Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

Билл гейтс

Г ейтс, Билл (Вильям Генри III) (1955 жылы туған) — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы және бұрынғы президенті. Онымен бірге «Майкрософт» туған еді. Әлемдегі ең бай адам, Билл Гейтстің жеке байлығын есептеудің мағынасы жоқ. Ең биік шыңында ол 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, қайта жасады. Мемлекет «Майкрософтпен» бірге президенті Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны – оның кенже баласы – қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Бүгінгі таңда ол 40,7 миллиард доллардың иесі және Forbes тізімінде байлығы бойынша 1-ші орынды алады.

Microsoft Corporation (қаз. Microsoft корпорациясы оқылуы: «майкрософт корперейшн») — дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания

Өмірі

Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директорлар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.

Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мектепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.

Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын. Ол өзінің қиқар ұлына өз бөлмесін жината алмаған соң, оны жертөлеге көшірді. Түскі ас кезінде ол Биллді асқа шақырды. Ол жауап бермеді. Соңында шыдамаған ол интерком арқылы сұрады:

– Неге жауап бермейсің? Не істеп жатсың?

– Мен ойланып жатырмын, – деп жауап берді ұлы.

– Демек сен ойланып жатсың ғой? – деп ызаланды анасы.

– Иә, мамашым, мен ойланып жатырмын. Ал сен өміріңде ойланып көрдің бе? – Ұлы жанжалға дайын тұр еді. Гейтс бұл кезде алтыншы сыныпта оқитын еді.

Ұлының бүлігіне алаңдаған ата-анасы психиатр көмегіне жүгінді. Бірнеше сеанстан кейін психиатр былай деді: «Ұлдарыңмен айқастан сіздер жеңілесіздер. Сондықтан мен оған жол табуға кеңес беремін. Тіпті физикалық жазалаудың өзі көмектеспейді. Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз». Гейтстің ата-анасы саналы адамдар болатын еді. Олар кеңеске құлақ түрді. «Онымен бәсекелесу мағынасыз және үмітсіз» ... Жылдар өтті, америкалық бизнестің көптеген алыптары өз тәжірибесінде «онымен бәсекелесудің» не екенін білді. Екі онжылдық аралығында Вильям Генри Гейтс III көптеген бәсекелестерді шаң қаптырды. Бірақ ең бастысы – әлемдегі ең бай адам компьютер дәуірінің символына айналды.

Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компьютерлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9-сыныпты кітаптарға көз салмай-ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.

Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын».

Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді. Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен журнал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Танымал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла алатын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мектеп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды.

«Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс.

1980 жылдың басында компанияның негізін салушы Аллен мен Гейтстің жолдары екіге бөлінеді. Аллен өмірін Microsoft-қа арнағысы келмейді, ал Гейтс болса бар зейінін компанияның дамуына бұрады. 1983 жылы Аллен акциясының әрбір данасын $10-ға сатып, Microsoft компаниясынан біржолата кетіп, дүниежүзіндегі ең бай адамдардың біріне айналады. Ол 2011 жылы «Forbes» журналының тізіміне $13 млрд капиталымен 57 орынды иеленеді.

1994 жылы 1 қаңтарда Гейтс Мелинде Френчке (Melinda French Gates) үйленеді, олардың – Дженнифер Катарин , Рори Джон және Фиби Адель атты балалары бар.

1995 жылы Билл Гейтс "Болашаққа жол" ("The Road Ahead") атты кітап жазды, мұнда ол ақпараттық технологияның дамуына байланысты қоғам қандай бағытта келе жатқанына өз назарын аударады. Бұл кітапты Microsoft вице-президенті Натан Мирволд (Nathan Myhrvold) және тілші Питер Райнарсонмен (Peter Rinearson) бірлесіп жазған. "Болашаққа жол" жеті аптадай уақыт ішінде New York Times газетінің бестселлер тізімінде бірінші орынды иеленді. Кітап АҚШ-та Viking баспасынан таралымға шықты , New York Times газетінің бестселлер тізімінде 18 аптаға дейін жетті. "Болашаққа жол" кітабы 20-дан астам елге таралды. Тек қана Қытайдың өзінде 400 000-нан артық данасы сатылды.

1999 жылы Билл Гейтс «Бизнес со скоростью мысли» (Business @ the Speed of Thought) атты кітап жазды, оқулықтың жалпы мазмұны ақпараттық технологиялардың жаңашыл түрде кәсіби-тапсырмаларды қалай шешетінін көрсетеді. Бұл кітап 25-тілде басылып шықты, әлемнің 60 шақты елінде сатылды. «Бизнес со скоростью мысли» сыншылардың жоғарғы бағасына ие болып, «Нью-Йорк таймс», «Америка сегодня», «Уолл-стрит Джорнал» газеттерінің және веб-сервер Amazon.com бестселлер тізімдеріне енгізілді. Гейтс мырза өзінің екі кітабының сатылымынан түскен қаражатты қайырымдылық қорына аударды.

Билл Гейтс кітап оқығанды, сондай-ақ гольф және бридж ойнағанды ұнатады.

Билл Гейтс туралы: Дженет Лоудың «Говорит Билл Гейтс» кітабында автор Билл Гейтсті құдіретті адам немесе ұлы құтқарушы ретінде көрсетуді мақсат етіп қойған жоқ. Оқырман бәрін өз көзқарасымен қорытынды жасауы тиіс деген.

Кітап құрылымы хронологиялық ретпен құрылмаған, керісінше, жеке тақырыптар бойынша қарастырылған.

Джона Хью редакциясының «Форчун» журналы былай деп жазады – «Оны жақсы көр немесе жек көр, тек елемей қоюға болмайды»

Дез Дирлофтың «Бизнес путь. Билл Гейтс» атты кітабы жарық көріп, аудио-кітап түрінде де шығарылды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Билл Гейтстің балалық шағы қалай өтті?

  2. Билл Гейтстің құрған компаниясы қандай, ол қалай дамыды?

  3. Билл Гейтс бүгінгі күнге дейін неше бағдарламалау корпорациясын ашты?

  4. Билл Гейтс қазіргі кезде қандай шаруамен айналысуда?

  5. Билл Гейтстің осы дәрежеге жетуіне не көмек болды деп ойлайсыз?

  6. Билл Гейтстің өзіне және отбасына байланысты қосымша мағлұмат тауып келіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]