
- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Компания туралы
Mozilla – бағдарламалық қамтама өндіретін дәстүрлі компания емес. Дүниенің әр түкпіріндегі пайдаланушының Интернеттегі тіршілігін жақсартуға бағытталған тегін әрі ашық кодты бағдарламалық қамтама мен технологияларды жасап шығаруды өз алдына мақсат еткен әлемдік қауымдастық. Программистер, маркетологтар, тестерлер мен заңгерлер Вебтың ашық әрі бәріне ортақ ресурс болып қала беруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.
Марапаттарға ие болған ашық кодты бағдарламалық өнімдер бен технологиялар әркімге тегін әрі 70 астам тілде ұсынылады.
Mozilla басшылығы Маунтин-Вью, Калифорнияда, ал аймақтық офистері Окленд, Пекин, Копенгаген, Париж, Токио мен Торонтода орналасқан.
Мүмкіндіктері. Firefox браузеры барлық мүмкіндіктерді стандартты версияда қолданудың орнына, өз пайдаланушыларына өзіне қажетті мүмкіндіктерді кенейтулер арқылы кірістіре алады.
Мысалға ең танымал кеңейтулердің бірін алайық – бұл AdBlock, ол /интернет-сайт|интернет-сайттардағы жарнаманы қамалдап, өз қолданушысына көрсетпей қояды. Тағы Mozilla Firefox браузеріне сыртқы түрін өзгертетін тақырыптарды кірістіруге болады. Соның бәрі оны ең икемді браузерлардың бірі болып көрсетеді.
Mozilla Firefox браузеріне арналған 7 плагин:
1) Adblock Plus — интернет рекламалар мен теріс мағыналы сайттар, линктермен күресуге арналған ең мықты плагин. Орнатылған соң өзіңізге керекті фильтрді таңдау арқылы қай мемлекет сайттарынан реклама алынып тасталынуын қадағалай аласыз.(Қазақстан жоқ) Бұл плагин жұмысы жайында өткен видеосабағымда айтып кеткен болатынмын.
2) DownThemAll — интернеттен ақпарат (сурет, музыка, видео т.б) көшіріп алу процесін жылдамдатуға арналған плагин. Интернет жылдамдығы нашар қолданушылар жүктеудің айырмашылығын сезбеуі мүмкін. Интернет жылдамдығы 512Kb тан жоғары болғаны дұрыс
3) Super Start — браузердің басты бетіне өзіңіз жиі кіретін интернет ресурстарды сақтап қоюға арналған плагин. Одан бөлек панелдің жанына өзіңізге арналған ескертпелер (заметка) жазып қою мүмкіндіктері қосылған.
4) Speed Dial — браузердің басты бетіне өзіңіз жиі кіретін интернет ресурстарды сақтап және оларды тематикаларына қарап айдарларға бөлуге жағдай жасалған плагин. Одан бөлек плагиннің басты бетіндегі және айдарларындағы артқы фонын, сақталған адрестердің суреттерінің көлемін өз қалауыңызша өзгерту мүмкіндігі бар.
5) Firebug — веб программисттер үшін таптырмайтың құрал. Кез-келген сайттардағы CSS немесе HTML файлдарды алдын ала реттеуге, жазылған скрипттер мен сайттардағы қателіктерді (bug) іздеуге арналған плагин. Осындай плагин Opera және Chromium браузерлерінде де қарастырылған. Бірақ, дауыс берулер нәтижесінде Firebug плагині айтарлықтай айырмашылықпен алға шыққан.
6) NoScript — сенімсіз сайттардың қауіпті скриптерінен сақтанудың мықты жолы. «2006 PC World Class Award» конкурсының жеңімпазы.
7) CensureBlock — интернеттегі порнографиялық мәні бар сайттардан және тілдік нормативке жатпайтын сайттарды бұғаттауға арналған мықты плагин. Әсіресе, жас балалардың бақылануын қамтамасыз етеді. Орнатылған соң кез-келген порнографиялық мәні бар сайттарға кірмей, автоматты түрді браузердің бас бетіне өткізіп жібереді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Mozilla Firefox браузері туралы не айта аласыз?
Аталған бағдарламалардан бөлек қандай бағдарлама білесіз?
Үйге берілген тапсырманы қай бағдарламадан жиі қарайсыз?
Сіз үшін кітапханадағы кітаптардан алынған материал дұрыс па, әлде интернет арқылы алған материал ма? (өз ойыңыз)
Өзіңіз бір бағдарлама туралы шағын сұхбат құрастырыңыз (Бағдарлама иесі мен журналист арасындағы сұхбат).
Мұны да біліп алыңыздар:
Даналықтың белгісі...
Мен үшін даналық әлемнің бар байлығынан да қымбат. Демокрит
Ақылды жан қанша жақсылық қылса, оны жұртқа жайып, мақтануға құлықсыз болады. Қайта ондай жандар істеген жақсылықтарының жұртқа белгілі болып қалуынан қорқып жүреді. Лао-Цзы
Кез келген сәтте ақылмен іс істеу үшін жауыңды назарыңнан шығарып алма. Джордж Сэвил Галифакс
Адамзат баласа данышпандарға өте бай. Солардың айтқан насихатын еппен пайдалана білелік. Геродот
Дана сөздерді тек санасына сәулесі бар адам ғана түсініп біле алады. Эсхил
Әдемілік пен даналықтың кілті - шынайылық. Максим Горький
Көп білген адамды данышпан демейді. Пайдалы ілімі көп адамды ғана даналар қатарына жатқызуға болады. Эсхил
Данышпан дегеніміз өз-өзін таныған, бөтенмен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйренген, ойлау жүйесі дамыған адам. Али Апшерони
Ақылды адам кез кезген нәрсенің шегін біледі. Және ешқандай істе шектен шықпайды Али Апшерони
Данышпандық - ғылымдардың ішіндегі ең нақтысы. Аристотель
Ақыл алтыннан да қымбат нәрсе. Бірақ адам бойындағы әділеттілік, ар-ұждан, шыншылдық ақылдан да қымбаттырақ. Али Апшерони
Ақылды адам ойын жария қылмастан бұрын, пікірін бірнеше рет тексеріп шығады. Генрих Гейне
Адам өз ақыл-ойын дамытып, әрекет қылмаса, даналыққа жетуі мүмкін емес. Демокрит
Үйленуге байланысты тұрақты тіркестер
Ұлға Қызға Екеуіне
Үй болу Біреудің етегінен ұстау Көңіл қосу
Құсын қондыру Құтты қонысына қондыру Аяғына тұсау түсу
Қолына қондыру Қызы қияға қону Түтін түтету
Шаңырақ көтеру Ақ босаға аттау
Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып екі сөйлем құраңыздар.