Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.01.2020
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері

  1. Қайғы ойлаған жігіттің,

Кең дүниесі тармен тең.

Уайымшыл адамның,

Алды тұйық жармен тең (Шал ақын).

  1. Өзі туралы ғана ойлап, бар нәрседен өзінің пайдасын іздейтін адам бақытты бола

алмайды. Өзің үшін өмір сүргің келеді екен, басқалар үшін де өмір сүре біл (Сенека).

  1. Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат (Әбу Насыр әл-Фараби).

  2. Азды місе тұтып, дана мәз, ал ақымаққа барлығы аз (Ф.Ларошфуко).

  3. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек (Абай).

  1. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық (Бауыржан Момышұлы).

  2. Бақыттың мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде,

Ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында (Әбу Насыр әл-Фараби).

  1. Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан — шын асыл, тастай көрме (Абай).

  1. Бақытсызды көріп тұрып, бақытты болуға болмайды (Мольер).

  2. Өмір – мұхит, уақыт – толқын (Абай).

  3. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (Абай).

  4. Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық (Абай).

Тапсырма: Берілген афоризмдер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар. Үйден бірнешеуін жаттап алыңыздар.

GOOGLE

G oogle Inc.– Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.

Google-да PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және тағы басқа документтер форматтарындағы іздеу бар.

Құрылу тарихы

Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жекеменшік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 және 27 қыркүйекте де атап өтеді.

Google компаниясы

Google сондай-ақ Gmail электронды поштасы қызметін және Orkut, Google Buzz және Google+ әлеуметтік желілер қызметін, Google Chrome веб-браузерін ұсынады, сонымен қатар Google Motorola Droid ұялы телефондарына, Samsung Galaxy смартфондар серияларына, сондай-ақ Google Chrome OS, 5 Samsung серияларына және Acer AC700 Android ұялы операциялық жүйесін қондырумен жұмыс жасауда. Қазіргі кезде Google-дың бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверлері және миллиардтан астам іздеу сұраныстары қызмет көрсетуде. Alexa-ның тізімі бойынша, google.com сайты интернеттегі ең көп қолданылатын веб-сайт ретінде анықталды. Сондай-ақ YouTube (Alexa: 3), Blogger (Alexa:. 6), және Orkut сияқты Google - дың көптеген халықаралық жеке сайттары (Үндістанда google.co.in сайты, Ұлы Британияда google.co.uk сайты) ең көп қолданылады. 2011 жылы Google-ге кірушілер саны 1 миллиардқа жетеді. Google атауын Гугол (Googol) – Сергей Брин берген. Google «гугол» сөзінің жазылуында өрескел қате кеткен. Жүз нөл біреуінде дегенді көрсетеді, яғни іздеу жүйесі халықты мол ақпаратпен қамтамасыз етеді дегенді білдіреді. Алғашында Google Стэндфорд университеті сайтында google.stanford.edu доменімен жұмыс істейді. 2001 жылдан бері Google көптеген компанияларға ие болады. 2004 жылы Google компаниясы Keyhole, Inc компаниясын иемденіп Жердің 3D көрінісін беретін Earth Viewer деп аталатын өнімін шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]