Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Ұлағатты сөздер

Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі ғана кінәлі.

Л.Н.Толстой

Бақыт жарылқаушының қолынан даяр алынбайды, күрес нәтижесінде, әрекет негізінде келеді.

Д.И.Писарев

Өзі туралы ғана ойлап, бар нәрседен өзінің бас пайдасын іздейтін адам бақытты бола алмайды.

Сенека

Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Жүсіп Баласағұни

Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша нәрсе жоқ.

Л.Бетховен

Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз.

И.П.Павлов

Маскүнемдік адамның басын өзі масқаралап, қорлауы. Араққор мал сияқты өзін-өзі айуанның қатарына апарып қосады.

В.Л.Сухомлинский

Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.

Н.А.Семашко

Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Ы.Алтынсарин

Еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды.

А.Құнанбаев

Бүгіннің ісін ешқашан да ертеңге қалдырма.

Ф.Честерфильд

Тапсырма: Ұлағатты сөздердің мағынасын мысалдар арқылы дәлелдеп түсіндіріңіздер.

APPLE

A pple – дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында ең озық компания. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында.

Компанияның ең танымал өнімдері – компьютердің Macintosh желісі, ІPod, ІPhone және ІPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған. 1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.

Тарихы

Корпорацияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Возняков өзі құрастырып шыққан компьютер алғаш рет көпшілікке Homebrew Computer Club-ында көрсетілген. Бұл Apple I дербес компьютері болатын. Бұған дейін 1974 жылы «Альтаир 8800» компьютерлері шыққан еді, алайда олар жеке компьютер ретінде техникалық жағынан біліктілігі жоқ болған. 1976-1977 жылдары бірнеше фирмалар алғашқы жеке қолданыстағы компьютерлерді шығара бастаған, 1977 жылдары Commodore және Tandy Radio Shack компанияларының компьтерлері мыңдап сатылған, дегенмен де 1970 жылдардың аяғында 1980 жылдардың басында Apple II компьютерлері әлем бойынша миллиондаған данасымен таралады.

1980 жылдары Apple тарихында Apple IIІ жобасына шығарылуына қатысты сәтсіз болады. 1981 жылы Возняк жол апатына ұшырап уақытша жұмысын ысырып қояды. Осы кездегі Apple IIІ-тің сатылымына қатысты шыққан қиыншылықтар үшін Джобсқа 40 қызметкерін жұмыстан босатуға тура келеді. Баспасөздерде компанияның жақын арада жабылуы жайлы сөздер қозғалады. Тығырықтан шығу үшін 1983 жылы Джобс Джона Скаллиді компания президенті қызметіне шақырады. Алайда Джобс пен Скаллидің қарым-қатынастары жақсы болмайды.

1984 жылы Apple фирмасы өзінің алғашқы жаңа 32-разрядты Macintosh компьютерін ұсынады. Ары қарай компания осы компьютердің серияларын шығарумен айналысады. Macintosh компьютерлері фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорлары негізінде шығарылған. 1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Вознякты медалдармен марапаттайды.

2001 жылы 23 қазанда Apple ІPod аудиоплейерін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие болып, портативті музыкалық плейерлердің нарығында көшбасшыға айналады. 2009 жылғы қыркүйек айында жүргізілген санақ бойынша 220 миллионнан астам ІPod сатылған. 2007 жылдың қаңтар айында фирма сенсорлы ІPhone смартфондарын ұсынып, 2010 жылы нарыққа ІPad планшетті компьютерін шығарады. Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.

Атауы. Фирманың атауы ағылшынның apple ('алма) сөзінен шыққан, мекеменің логотипінде де алма қолданылады. «Apple» атауын Стив Джобс берген. Бұған дейін ол алма фабрикасында жұмыс істеп, жеміс диетасында отырған болатын. Джобс бұл сөзді құлаққа жағымды естіледі деп санаған, сонымен қатар фирманың атауы телефон кітабында «Atari» компаниясының алдында келеді. Macintosh — АҚШ-та сатылатын алма түрі – Стив Джобс келгенге дейін Macintosh жобасының жетекшісі Джеф Раскиннің сүйікті алма түрі болатын.

Логотипі. Apple-дің ең бірінші логотипін Р.Уейн шығарған. Бұл Исаак Ньютонның алма ағашының астында отырған бейнесі болған. Кейін Роб Джанофф бір жағы тістелген, кемпірқосақ түстес алманың суретін ұсынып, ол 1976 жылдан 1998 жылға дейін қолданылған. Кейін алманың түсі қараға өзгертіледі. Бұл логотип 1998 жылдан бері қолданылып келеді.

Стив Джобстың, қатты науқас кезінде Стэнфорд университетінде сөйлеген бір сөзі: «Ешкімнің өлгісі келмейді. Ұжмаққа баратынын білгендердің де кеткісі жоқ. Алайда, баршамыздың барар жеріміз біреу-ақ ол өлу ғой. Өлімнен құтылған пенде жоқ. Меніңше, бұл жалғанда ең әділ, ең жақсы ойластырылған нәрсе ол осы өлім. Солай болу керек те. Өлім ескіні тазартып, жаңаға жол ашады. Қазіргі жастар жаңалық сендерде. Дегенмен реті келгенде ол межеге өте тез жетесіңдер сендерді де алмастырады, «тазартып тастайды». Ауыр болса да, бұл осы өмірдің тапжылмас заңы. Сендерге айтарым, өмір өте қысқа, әп сәтте-ақ өте салғанын байқамай да қаласыңдар, сондықтан алтын уақыттарыңды бос біреу-міреуге еліктеумен өткізіп алмаңыздар. Оның сырты әсем болып көрінсе де, негізі, басқа біреуге еліктеу жаңсақ іс. Әр адамның өздік ерекшелігі бар. Өз жүрегіңіз бен түйсігіңізге сеніп батыл қадам басыңыз. Жан-дүниеңіз қалаған өз жолыңызды табыңыз да, одан таймаңыз. Басқасының бәрі бос әуре сарсаң».

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Apple компаниясы немен айналысады?

  2. Аталған компанияның шығарған қандай тауарын қолданасыз?

  3. Мәтіннен бірнеше көнерген сөздер мен жаңа сөздерді теріп жазыңыз.

  4. Стив Джобс пен Apple компаниясы туралы не айтар едіңіз (өз ойыңыз)

  5. Стив Джобс пен Apple компаниясы туралы қосымша материалдар тауып келіңіздер. Программистер мен ДК туралы жаңалықтар жинаңыздар.

  6. Ойын. Сіз психолог мамансыз. Сізге төмендегідей сұрақ қойылды. Қалай жауап берер едіңіз? «Сәлеметсіз бе?! Мен ата–анамын. Менің психолог –дәрігерге қоятын сұрағым: Жасөспірім балалар – компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?» (Бірнеше студент өз ойын айтуға болады).

Мұны да біліп алыңыздар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]