Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Тұрақты тіркестер

МОЛШЫЛЫҚ АЗ

Ат көпір Бір түйір

Аузы мұрнынан шығу Бір уыс

Аяқ алып жүргісіз Бір шөкім

Есеп жоқ Жоқтың қасы

Саусақпен санарлықтай

СЫЙЛЫ, ЕЛЕУЛІ СҰЛУЛЫҚ

Ығай мен сығай Көргеннің көзі тойғандай

Халқының қалаулысы, елінің елеулісі Үріп ауызға салғандай

Сен тұр мен атайын Хордың қызындай

Асылдың сынығы

Бетке ұстары

Мүйізі қарағайдай

Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып төрт сөйлем құраңыздар.

GOOGLE CHROME

G oogle Chrome — бұл Google компаниясының Chromium еркін браузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKit жүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.

StatCounter мен Net Applications мәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13,49% пен 22,14% аралығында.

Тарихы

Алты жыл бойы Google-дің бас директоры Эрик Шмидт үздік браузерді ойлап табу идеясын қолдамады. Ол Google-дің тек қана "кішкене компания" деп, және де "браузерлер соғысына" қатысқысы келмеді. Компания негізін қалаушылары Сергей Брин мен Ларри Пейдж Mozilla Firefox браузерін жасаған бірнеше адамдарды ала отырып, Chrome-ның алғашқы түрін көрсеткеннен соң, Шмидт өз сөзінде "Оның керемет болғаны соншалық, өз ойымды өзгертуге тура келді",-дейді.

Алғашқы Chrome тек Microsoft Windows ғана арналып шығарылып келген, кейінірек 2009 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Linux пен Mac OS X-ке арналған dev және beta-нұсқалары шығарыла бастады.

2011 жылы Google Chrome 11 жаңа логотиппен шықты, бұрынғы Chromium-ге ұқсайтын көлемді логотипті ауыстырды.

2008 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Google компаниясы өзінің жеке өнімі браузерді шығарғаны туралы жариялады.

Алғашқы шығарылым. Тұңғыш бета-нұсқа 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке (XP-ден бастап көне нұсқаларына) арнап шығарылды, оның 43 түрлі тілдегі нұсқалары да қол жетімді болды. Алғашқы нұсқасы шығарыла сала Google-ге көптеген қателер туралы жүздеген түрлі хабарламалар келіп түскен. Chrome нарықтың 1% тез бағындырды. 2008 жылдың қазан айында қолданушылардың бастапқы нұсқадағы қателерді табуына байланысты нарықтағы үлесі 0,73%-ға төмендеп кетті. Содан кейін оның үлесі қайта өсе бастады, бірақ 2008 жылдың желтоқсанында тағы да 1%-ға жете алмай қалды.

Дамуы. Chrome-ді жасаушылар браузерге WebKit жүгіртпесін енгізуді қолға алды. Chrome өзге де браузерлер секілді компания ішінде тексеруден өтті. Google Chrome-нің бірінші нұсқасы Acid1 пен Acid2 тексерісінен толығымен өтті, бірақ Acid3 тексеруінен толықтай өте алмады (тек 79/100-ы ғана). Кейін Chrome 4.0 нұсқасынан бастап қана барлық тексерулерден толықтай өтті.

Ерекшеліктері. Google Chrome қауiпсiздiк, жылдамдық және тұрақтылықтың жоғарылатуына бағытталған. 2009 жылдың 9 маусымында Google Chrome өңдеушілері қолданушылардың бейресми бірлестігіне берген сұхбатында браузердің жұмыс жасау жылдамдығы мен ыңғайлы да үнемді функционалды қызметін, барлық қосымша функцияларды кеңейту арқылы енгізу жоспарын (стратегиясын) белгілегені туралы айтты.

Қауіпсіздік

Chrome екi қара тiзiмдерден жаңартуын мерзiмдi жүктейдi және сол зиян келтiретiн сайтқа кiрер кезде қолданушыны ескертедi.

Керекті файлды жүктемес алдында (мысалы, EXE, DLL немесе BAT-тiң кеңейтуiмен) оны жүктеу бөлігіндегі сақтауды растау үшін "сақтау" батырмасын басу керек. Бұл компьютерге зиян келтiретiн программалық қамтамасыз етудi автоматты жүктеудi сақтап қалуға мүмкiндiк бередi. Браузер бейсауат тәртіпті қолдайды. Бейсауат тәртіпте қаралатын беттер браузер немесе iздестiрудi тарихында пайда болмайды, сонымен бірге cookie файл іспеттілерді компьютерде басқа да іздерін қалдырмайды, олар қолданушы браузерді жапқан кезде автоматты түрде жойылады. Әйтсе де, жүктелген барлық файлдар мен жасалған белгiлер сол қалпында сақталып тұрады.

Браузер ескертпесінде, бейсауат тәртіпке көшкенде ол басқа да қолданушыларға, серверлер мен бағдарламаларға әсер етпейді және де қорғануға мүмкіндік бермейді.

Мұны да біліп алыңыздар

Google Chrome браузері Internet Explorer-ді басып озды

Google Chrome интернет браузері қолданушылар саны бойынша Internet Explorer-ді басып озды. Бұл StatCounter статистика сервисының мәліметтерінен белгілі болды.

2012 жылдың 14-20 мамыр аралығындағы рейтинг бойынша, интернет кеңістігінде қолданушылардың 32,7 пайызы Chrome-ды, 31,94 пайызы Internet Explorer браузерін пайдаланыпты. Естеріңізде бар болса, жарты жыл бұрын Google Chrome қазіргі таңда қолданушылардың 25,47 пайызын өзіне үйіріп отырған Mozilla Firefox-ты басып озған еді.

Кейінгі орындарды Safari (7,08 пайыз) мен Opera (1,74 пайыз) өзара бөлісіп тұр. Бірақ кейбір басқа сервистердің мәліметтеріне сенсек (Net Marketshare, NetApplications), көштің басында әлі күнге дейін Internet Explorer мен Firefox келе жатыр екен.

Google компаниясы өзінің браузерін 2008 жылы жасап шығарған. Бұл құрал басқалармен салыстырғанда өзінің ыңғайлылығымен, жылдамдығымен ерекшеленеді.

Тұрақты тіркестер

ҚҰРМЕТТЕУ АҚЫЛДАСУ

Алдынан қия өтпеу Қабырғасымен кеңесу

Асты-үстіне түсу Мың ойланып, жүз толғану

Бәйек болу

Қадыр тұту

Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып екі сөйлем құраңыздар.

MOZILLA FIREFOX

M ozilla Firefox – бұл интернетке арналған мықты әрі жылдам, сенімді әрі көпфункциялы браузер. Бұл бағдарлама арқылы сіз интернеттен кез келген нәрсені іздеп тауып, өз компьютеріңізге жүктей аласыз.

Қазіргі кезде бұл браузердің мүмкіншілігі басқа браузерге қарағанда артығырақ екенін статистика көрсетіп отыр.

Mozilla Firefox – еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98 %), ал еркін БҚ ішінде бірінші орын алады. Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар. 2 000-нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Firefox мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.

Mozilla Firefox ресми түрде Microsoft Windows, Mac OS X және Linux операциялық жүйелеріне шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]