Құрметті оқырмандар бір нәрсені нақтылап ұғынып алыңыздар, міндетті түрде барлық нәрседе барлық уақытта жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз, адам өміріндегі барлық нәрсеге, іс-әрекетке, қабылдаған шешімге тек өзі жауапты, егер бір нәрсе ойыңыздағыдай болмаса оған міндетті түрде себепті өзіңізден іздеңіз.

Тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыздар. Әр тарауға мысал келтіре отырып түсіндіріңіздер. Мәтін туралы өз пікірлеріңізді айтыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]